«1 АЙДА ҚҰРАНҒА ТҮС» ЖОБАСЫ ЖАНДАНУДА
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Рамазан айының жоспарына сәйкес Орталық мешітте Құран үйрету топтары ашылған болатын.
Құран үйрету курстарына ықылас танытып, дәріске қызыққан балалар мен ересек шәкірттер тұрақты қатысуы арқылы курсты толық меңгерді. Нәтижесінде Құранға түсіп, бүгінде рамазан айының соңына дейін Хатым жасау тобы жасақталды. Мешіттегі дәрістер жалғасып, зейінді жамағат Құран айын қалт жібермеуге тырысуда. Ұстаз Ерлан Киізбаев әр түрлі жастағы шәкірттерге дәрістер өткізіп, Құран ілімінен насихат жұмыстарын жүргізуде.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі