АЛМАТЫ: АЛАТАУ АУДАНДЫҚ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЭҚБ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
Алатау ауданының әкімшілігі тарапынан аудан мешіттерінде Санитарлық эпидемиялогиялық қадағалау басқармасы (СЭС) мамандары семинар өткізіді.
Семинарды жүргізуші тағам объектілері бойынша бас маман Асел Қондыбаева көпшілік тамақтану орындарына арналған нұсқаулық пен бірқатар санитарлық нормалармен таныстырды. Аудан мешіттерінде рамазан қарсаңында жамағатқа ауызашар берілуіне орай асхана және ауызашарға жауапты қызметкерлерге арналған семинарда санитарлық талаптарды сақтау мен тазалықты қадағалау тапсырылды. Семинардың мақсаты түрлі жұқпалы аурулар, тамақтан улану секілді жайттардың алдын алу бойынша нақты жұмыстар атқаруды жүйелеу болып табылады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі