АЛМАТЫ ИМАМДАРЫ РАМАЗАН ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шаһардағы 54 мешіттің бас имамдарына мүфтият және өкілдік бекіткен рамазан айында атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырды.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жыл басында 2023 жылды діни қызмет аясында «Ислам және ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Осы орайда ізгі қоғам құру бастамасына қасиетті рамазан айында халықтың сұрағына тыңғылықты жауап беріп, діни ағарту жұмыстарын жандандыру маңызды. Мұқтаж жандарға мейлінше көмек беріп, жұмыс жоспарына сай іс-шараларды атқаруда белсенділік танытуға шақырамын» деді қаланың бас имамы Төлеби Оспан. Сонымен қатар тарауих намазын өткізу мен хатым құран түсіретін мешіттер бекітіліп, «Рамазан – ізгілік айы» аясында шаралар (кездесу, семинар, дөңгелек үстел, сұхбат, уағыз-насихат, қайырымдылық т.б.) шаралар өткізуде аудан мешіттерінде жауапты дін қызметкерлерін бекітуді тапсырды. «Қош келдің, Рамазан» тақырыбындағы іс-шаралар мен «Рамазан – Құран айы» атты жамағатқа 1 айлық Құран курсын өткізу тағы сол сияқты маңызды шаралар жоспарға енгенін жеткізді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі