АЛМАТЫ: НАИБ МҮФТИ «БӘЙКЕН» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ
Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты «Бәйкен» мешітінде ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы жұма уағызын жүргізді.
«Намаз оқудың сауабы мен дәрежесі» тақырыбындағы жұма уағызында Исламның бес парызының бірі әрі құлшылықтың ең абзалы – намаздың адам баласы үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Мағынасы мен мәні терең құлшылық - намаздың арсыздықтан тыйып, күнәлардың кешірілуіне себепші болуына, Жаратушымызға деген шүкірлік пен ақыреттің азығы болатыны жайлы мәні терең де әсерлі уағыз айтты. Барша мүмин мұсылманды рухани миғражы болған намаз құлшылығына бекем болып, ерекше ықыласымен орындауға шақырды. Жамағатпен бірге жұма намазын оқып, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі