АЛМАТЫ: НАИБ МҮФТИ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы "Қайрат" мешітінде жұма намазын өткізді.
Наиб мүфти Түркісб ауданына қарасты "Қайрат" мешітіне жиналған жамағатқа "Жалқаулық ырысты кемітеді" тақырыбында уағыз айтты. Адам бойынан жағымсыз қылықтарды алыстатып, отбасы татулығы мен ризығы жолында еңбектенуге шақырды. Әсерлі уағыз бен келелі кеңес айтқан наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлына жамағат алғыс білдірді. Көпшілік жамағатпен жұма намазы оқылып, ел бірлігі мен ынтымағы үшін бата жасалды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі