Алматы Орталық мешіті «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасын өткізді (ФОТО)
Бүгін, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы Орталық мешіті «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасын өткізді. Шара аясында әлеуметтік аз қамтылған 50 отбасыға азық-түлік себеттері, мектеп сөмкелері және киім-кешек үлестірілді.
Шараға Алматы қаласының Бас имамы Еркінбек Шоқай, ҚМДБ «Зекет» қорының өкілі, «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры және мешіт қызметкерлері қатысты.
Игі шара барысында сөз алған қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай, ең алдымен, қайырымдылық науқанның маңыздылығына тоқталды. Карантиндік кезеңде мұқтаж отбасыларға қол ұшын беріп, жақсылыққа жаршы болған барша жомарт жандарға алғыс білдірді.
Содан қаланың бас имамы әлеуметтік көмекті (азық-түлік себеті, мектеп сөмкесі, киім-кешек) мұқтаж отбасылардың үйлеріне барып өз қолымен табыстады.
Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп беріледі.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі