Алматы: Қайырымды жандар 34 отбасыға көмір түсіріп берді (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Алматы қаласы өкілдігінің «Зекет және қайырымдылық» қоры «Жылулық сыйла!» қайырымдылық аяциясы аясында 34 отбасыға 37 тоннаға жуық көмір түсіріп берді.
Бұл игі шараға Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Мадияр Пірімқұлов, Зекет қорының мүшесі Абдрахманов Төлеген, Бақыткелді мешітінің имамы Қаңлыбаев Бауыржан, қала мешіттерінің имамдары және еріктілер тобы қатысты.
Көмір салынған қаптар мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді.
Жан жылуын сезінген отбасылар шара ұйымдастырушыларына ризалық сезімдерін білдіріп, алғыстарын айтты.