АЛМАТЫ: ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ХХХІ МӘЖІЛІСІ ӨТУДЕ (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалық етуімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің XXXI мәжілісі басталды.
Кеңес жұмысын ашқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйене отырып, қоғамдағы мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.
Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесі пандемия кезінде де жұмысын тоқтатпады. Осы жылы кеңес жұмысында 12 пәтуа, 2 құжат және 2 ғылыми жоба бекітілді», - деді.
Айта кетсек, мәжілісте «Форекс нарығына қатысты үкім», «Жерленген марқұмның топырағын алып, басқа жерге көшіріп қабір жасау үкімі (рәмізді қабір жасау үкімі)», «Жасанды жаңбыр жаудыру үкімі», «Гив (гивэвей) ойнату үкімі», «Онлайн неке қию үкімі», «Текті (фамилияны) ауыстыру үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалар қабылданбақ.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі