Алматы: «Төле би» мешітінің 36 шәкірті 1 айда Құранға түсті (ФОТО)
Алматы қаласы Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде 36 шәкірт «Мұғалім сәни», «Тәжуид ережелерін» жетік меңгіріп, 1 айда Құранға түсті.
Аз уақыттың ішінде Алланың сөзін түпнұсқадан емін-еркін жүргізіп оқуға мүмкіндік алған шәкірттер туралы ұстаз Бауыржан Көптілеуов:
«Мешітіміздің діни сауат ашу курсынан өткен 36 шәкіртке аптасына 3 күн дәріс өттім. Аллаға шүкір, нәтижесінде барлығы Құранға түсті. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің» дегендей. қазақ жастарының ілімге деген ықыластары күн санап артып келеді», – деп қуанышын жеткізді.