АЛМАТЫ: "ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ" АТТЫ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСУ ӨТТІ
Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің ұйымдастыруымен Ережеп айының құрметіне «Ырыс алды – ынтымақ» атты жамағатпен жүздесу кеші өтті.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қалалық мешіттер жамағатпен жарқын байланыс мақсатында түрлі Іс-шаралар өткізу қолға алынған болатын. Кезекті игі бастама Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаевтың ұйымдастыруымен «Ырыс алды – ынтымақ» атты жамағатпен жүздесу кеші өтті. Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Ержан Базарбекұлы «Мұсылманның көркем мінез-құлқы» жайлы уағыз айтса, «Орбита-3» мешітінің бас имамы Жанболат Райымбекұлы «Тақуалық, дұғаның қабыл болуы» тақырыбындағы әсерлі әңгіме жиналған жамағат көңілінен шықты. Дастархан басында жамағатқа https://kahoot.it бағдарламасы арқылы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір-тарихынан, ғибадатқа қатысты мәселелерден және ұлтымыздың салт-дәстүріне байланысты сұрақ-жауаптар ұйымдастырылды. Кеш соңында «Байкен» мешітінің бас имамы Данияр қари ұйымдастырушылар мен мешіт жамағатына алғысын білдіріп, рахметін айтты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтары үлестірілді.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі