АЛМАТЫДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)
Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің VI мәжілісі өтті.
Басқосуда Бас мүфти: «Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте менің үмбетім адасушылықта бірікпейді...» деген. Алла Тағала бұл жиынымызды еліміздегі мұсылман үмбеті үшін пайдалы, нәтижелі, берекелі еткей. Сіздердің тараптарыңыздан айтылар ой мен пікір, ұсыныстар мүфтият жұмысына серпін береді деп сенемін» деді.
Айта кетсек, мәжілісте «Дәстүрлі мұсылмандық (дәстүрлі ислам) концепциясы» құжатының мазмұны, сонымен қатар дәстүрлі мұсылмандық мектепті жаңғырту бағытында ҚМДБ 2024 жылы атқаратын маңызды іс-шаралардың жобасы талқыланды.