Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, ҚазҰУ-дың «Әл-Фараби» кітапханасында, «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісім моделі» атты тақырыпта Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік конференция болып өтті.
Бұл басқосуға қазақстандық белді дінтанушы ғалымдар мен студенттер, Алматы қалалық өзге дін өкілдері және Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қатысты. Олар тақырыпқа сай өз ойларын білдіріп, баяндама оқыды. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық, дінаралық дүрдараздықтың алдын алу мен өзара келісімге келудің жолдары көрсетілді.
Конференция барысында сөз алған Алматы Орталық мешітінің Бас имамы «Исламдағы дінаралық келісімнің орны» атты тақырыпта баяндама жасады. Ол өз сөзінде: «Адамзат қоғамы өзара диалог жүргізуге аса бейілді. Тіпті жиырмасыншы ғасырда, диалог жеке көтеріліп, ең өзекті мәселе болып қарала бастады. Сонымен қатар бұл үрдіс барысында дінаралық диалог жолға қойылып, әлем халықтарының арасында келісім орнату мақсатымен түрлі шаралар өткізілуде. Соның айғағы ретінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында үш жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін айтуға болады. Бұл бастама әлем жұртшылығының тарапынан кең тұрғыда қолдау тауып отыр. Діні мен мәдениеті әртүрлі ондаған елдердің діни өкілдері қатысып келеді. Олардың арасындағы өзара сұхбат татулық пен түсіністіктің дәнекері екені бүкіл әлемге жария етілді» – деп бүгінгі конференцияның маңызды тұсына назар аудартты. Әрі мұндай басқосулардың елдің ынтымағы мен бірлігін сақтауға жасалған сәтті қадамдардың бірі екенін тілге тиек етті.
Баяндаманың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыздар!
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
БАС ИМАМ «РАЙЫМБЕК» МЕШІТІ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Жұма күні Алматы Орталық мешітінің Бас имамы, Еркінбек қари Керімбекұлы Медеу ауданы, Думан ықшам ауданына қарасты «Райымбек» мешіті жамағатымен жүздесті.
ФОТО: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚҰРБАН АЙТТА 45 ТОННА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ
Құрбан айт мерекесі – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар жасау науқаны. Бұл күндері көптеген игі шаралар атқарылып, адамдар бір-бірін зияраттап, айтпен құттықтайды. Өзара ренжіскендер татуласып, көңілдегі кірбіңдер кетеді. Сөйтіп елдің ынтымағы артып, құт-береке орнайды....
ФОТО: АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ ҚҰРБАН АЙТ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
Бүгін, мұқым мұсылман үмбетінің қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, Алматы Орталық мешітінде Айт намазы оқылып, арты мерекелік көңіл күйге ұласты.
АЛМАТЫДАҒЫ ӨЗГЕ ДІН ӨКІЛДЕРІ МҰСЫЛМАНДАРДЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Алматылық өзге дін өкілдерінің басшылары Алматы Орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, толеранттылқ пен татулықтың жарқын үлгісін танытты....
ФОТО: В РАМКАХ АКЦИИ АКЦИЯ «ДОРОГА В ШКОЛУ» ОКАЗАНА ПОМОЩЬ 1300 ДЕТЯМ
Данное мероприятие было проспонсировано депутатом маслихата г.Алматы, известным предпринимателем Кайратом Кудайбергеновым, корпоративным фондом «Уақып» и благотворительным сообществом «Ихлас». Данную акцию поддержали также имамы мечетей г. Алматы и внесли вклад в размере 10% от своей заработной плат...
Алматы қаласы бойынша мешіттерде өтетін Құрбан күнінің мерекелік бағдарламасы
Алматы қаласы бойынша мешіттерде өтетін Құрбан күнінің мерекелік бағдарламасы