Бас имам: Жаратқан Жамбыл жұртына жар болғай!
Жамбыл облысы, Байзақ ауданында болған қайғылы жағдайға байланысты Алматы қаласы имамдары және жамағаты атынан көңіл айтамыз. Апаттан қаза болған азаматтардың жанұясына, жақындарына көркем сабыр мен амандық тілейміз. Алла Тағала зардап шеккен жандардың тез сауығып кетуін нәсіп еткей. Бұл тұтас қазақ еліне ортақ қайғы.
Ертең ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде Құран хатым түсіріліп, марқұмдардың рухына дұға жасалмақ. Жаратқан Ием елімізді түрлі апаттардан сақтасын!
Ибраһим пайғамбар (ғ.с.): «Уа, Раббым! Бұл жерді қауіпсіз, бейбіт шаһар қылғайсың!», - деп Мекке шаһарына жасаған батасындай құт мекен қазақ елі мызғымас тыныштық пен берекенің тұрағы болғай!
Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық берсін. Әумин.
Алматы қаласының Бас имамы Төлеби қажы Оспан