Бас мүфти Каирдегі Сұлтан Бейбарыс мешітінде баба рухына құран бағыштады (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каирде орналасқан ең көне, тарихи Сұлтан Бейбарыс мешітінде болып, Ислам өркениетіне ерекше үлес қосқан баба рухына қасиетті Құран аятын бағыштап, дұға жасады.
Бас мүфти тарихи мешітті аралап, құрылыс жобасымен танысты.
Айта кетсек, бүгінде Қазақстан және Мысыр арсындағы екіжақты келісім аясында Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Құрылыс жұмысы жыл соңында аяқталмақ. Мешіт аумағы – 11 мың шаршы метр. Онда бір мезетте 7 мың адам құлшылығын өтей алады.