Бас мүфти «КӨШПЕЛІ КЕРУЕН» қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Қызылорда облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Жалағаш ауданында «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасы өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, аудан әкімі Асылбек Шәменов, қоғам қайраткері Ержан Уайіс қатысып, мейірімділікке насихаттаушы игі шараға атсалысқан ерікті азаматтар мен демеушілік танытқан аудандық кәсіпкерлер алқасына алғыс білдірді.
Бұдан кейін Бас мүфтидің ақ батасын алған көшпелі керуен көліктері бір айлық азық-түлік қоржындарын тиеп, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы және оған қарасты 13 ауылда тұратын 100 отбасыға «Рамазан сүйіншісін» жеткізуге жол тартты.