Бірқатар елдерде жұма намазы оқылмайды
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Жаңалықтар

Бірқатар елдерде жұма намазы оқылмайды

Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және басқа да намаздарды оқу уақытша тоқтатылды. Жағдайға байланысты Араб елдері, Орта Азия мемлекеттері, басқа да мұсылман мемлекеттері арнайы пәтуа шығарды.

 

Қазақстан

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі елімізде жарияланған төтенше жағдайды және індеттің таралу қаупі жоғары екенін ескере келе жұма намазын уақытша оқымау туралы пәтуа шығарды. Пәтуаға сәйкес жұма намаздың орнына әркім өз үйінде бесін намазын өтеуі керектігі, мешіттер жабылмайтыны, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайтыны хабарланды. Осы жағдайға байланысты ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы үндеу жариялады.

 

Сауд Арабиясы

 

Сауд Арабиясы коронавирус індетінің өршуіне байланысты елдегі көптеген мешіттерде жұма және басқа да намаздарды оқуды уақытша тоқтатты. Бұл жайлы корольдікітің «әл-Арабия» арнасы тұрғындарға кеше хабарлады. Арнаға сұхбат берген Дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Мұхаммед әл-Исса пандемия асқан сақтықты қажет ететінін, сондықтан жамағаттың жиналуына жол беруге болмайтынын қаперге салды.

 

 

Кувейт

 

Кувейт мешіттерінде де жұма намазы оқылмайды. Бұл жайлы елдің «Khaleej Times» агенттігі хабарлады. Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты Кувейт те басқа араб елдері секілді осындай шешімге келді. Бұл елде мешіттерде жамағатпен намаз оқуға және жұма намазын өтеуге уақытша тыйым салынып отыр. Елдегі жағдайға байланысты Кувейттің Уақып және дін істері министрлігі халыққа арнайы үндеу хариялады. Үндеуде «әркім намазын үйінде оқысын» делінген.

 

Түркия

 

Түркия билігі де коронавирус індетінен сақтану мақсатында мешіттерде намаз оқуға тыйым салды. Бұл туралы Cumhuriyet газеті хабарлады. Түркия Дін істері басқармасы төрағасы, профессор Али Ербаш журналистерге берген сұхбатында: «Дінімізде адам өмірі аса маңызды. Бұған Пайғамбарымыз қатты мән берген. Жаппай адам жиналған жерде коронавирус індеті үдей түсетінін байқап отырмыз. Бұл адамдар үшін өте қауіпті. Сол себепті мешіттерде жамағатпен парыз намаз оқуға, сондай-ақ жұма намазын оқуға уақытша рұқсат берілмейді» деп түсіндірді.

Тәжікстан

Коронавирус індетінен сақтау мақсатында Тәжікстан мешіттерде де жұма намазы оқылмайды. Тәжікстан Ислам орталығының Ғұламалар кеңесі мешіттерде бес уақыт және жұма намаздарын оқуға уақытша тоқтау салды. Ислам орталығының Ғұламалар кеңесінің мүшесі Джамолиддин Хомуши елдегі «Радио Озоди» агенттігіне берген сұхбатында: «Мешіттерде аз ғана адаммен жаназа намазын оқуға ғана рұқсат берілген. Мұсылман басқа мұсылманға зиян тигізбеуі қажет. Сондықтан жамағаттан топтасып, жиылмауын сұраймыз. Дене қызуы көтерілген жағдайда дереу дәрігерге көрінуін кеңес етеміз» деді Джамолиддин Хомуши.

 

Өзбекстан

 

Кеше EADaily ақпарат агенттігі Өзбекстанда да жұма намаздың уақытша оқылмайтынын хабарлады. Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Усмонхон Алимовтің хабарлауынша, Өзбекстан мүфтияты коронавирустен сақтану мақсатында осындай шешімге келген.

Бас мүфти мешіттерде жұма намазы оқылмайтынын, оның орнына үйде бесін намазын оқу қажеттігін ескертті. «Аталған аурудың бетін қайтару үшін мұсылмандар барынша жәрдем беруі керек. Алла Тағаладан осы бақытсыздықтан сақтауын, ауырған адамдарға шипа беруін дұға қылуымыз қажет. Алла қаласа, жағдай оңалғаннан кейін жұма намазын қайтадан мешіттерімізде оқимыз» деді Усмонхон Алимов.

 

 

Қырғызстан

 

Бүгін Қырғызстан да коронавирустың алдын алу мақсатында мешіттерде жұма намазын оқуға тыйым салды. Бұл жайлы «Радио Азаттык» агенттігі хабарлады. Жағдайға байланысты Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов арнайы үндеу жолдады. Бас мүфти үндеуінде коронавирус індетінен сақтану мақсатында мұсылман елдері жариялаған пәтуаларды негізге алғанын атап өтті. Қырғызтан мүфтиі де жамағатқа намазын үйлерінде оқуға кеңес берді. Сондай-ақ жұртшылықты көбірек дұға қылуға шақырды.

 

Тізе берсек мешітте уақытша намаз оқымауға шақырып жатқан елдер тізімі ұлғая беретін түрі бар. Иран, Мысыр, Йордания, Палестина, Марокко, Малайзия, Ресей... бұл елдердің бәрінде жұма намазы әзірше оқылмайды. Әлемде коронавирус індетінің өршуі мешіттерге, жалпы мұсылман қауымына үлкен соққы болып тиді. Қасиетті мешіттерде жамағаттың жиналмай, бос қалғаны қандай ауыр көрініс! Алайда мұның бәрі бір сәттік қиындық қана. Алла Тағала Құранда айтқандай, «Әр қиындықпен бірге сөзсіз жеңілдік келеді» («Шарх» сүресі, 5-аят). Сол күнге аман-есен жетуді Жаппар Иеміз нәсіп етсін!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Араб елінде короновирусқа байланысты азан мәтініне ішінара өзгеріс енгізілді (видео)
Кувейтте намазға шақыратын азан мәтініне ішанара өзгеріс енгізілді. Жер-көкті жайлап, жолындағысын жайпап бара жатқан індетке байланысты. Сақтық үшін. Азан мәтініне өзгеріс хадиске сай енгізілгенін айта кету керек....
Бас мүфти Өзбекстан сапарының қорытындысы бойынша сұхбат берді (ВИДЕО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстан Республикасына жасаған ресми сапары бойынша «24 Хабар» телеарнасы, «Хикмет» телерадиостудиясы мен өзбекстандық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат берді....
Самарқан сапары: Бас мүфти имам Бұхариға Құран бағыштады (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында имам Бұхаридің мазарын зиярат етіп, Құран аятын бағыштады....
Қазақстандық делегация имам Матуриди мазарын зиярат етті (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласына жасаған ресми сапары аясында Әбу Мансұр әл-Матуриди мазарын зиярат етіп, имамға Құран аятын бағыштады....
Бас мүфти Самарқанда халықаралық конференцияға қатысты (ФОТО)
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған қазақстандық делегация Өзбекстанның Самарқан қаласында басталған «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференцияға қатысты....
Сауд Арабиясы қажылықты уақытша тоқтатты
Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа байланысты Меккеге қажылық жасау және Мединадағы Пайғамбар мешітіне бару үшін елге кіруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы мәлімдеме королдіктің Сыртқы істер министрлігінің Twitter парақшасында жарияланды. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 01:20

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi