Дін қызметкерлері мемлекеттік марапатқа ие болды (ФОТО)
Елордада өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн-форумында Діни басқарманың алты қызметкері мемлекеттік марапатқа ие болды. Марапатты иелеріне Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев табыстады.
Алматыдағы «әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Аманқұлов, Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміре, Алматыдағы «Қалқаман» мешітінің бас имамы Кенжеәлі Мырзабаев Қазақстан Президентінің Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ Түркістан облысындағы «Сарыағаш» медресе-колледжі директорының кеңесшісі Әбдіжаппар Сманов, Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Құлмұхаммед Маханбет және «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәліп Дәуренбеков Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.