Медресе-колледждерде қабылдау емтиханы басталды
ҚМДБ-ға қарасты «Сарыағаш» және «Үшқоңыр» медресе-колледждерінде 2020-2021 жаңа оқу жылынақабылдау емтиханы басталды.
Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты негізгі, жалпы орта және техникалық-кәсіптік білім негізінде «Исламтану» мамандығының «Имам-хатиб» және «Ислам негізінің мұғалімі» біліктіліктеріне құжат тапсырған талапкерлермен онлайн сұхбаттасу өтті.
Сұхбат барысында Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежановтың төрағалығымен құрамына ҚМДБ Діни білім жəне кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, сонымен қатар медресе-колледждердің арнайы пəн оқытушылары енген комиссия талапкерлердің жалпы білім деңгейін, діни көзқарасын, таңдаған мамандыққа қызығушылығы мен икемділігін анықтады.
Биыл карантин шектеулеріне қарамастан, республиканың әр өңірінен медресе-колледждерге құжат тапсырушылар саны көп болды. «Имам-хатиб» және «Ислам негізінің мұғалімі» біліктілігіне бір орынға 4-5 талапкер бақ сынады. Бұл діни оқу орындарының арнайы мамандар дайындаудағы деңгейі мен талапкерлердің діни білімге деген ұмтылысының өскенін байқатып отыр.
Негізгі және жалпы орта білім бойынша «Исламтану» мамандығына сұхбаттар Білім және ғылым министрлігінің ережелеріне сай ашық жағдайда өтті.