«МҮМІННІҢ МАХАББАТЫ» РУХАНИ КЕШ ӨТТІ
![](/media/images/65409f4e6ed78.jpg)
Жетісу ауданы «Әл-Мәдина» мешітінің әйел жамағаты «Мүміннің махаббаты» атты рухани кеш өткізді.
Рухани кеш ұйымдастырушысы мешіт ұстазы Айнұр Шәймерденқызы әйел жамағаты арасындағы салауат эстафетасының қорытындысын жасады. Сонымен қатар эссе сайысының жеңімпаздары анықталып, сый-сыяпаттармен марапатталды. Аллаға және оның Пайғамбарына (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген махаббат жөнінде насихат айтылды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі