«Қайырымды қала» жобасы аясында балаларға сыйлық берілді (ФОТО)
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің 30 жылдық мерейтойына орай көптеген игі шараларды жүзеге асыруды қолға алуда. Солардың бірі ретінде Алматы қаласы Наурызбай ауданының имамдары «Ақжар» ықшам ауданында орналасқан «Аманат» жартылай мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып 30 балаға 30 сыйлық үлестірді.
Сонымен қатар, осы жылы халқымыздың екі бірдей ұлы тұлғасын дәріптеу шаралары да көптеп өтуде. Соның бірі Хәкім Абайдың 175 жылдығы болса, екіншісі әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фарабидің 1150 жылдығы.
Осы тұрғыда елді игілікке шақырған Әл-Фараби бабамыздың «Қайрымды қала тұрғындары» шығармасында айтқан өсиеттерін іске асыру арқылы жеткіншектерімізге қайырымылық жасалды.
Шарада Наурызбай ауданының Бас имамы Асет қажы Қадырақынұлы Пайғамбарымыздың (с.а.с) мейірімділігі жайында айтып, бүлдіршіндердің жүректеріне жылу ұялатты.