ҚМДБ Төрағасы 8d форматта жасалған мұражай жұмысымен танысты (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына жасаған сапарында «Керуен сарай» туристік кешенінің 8D форматта жасалған театр-мұражайында болып, қазіргі технология көмегімен салынған қазақ тарихына саяхат жасайтын мұражай жұмысымен танысты.
Айта кетсек, «Керуен сарай» туристік кешені – Түркістанда салынған ірі нысанның бірі. Аумағы 188 гектар жерді алып жатқан ерекше қалашықтың ішінде жаңа технологияның көмегімен 8 D форматта жасалған халқымыздың тарихына әсерлі саяхат жасайтын театр-мұражай бар. Мұражай қызметкерлері Бас мүфти бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы делегациясына халқымыздың тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Darhan Dala» жобасын қолдау мақсатында барған бір топ дін қызметкері тарихи мұражайды аралап, құнды мәліметтер алды.