Құрбан шалуға қатысты ҚМДБ түсіндірмесі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 05:34

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:18 05:34 11:49 16:06 17:56 19:12
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024

Жаңалықтар

Құрбан шалуға қатысты ҚМДБ түсіндірмесі

Биыл барша мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт, Алла қаласа, шілде айының 20-22-сі күндеріне тура келуі ықтимал.  Осы жағдайға сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсіміне қатысты төмендегі түсіндірмені ұсынады.

Біріншіден, 2021 жылы құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен жүзеге асырылады:

1) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып құрбан шалу рәсімін офлайн режимде, яғни дәстүрлі жолмен ұйымдастыру.

2) бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжіребесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асыру.

Бұл жобаның мақсаты – қайырымдылыққа дәнекер болу, халықтың денсаулығы мен өміріне төнген қауіпті сейілтуге үлес қосу, құрбан шалуға ниет білдірген жандарға карантин жағдайында оңтайлы жол ұсыну.

Екіншіден, карантин жағдайында қалада тұрып жатқан азаматтар үшін қашықтықтан өз атынан құрбан шалуға тапсырыс беру – оңтайлы шешім.

Шариғат бойынша адам өзінің атынан басқа кісіні белгілі бір іске уәкіл ете алады. Өйткені, адам баласы кейбір жағдайда бір істі орындауға мүмкіндігі болмай қалады. Осы кезде біреудің көмегіне жүгінеді, яғни сол істі оған тапсырады, оны өзінің атынан уәкіл етеді. Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Хаким ибн Хизам (Алла оған разы болсын) арқылы құрбандық сатып алуға тапсырыс береді. Біз осы оқиғадан шариғат бойынша уәкілге тапсырыс беру арқылы құрбан шалдыруға болатынын анық аңғарамыз. 

Үшіншіден, ауылдық жерде жеке тұрғын үйде тұратын әр адамның мұсылмандық міндетін атқаруына ҚМДБ тарапынан ешқандай шектеу жоқ екенін жеткіземіз.    

Төртіншіден, ханафи мәзһабында құрбан айт күндері бай адамға құрбан шалу – уәжіп (міндет).

Шариғатымыз бойынша «бай» деп мал-дүниесі нисап мөлшеріне жеткен адамға айтылады. Нисап мөлшері – 40 қой (ешкі), 30 ірі қара, 5 түйе немесе қажеттілігінен артық 85 гр алтын (1 230 000 теңге) қаражат. Мал-дүниесі нисап мөлшеріне жетпеген, яғни жағдайы төмен мұсылманға құрбан шалу міндет емес.

Бесінші, Республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін www.qurban2021.kz сайты арқылы биыл 20 шілде күні айт намазынан кейін өтініш білдіре алады. Мұқтаж отбасылардың өтініштерін қабылдау, сараптау және құрбандық еттерін жеткізіп беру жұмыстарымен ҚМДБ-ның жергілікті өкілдіктері айналысады.

Алтыншы, ҚМДБ қаржыға араласпайды. Құрбандыққа шалынатын түлік бағасы жергілікті нарық бағасымен көрсетіледі. Осы орайда еліміздің әр аймағындағы малдың бағасы әртүрлі екенін ескеру қажет.  Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында малдың бағасы бірдей болмауы мүмкін.

Тапсырыс берушіден түскен қаражат мал иесіне, яғни сатушыға тікелей беріледі. Өйткені бұл делдалдық қызмет емес. Көрсетілген сомаға қасапшының қызметі ғана кіреді. Ал құрбандық етін бөлшектеп, мұқтаж жандарға тарату сынды барлық ұйымдастыру жұмыстары ҚМДБ мешіт жамағаты мен еріктілердің көмегі арқылы тегін жүзеге асады. Бұл – құрбан шалуға тапсырыс беруші азаматтар үшін үлкен жеңілдік.

Жетінші, сайт арқылы тапсырыс қабылдап, құрбандық етін көмекке зәру жандарға тарату тәжірибесі Сауд Арабиясы, Түркия, Малайзия, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері сынды бірқатар мұсылман мемлекеттерінде бұрыннан қалыптасқан жүйе. Бұл жыл сайын игі дәстүрге айналған. Жобаның басты ерекшелігі – құрбандық етін түгелдей мұқтаж азаматтарға тарату.

Сегізінші, аталған жоба санитарлық талаптарды сақтай отырып, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауды көздейді. Сонымен қатар жоба мақсаты – көмекке аса зәру азаматтарды қолдап, оларға ұлық мейрамда қуаныш сыйлау, аз да болса, қайғы-мұңын сейілту. Құрбандық шалудың негізгі мәні осы.

Құрбандық етін мұқтаж жандарға үлестіру арқылы мұсылмандар арасында махаббат пен сүйіспеншілік артады. Сонымен қатар өзінің бойындағы қатыгездік, сараңдық сынды сипаттардан арылып, оны мейірімділік, жомарттық, кішіпейілдік қасиеттерге ауыстырады.

Алла Тағала шалған құрбандығымызды, берген садақамызды қабыл етіп, екі дүние игілігін нәсіп еткей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Бас мүфти халықаралық фотокөрменің ашылуына қатысты (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Ұлттық музей мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытудың Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырған «ИСЛАМ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» фотокөрмесіне құрметті қонақ ретінде шақырылды....
Елордамыздың еңсесі биік болғай!
Қадірлі қауым! Құрметті елорда тұрғындары! Баршаңызды елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға бақ пен береке, ізгілік пен игілік тілеймін!
ҚМДБ Төрағасы Түркия елшісінің кеңесшісін қабылдады (ФОТО)
Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жақында ғана тағайындалған Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісінің Дін мәселелері жөніндегі кеңесшісі доктор Нешет Будур мырзамен кездесті....
Нұр-Мүбарак студенті – ТМД-ның үздік түлегі
Нұр-Мүбарак университетінің студенті Ізбасар Салимов – исламтану мамандығы бойынша машықтанып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысып, ғылыми жобаларға өз үлесін қоса білген жас өрен....
Бас мүфти медресе түлектеріне диплом табыстады (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Астана» медресе-колледжі ұйымдастырған «Жолың болсын, жас түлек» іс-шарасына қатысты. Медресе-колледж қабырғасынан түлеп ұшқан шәкірттер Бас мүфти қолынан диплом алды....
Бас мүфти коронавирусқа қарсы екпе салдырды (ФОТО)
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы COVID-19 індетіне қарсы екпе алды. Отандық QazVac вакцинасын салдырған Бас мүфти екпеден соң өзін жақсы сезінгенін мәлімдеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
15 Раби-авваль 1446
Миләди
20 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 05:34

Бесінге дейін 05:10

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi