Рамазан – сабырдың шыңдалатын айы!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Жаңалықтар

Рамазан – сабырдың шыңдалатын айы!

Алланың рақымы мен берекесі үздіксіз жауып тұратын қасиетті Рамазан айын баршамыздың асыға күткеніміз ақиқат. Бүгінде күллі мұсылман таң сәріден тұрып, Раббысы үшін ораза ұстап, күн ұясына батқанша салиқалы амалдар жасауға асығатыны да сөзсіз. Осы орайда, қасиетті айдың қадіріне жетуіміз үшін Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Шоқаев Еркінбек Керімбекұлы қаримен сұхбаттасқан болатынбыз. Өнегелі әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
 
Құрметті Еркінбек қари Керімбекұлы, айлардың сұлтаны болған Рамазанның өзге айлардан артықшылығын қарапайым халыққа тағы бір баяндап берсеңіз...
 
Ораза ұғымы араб тілінде «әс-саум» деп аталып, өзін-өзі тоқтату, тартыну, тыйылу деген мағыналарды білдіреді. Мысал ретінде бұған Құран Кәрімде: «Ей, Мәриям! Расында, мен Рахман үшін ораза ұстауға серт бердім, бүгін мүлде ешбір адаммен сөйлеспеймін, - де», - деп айтылған аятты келтіруге болады. Мұндағы Мәриямға ұсталуы бұйырылған ораза – ешбір кісімен сөйлеспеу оразасы, яғни сөзден тиылуы.
 
Ислам шариғатында ораза дегеніміз – ақыл-есі дұрыс, балиғатқа толған, ауыз бекітуге қабілетті мұсылманның таң атқаннан күн батқанға дейін дәм-судың барлық түрінен, сондай-ақ құмарлықтан Аллаға деген құлшылық ниетімен тыйылуы.
 
Рамазан – Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құран – Алланың пайғамбары Мұхаммед арқылы адамзатқа жолдаған үндеуі. Оның үкімдері – бойсұнуға міндетті заң. Сондай-ақ, оның бір аяты секілді аят келтіруге әр заманда адамзат дәрменсіздік танытқан Алла Тағаланың мұғжизасы. Сондықтан біздің бұл айда ұстайтын оразамыз бен түнде атқаратын намазымыз – Раббымызға деген иманымыздың, бойсұнуымыздың, түсірген Құраны үшін шынайы шүкірлігіміздің белгісі болып табылады.
 
Ораза дегеніміз, біріншіден, Алла Тағалаға бойсұну. Ол мұсылманның бойына бұйрықты орындатып, тиымнан қайтаратын тақуалықты егеді. Алла Тағала Құран Кәрімде:
 

«Ей, иман келтіргендер, алдарыңда өткен қауымдарға парыз етілгендей сендерге де ораза парыз етілді. Мүмкін, тақуа боласыңдар», – деген.

 
Ораза – мұсылманға өнегелі мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Оның көмегімен мұсылман өз бойындағы жағымсыз сипаттардан арылады.
 
Ораза мұсылманның ерік күші мен шешімділігін күшейтіп, сабырлыққа үйретеді. Зейінін тазартып, жақсы ойларға жетелейді. Бірде Лұқман баласына:
 
«Балақайым, асқазан толы болса ойлау қабілетің ұйқыға шомады, даналық үні өшіп, дене мүшелерің құлшылыққа жарамай қалады», – деген екен.
 
Сондай-ақ, ораза – мұсылманға жүйелілік пен тәртіпті үйретеді. Өйткені ауыз бекіту мен ауыз ашу белгілі уақытқа бағынады. Әр жылдың рамазан айында әр мұсылман әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың бір жүйені ұстанатынын, олардың бір дене екенін сезінеді.
 
«Ораза – үлкен сабырлық», - деп жатады. Оразаны бастаған соң соңына дейін жеткізетін беріктікті қайдан алуға болады?
 
Ораза – нәпсімен күресу амалы. Адамның табиғатына сай жағымсыз қасиеттердің ең зияндылары – қарын тойдыру құмарлығы мен жыныстық құмарлық. Ораза мұсылманды құмарлықтың осы екі түрімен күресуге дағдыландырады. Бір ай бойы нәпсісімен күресіп үйренген мұсылман бұл күрестің салихалы өмірі мен бақытты ақыреті үшін маңыздылығын түсініп, бірте-бірте нәпсісін толық билеуге ұмтылады. Рамазан айының оразасы осы күресті нығайтуға жетелейді. Күрестің алдында нәпсісі оның билеушісі болған болса, енді, әрине оразаның талаптарына сабырлық танытқан болса, ол нәпсісі мен құмарының әміршісіне айналады. Құмарлық күші үздіксіз тәрбиені қажет етеді. Сол себептен рамазан оразасының бір айға созылуы тәрбиенің үздіксіз жалғасуын білдіреді. Оразаның нәтижесінде мұсылманның жамандыққа бұйырушы нәпсісі басылып, тыйылады және жуасиды. Сондай-ақ, көру, есту, сөйлеу мүшелеріне жаман әсері тоқтайды.
 
Демек, адам баласы өз бойындағы жамандықтарынан арылу күшін құлшылық жасап, барша жігерін салып, Раббысынан дұға жасау арқылы иелене алады. Рамазан айының бастапқы күндеріндегі шыдамдылық пен төзімді айдың соңына дейін жалғасуын, оразаның жеңіл болуын сұрап Аллаға дұға етуіміз қажет. Сондай-ақ, өзіміз тараптан да жігер талап етілетіні сөзсіз.
 
12 сұлтаны – Рамазанда жиған иман қалған 11 айда өз маңыздылығын ұстап тұра алады ма?
 
Рамазан айында Алла Тағаланың құлдарына деген басқа айларда нәсіп болмаған ерекше көріністері мен кеңшіліктері орындалады. Бұл кеңшіліктер құлдың Раббысына деген махаббаты мен қастерлеуін ұлғайтып, күнәлары үшін ұялуына, кешірім сұрап, тәубесін жаңартуына орасан септігін тигізеді. Тәубеге келуімен жүрегі нұрға бөленіп, Құран оқуға арналады, намаздарына ұқыпты болып, рухани дүниесі жанданады. Нәтижесінде бұл айдан нәпсісін жеңген, күнәлары кешірілген күйде шығады. Сөйтіп, тозақтан азат етілген құлдардың қатарына түсуі тіленеді. Әбу Һурайра Алла елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
 

«Рамазан кірген кезде жәннат есіктері ашылып, тозақтың есіктері жабылады. Сондай-ақ, шайтандар кісенделеді», – дегенін және «Рамазан айының әуелгі түні кіргенде шайтандар мен қара ниетті жындар кісенделеді. Тозақтың есіктері біреуі де қалмай жабылады. Жәнаттың есіктері біреуі де қалмай ашылады. Сонда бір үндеуші: «Ей, жақсылық іздеуші, жақсылық істеуге кіріс. Ей, зиян істеуші, зиян істеуді доғар! Бұл айда Алланың тозақтан азат ететін құлдары бар және бұл әр түні жүзеге асады», – деп хабарлайды», – дегенін риуаят еткен.

 
Міне, сондықтан осы мақсаттар бойымызда шынайы түрде орындалған болса рамазан бойына, онда келесі айларда қайтадан босап кетуіміз мүмкін емес. Ал егер де тек қана тағам мен сусыннан тоқтап, құмарлығымызды басып, басқа жаманшылықтарымызбен күреспей, ғайбатымыз, өсегіміз тоқтамаса оразаның мақсатын орындамаған адамдардан боламыз. Хадисте келген тозақтан құтылу деген дәреженің біздің өмірімізде ешқандай орны жоқ секілді көрініп, мінездеріміз де баяғы жартас сол жартас күйі қала бермек. Ал, рамазан айын осылай аяқтаған адамнан келесі айларда тақуалық күтуге бола ма? Әрине, жоқ! Тек Раббысы рақымына бөлеп, тәубе нәсіп етіп, Өз кеңшілігіне алса сөз басқа.
 
Бүгінгі қазақ жұртын жыл өткен сайын иман жолына шақырып жатқан не?
 
12 ғасырдан бері қазақ Ислам дінін ұстанып келе жатқан мұсылман халқы. Сондықтан, исламның шариғи нормалары егжей-тегжейлі әр қазақтың бойында орындалып жатпаса да, «Құдайсыз қурай да сынбайды» деген қағида негізінде Жалғыз Жаратушыларынан жақсылықты үміт етіп өмір сүріп келе жатқан елміз. Атқа қонған әрбір азаматы елім деп тер төгіп, құрсақ көтерген әрбір анасы ақ жаулығым байлығым, арым мен жаным ерімнің жолында садаға деген бабалар ұрпағымыз. Иә, осы қағидалар Кеңес өкіметі дәуірінде біршама уақыттар бойымызда да, санамызда да өшудің алдында болып, тәуелсіздіктің алғашқы таңымен қайта оралды. Сондықтан, «әлмисақтан мұсылманмын» деген еліміз мұсылмандық міндеттерін өз бойларында қайта жаңғыртып жатуы таңғажайып дүние емес. Керісінше, Раббыларына деген адалдықтарын көрсетіп жатқан тұстары деп қабылдауымыз керек. Мұның астарынан ғажап бір сырды немесе таңқалдырар әңгімені іздеудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
 
Себебі, жүректегі иман Алла Тағала тарапынан келетін теңдессіз сый екені даусыз. Демек, еліміздің имандылыққа қайта бет бұруы Алла Тағаланың қазақ даласына деген махаббатының бір көрінісі десек қателеспейтін шығармыз. Әлбетте, ақиқат Аллаға ғана аян.
 
Осы Рамазан айында Алматы қаласы бойынша мешіттерде қандай іс-шаралар ұйымдастырылуда?
 
Алматы қаласындағы 8 ауданның барлық мешіттерінде кешкі ауызашар дастархандары жайылып, ифтар таратылуда. Ал, Алматы Орталық мешітінде күнделікті 500 адамға дейін ауызашар дастарханы жайылып, мешітке келуші жамағатқа толық жағдай жасалған.
 
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін әрбір мешіттерде діни сауаттарын көтерген жамағатқа арналған «Раббым! Білімімді арттыр!» интеллектуалдық сайысы және «Умра кімге бұйырады?» сайыстары Орталық мешітте күнделікті (дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндері) бесін намазынан кейін және аср намазы мен ақшам намаздарының ортасында өткізілуде. Аталған сайыстың жеңімпазына «Достық тревел» қажылық компаниясының демеушілік етуімен қасиетті мекен Мекке мен Мәдина қалаларына Ұмра кіші қажылық сыйға беріледі деп жоспарлануда. Олардың есімдері 27 рамазан Қадір түні күні көпшілік алдында жарияланатын болады.
 
Сонымен қатар, Алматы қаласындағы 49 мешіттің барлығында дерлік тарауық намаздары өткізілсе, оның 45-інде тарауық намаздарында Құран Кәрім толықтай хатым етілуде. Алғашқы күннен бастап түнгі тарауық намаздарына келуші жамағат саны өте көп. Ал, мешіттердегі тарауық намаздарының түнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасып, кеш аяқталатын болғандықтан келуші жамағаттың үйлеріне қайту мәселесі ескеріліп, Алматы қаласы әкімінің қолдауымен қала бойынша 4 бағытқа (Саина көшесі, Алматы-1 теміржол бекеті, Талғар трассасы және Достық даңғылы бағыттарында) жүретін бағытты автобустар кестесі ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 14 маусым аралығында әр кеште сағат 24:00-ге дейін созылды. Қаланың шет-шеттерінен Орталық мешітімізге келіп жүрген жамағатқа бұл шешім оңтайлы болып отыр.
 
Тағы бір айта кетер мәселе, тарауық намазынан жамағаттың қайту уақыты түн мезгілі болғандықтан Рамазан бойы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен әрбір мешіттер мен жамағаттың қауіпсіздіктері ІІО қызметкерлерінің бақылауында болып, амандықтарын назарда ұстау шаралары күшейтілген режимде жүргізіліп келеді.
 
Қай кезеңде болмасын жаңа басшы өзімен бірге тың, жаңа идеялар ала келетіні ақиқат. ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев ағамыз да ел ішінде ақиқат дініміздің қанат жаюына септігін тигізер қарқынды жаңа бастамалар ала келгендігі көрініп тұр. Алла Тағала ісіне берекет беріп, ел мен діннің өркендеуі үшін жасап жатқан амалдарын қабыл етсін деген игі тілекпен сұхбатымызды аяқтаймыз.
 
Ораза қабыл болсын – ұстаған жан!
 
Сұхбатты әзірлеген: Жомарт Кершеев
ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Теги: Рамазан

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ораза айт намазы Алматы қаласының барлық мешіттерінде 5 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады. Бұл күні мұсылмандарға мүмкін болса жуынып- шайынып, ер адамдар үстіле...
Алматы: алғашқы ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)
Бүгін, мінеки, көптен күткен қасиетті Рамазан айымен қауышып, мұсылмандар оразаның бірінші күнін ұстап, ауыздарын бекітті. Осыған орай, Алматы қаласы Орталық мешітінде, ораза тұтқандардың сауабына қалу ниетінде, 500 адамға арнап ауызашар дастарханы жайылды. ...
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады: 
ҚМДБ: 6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. ...
Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Күллі момын-мұсылманды шат-шадыман қуанышқа бөлеп, әр шаңыраққа Алланың берекесі мен сәлемінің ұшқынын ала келетін Ораза Айт мерекесі Алматы қаласы Орталық мешітінде жоғары деңгейде өткізілді. Таң намазынан бастап ең әдемі киімдерін киіп, хош иістерін себініп, жүздері қуанышқа толған жамағат мешітке...
Бас имам Алматы қаласы жамағатын Ораза айтымен құттықтады!
Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Күндердің сұлтаны болған Жұмамен тұспа-тұс келген Ораза айт мейрамы мүбарак болсын! Тақуалық пен ізгіліктің, жомарттық пен мейірімділіктің айы – қасиетті Рамазанда жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды Алла қабыл етс...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Бас мүфти Алматы жамағатымен жүздесті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет Алматы қаласы Орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, «Рамазан – шүкіршілік айы» атты тақырыпта уағыз айтты. Тарауық намазының алдында қасиетті Рамазан айының артықшылығына тоқталған Бас мүфти: «Рамазан – ...
Алматы Орталық мешітінің шәкірттері сертификат алды
Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Бесіктен қабірге дейін білім алыңдар!" ­– деген. Білім алу – әрбір мұсылман ерге де, әйелге де парыз.
Қош келдің - Рамазан!
Әлемдердің Раббысының Мейірім хаты түскен, Пайғамбарымызға (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алғашқы аманат жүктелген, сахабалардың айлап аңсап, зарыға күткен Кешірім мен Мейірім айы қасиетті Рамазанға санаулы ғана күндер қалды....
Фото: Алматы Орталық мешітіндегі алғашқы тарауық намазы
Күллі әлем мұсылмандары асыға әрі сағына күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Алматы қаласы Орталық мешітіне ағылған жамағат легі ақшам намазынан басталды. Барлығының жүздерінде қуаныш. Мешіт іші де, сырты да құптан намазы басталмастан жамағатқа лық толды. Оларға назар аударсаңыз бір-бірін құ...
ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 15 СҰРАҚҚА ИМАМНАН ЖАУАП
«Айқын» газетінде Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы, дінтанушы Еркінбек Шоқай мен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы қонақта болды. Редакция ұжымы Қасиетті Рамазан айының алдында көкейде жүрген сауалдарын қойып, дін мамандарынан жауап алды. Төменде ТОП-15 сұрақты назарл...
Бас имам журналистермен жүздесті
Сейсенбі күні «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндегі баспасөз орталығында Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Шоқаев журналистермен жүздесіп, қасиетті Рамазан айының басталуына арналған баспасөз мәслихатын өткізді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:52

Бесінге дейін 02:41

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi