Сурет арқылы тағамның құнарын анықтайтын мобилді қосымша пайда болды
Канададағы МакГилл университетінің програмистері ішкен тамағының әрбір калориясын есептейтіндерге арналған мобильдік қосымшаны таныстырды.
Тағамның фотосын түсіргеннен кейін, аталмыш қосымша оның құрамындағы азық-түлікті анықтауға кіріседі. Артынша тамақтағы ингредиенттердің тізімін, олардың мөлшерін, тағамдық құнарлылығын, бұдан бөлек, тағамдағы май, ақуыз, көмірсу, тұз, холестерин мөлшерін, тіпті, кейбір дәруменді де анықтап беретін көрінеді.
Қосымшаның анықтау дәлдігі – 80%. Қосымшаның сипаттамасы arXiv порталында толығырақ сипатталған.
Бұған дейін канадалық инженерлер селфи арқылы қан қысымды өлшеп беретін мобилді қосымшаны ойлап тапқан болатын.
Islam.kz