Түркістан облысының бас имамы тағайындалды (ФОТО
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Түркістан облысының имамы болып Еркебұлан Қарақұлов тағайындалды.
Жаңа бас имамды Түркістан қаласының жамағатына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров таныстырды. Ал бұған дейін облыстың бас имамы қызметін атқарған Мұсабек Ақтамберді Шымкент қаласы бас имамының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы өкілдіктегі өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретінін атап өтті. Сондай-ақ, Еркебұлан Қарақұловқа жұмыс бағыттарын түсіндіріп, қызметіне береке тілеп, сенім білдірді.
Ал Шымкент қаласының орталық мешітіне ауысып жатқан Мұсабек Ақтамбердіге жергілікті жамағат ақ жол тілеп, иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.