ТҮРКІСТАНДА Х РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚҰРАН КӘРІМ ЖАРЫСЫ ӨТЕДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазан айында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтеді.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», – деп айтқандай, Діни басқарма жылдағы дәстүр бойынша Х Республикалық Құран сайысын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына орай қазан айының 6-7 күндері киелі Түркістан шаһарында өткізуді жоспарлап отыр. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.
Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:
– Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
– толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
– үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
– үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
– үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Қажетті құжаттар:
- Үміткердің анкетасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі;
- Облыс Бас имамының ұсыныс хаты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Номинациялар:
1. Толық Құранды жатқа оқудан:
1-орын (Авто көлік)
2-орын (3 000 000 тг.)
3-орын (2 000 000 тг.)
2. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (2 000 000 тг.)
2-орын (1 500 000 тг.)
3-орын (1 000 000 тг.)
3. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:
1-орын (1 500 000 тг.)
2-орын (1 000 000 тг.)
3-орын (750 000 тг.)
4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
1-орын (1 000 000 тг.)
2-орын (700 000 тг.)
3-орын (500 000 тг.)
Құрметті жамағат!
Айта кетейік, бұл жолы байқауға қатысып, жеңімпаз атанғандар үшін демеушілер тарапынан қомақты қаражат бөлініп отыр. Баршаңызды қайырлы іске атсалысып, Алланың разылығын алуға шақырамыз.