Стамбулдағы балаларды таң намазын тұрақты түрде жамағатпен оқуға ынталандыруда. Қырық күн бойы таң намазын қалдырмай, мешітке келіп оқыған әр балаға ынтасы үшін велосипед тарту етілді.
Балалар сыйлықтарын Стамбулдың Фатих ауданындағы Селим Сұлтан мешітінде алды.
Құлшыныстарын арттыру үшін көптеген балаларды намазға аналары ертіп апарып отырған.
Марапаттау күні мешіттің ауласы жаңа велосипедтерге және мерекелік көңіл-күйге толы болды.
Бұл шараның мақсаты – балаларды таң намазын күн сайын жамағатпен бірге оқуға үйрету, өйткені, ол үшін көп сауап уәде етілген.
Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген:
"Мұнафықтар үшін таң намазы мен екінтіден асқан қиын намаз жоқ. Олар (сол намаздардың) құндылықтарын білсе ғой, шіркін, мешітке еңбектеп болса да барар еді".