«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жаңа директоры тағайындалды.
«Қанат Қыдырмин Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Діни басқармаға қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.
Наурызбай қажы Тағанұлы Қанат Қыдырминді ҚМДБ ұжымына таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар қор қызметін жаңа деңгейге көтеріп, игі іс-шараларға ұйытқы болуды тапсырды.
Бас мүфти Қ.Қоянбекұлының діни саладағы тәжірибесі мен белсенді қызметі «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысына оң серпін беретініне сенім білдірді.