Жетісайдағы «арақсыз ауылды» білесіз бе?
Қазақстанда арақ сатылмайтын, ішімдік ішілмейтін ауылдар саны көбейіп келеді. Соның бірі – Түркістан облысындағы Жетісай ауданынан 30 километр қашықтықта орналасқан Мақталы ауылдық округіне қарасты «Алмалы» ауылы.
Бүгінде 159 ошақтың басын 1187 адам түтетіп отырған Алмалы ауылының дүкендерінде мүлдем ішімдік сатылмайды. Бұл – ауыл қарияларының белсенді жұмыс жүргізуінің арқасы. Ішімдік сатылуын тоқтатқалы ауылдың берекесі артып, тыныштығы бекем болып келеді дейді тұрғындар.
Kazislam.kz