Абай. Ақида. Ақиқат
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Абай. Ақида. Ақиқат

| A | +

Қазақ халқының кемеңгері Абай Құнанбайұлы – ақын ғана емес, Ислам дінін терең түсінген теолог ғалым. Ол – адамзаттың алтын қорына қазақ елінің атынан өз үлесін қосқан ғұлама. «Отанды сүю – иманнан» деп, елін-жерін шын қастерлеген отаншыл кемеңгер. Халқының рухани өсуін армандап өткен ол қайтсем кемшілігін түзеймін деп жұртын адал еңбекке, ғылым-білім үйренуге үндеді.

 

Бүкіл халқымызды толғандырған Абайдың теңіздей терең таланты күн өткен сайын биіктеп, ақындар үшін – арманға, ойшылдар үшін маржанға айналды. Оның әрбір сөзі жібекке тізген меруерттей мөлдіреп, көз жауын алса, салмақты да салиқалы ойлары жаныңды тербеп, жігеріңді жанып, қиялыңды қырымға, көңіліңді биікке көтерері сөзсіз.

 

Өз еңбектерінде Абай Ислам этикасы, ақидасы және метафизикасы сияқты терең мәселелерді зерттеп-зерделеген. Кемеңгер дүниетанымына жататын этика саласындағы адалдықты, парасаттылықты, отансүйгіштікті, адамгершілікті, ғылымға деген құштарлықты, сенім мен әдеп мәселелерін салалап айтуға болады.

 

Ал ақида біліміне қатысты айтар болсақ, Хәкім Абай Алла Тағаланы тануға терең де жан-жақты тоқталады. Мысалы, отыз сегізінші қара сөзінде «Хаят, Ғылым, Құдірет, Басар, Сәміғ, Ирада, Кәлам, Тәкуин» деп Алланың сегіз сипатын атап көрсеткен. Абай сөзіндегі Алла Тағаланың сипаттарын алты «Зати», сегіз «Субути» деп классификациялау сүнниттік исламның Матуриди және Ашғари мектептеріне ғана тән.

 

Абай былай дейді:

Мекен берген, халық қылған ол - лә мәкан,
Түп иесін көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың Оны ойламай,
Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!

 

Абай атамыздың осы сөзіне теологиялық талдау жасасақ, Алланы танудағы бүкіл Ислам әлеміндегі ғалымдардың бірауыздан қабыл еткен негізгі доктринасы (Матуриди мен Ашғаридан тұратын «Әһлу сунна уәл-жамағат») сүнниттік сенім бойынша Алланың мекенсіз болмысын меңзейді.

 

Абайдың «лә мәкан» мекені жоқ, мекенсіз деген сөзді қолдануы Имам Матуриди ақидасын жақсы меңгергенін көрсетеді. Ислам ақидасындағы негізгі ұстаным бойынша, Алла кеңістікті, мекенді жаратпастан бұрын бар болған. Мекенді жаратқаннан кейін де дәл сол қалпында. Алла бір хәлден екінші түрге өзгермейді. Яғни ежелден мекенсіз бар Алла кеңістікті жаратқаннан кейін, сол кеңістікті мекендеп өзгеріске ұшырауы мүмкін емес. Өйткені өзгеру Құдайға тән сипат емес. Ол жаратылысқа тән сипат. Алла мекенді жаратқанмен Алла оған мұқтаж да болған емес. Мекенге мұқтаждық – жаратылыстың сипаты. Мұқтаждық пен өзгеру – әлсіздіктің белгісі. Ал әлсіздік құдіретті Аллаға лайық сипат емес.

 

Негізінде пенде баласының не нәрсені болмасын мына өмірде өзі көрген, білгенімен салыстырып барып, ұғынуы – табиғи құбылыс. Алайда ғұламалар «Ақылға салып қалай пайымдасаң да, Алла бәрібір оған ұқсамайды» деп ескерткен. Осы себепті сүннит ғұламалары Аллаға «Мұхалафатул-лил-хауадис» деген ерекше сипат берген. Мұның мәні «Алла Тағала кейіннен жаратылғандардан өзгеше, олардың ешқайсысына ұқсамайды» дегенді білдіреді.

 

Қазіргі қоғамда Құрандағы астарлы мағыналы «муташабиһ» аяттарға «Алла аршыға (таққа) шықты, орнықты, отырды» деген сияқты Алла Тағалаға лайық болмаған адами, антропологиялық сипаттарды тіркеп, Алланы жаратылысқа ұқсату сияқты келеңсіз пікірлер кеңінен таралып  барады. Мұндай пікірлер Абайдың да уақытында заманауи мәселеге айналған болса керек. Ал Ислам ақидасындағы негізгі ұстаным бойынша Алла Тағаланы адами, антропологиялық сипаттармен, жалпы жаратылысқа тән сипаттармен сипаттауға тыйым салынған. Мұндай сипаттар Алла Тағала хақында кемшілік болып есептеледі. Бұл негіз Құран Кәрімнің: «Оған ұқсайтын еш нәрсе мүлде жоқ!» («Шура» сүресі, 11-аят), «Алланы еш нәрсеге ұқсатпаңдар» («Нахл» сүресі, 74-аят) және «Алла Тағаланың еш теңдесі жоқ» («Ықылас» сүресі, 4-аят) секілді аяттарынан алынған. Иә, Алла Тағала жаратылғандардың ешқайсысына ұқсамайды. Алланың бар болуының белгілі бір бастауы жоқ – әзәли, соңы жоқ – мәңгі. Ал Алладан өзгенің барлығы, яғни бүкіл әлемнің белгілі бір бастауы және кеңістіктен алатын орны бар.

 

Аллаға мекен мен мерзімнің ықпалы жүрмейді. Себебі бұлар кейіннен жаратылған. Ал Алла Тағала мекен де, уақыт та жоқ кезден бар еді. Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі – Алла Тағаланың билігіндегі нәрселер. Құрандағы: «(Уа, Мұхаммед!) «Көктегілер мен жердегілер кімге тиесілі? Бәрі Алланікі» деп айт оларға», – деген сөз мекеннің де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін білдіреді («Әнғам» сүресі, 12-аят). Оның қатарына Алланың Аршысы да кіреді. «Әл-Буруж» сүресінің 15-аятында «(Алла) Ұлы Аршының иесі» деп арнайы атап көрсетеді. Оның өзіндік сыры бар. Арштың сөздіктегі тура мағынасы «тақ» дегенді білдіреді. Діни деректерге сүйенсек, оның астында «күрси» деп аталатын текше бар. Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Зарр жеткізген хадисте: «Жеті қабат көк (аспан) курсидің жанында сахара шөлде жатқан бір жүзік секілді. Ал сахара әлгі жүзікпен салыстырғанда қандай болса, Аршы курсиден дәл солай ерекшеленеді», – деп, Аршының адамның ойлау қабілетін талдыратындай дәрежеде алпауыт дене екені түсіндірілген (Имам әл-Байһақи, «Әл-асма уа-с-сифат», 403-бет. Бабул халаби, Каир, 2005).

 

Профессор Мұхаммед Али әс-Сабунидің айтуынша, бұл аяттағы Алла Тағаланың алпауыт Аршыны өзіне атап тіркеуінің себебі, ол – күллі жаратылыстағы ең үлкен дене. Ол көктер мен жерден әлдеқайда үлкен. Аршының осыншама кең болып жаратылуы Жаратқанның ұлықтығын ұғындырады (Мұхаммед Али әс-Сабуни, «Сафуатут-тафасир», 542-543 беттер, 3-том. Дарус-сабуни, Каир).

 

Мұсылмандардың төртінші халифасы Әли ибн Әбуталиб (VII ғасыр): «Алла Тағала Аршыны өзіне мекен үшін емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты», «Алла Тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай бар болса, қазір де дәл солай бар», – деп Аллаға мекен тән еместігін білдірген (Абдул-Қаһир әл-Бағдади, әл-Фарқу бәйнә-л-фирақ, 234-бет, «әл-Мактабатуль асрия» баспасы, Бейрут, 2004).

 

Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи (853-933) өзінің әйгілі «Тахауия ақидасында»: «Алла шекаралардан, шектерден  (шектеуліліктен), тіректерден, мүшелерден (ағзалар), құралдардан асқақ, Оны жаратылған нәрселер сияқты алты жақ (оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі тараптар) қамтымайды» деп Алла Тағаланы бір заттың оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жағында орналасқан деп шектеп немесе салыстыруға болмайтынын айтқан (Ержан қажы Малғажыұлы, «Таным тұғыры», 39-бет. «Ғибрат» баспа үйі, Алматы, 2013).

 

Бұл тұрғыда Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай түсіндіреді: «Біз Алла Тағаланы Өзінің білінгені қадар ғана білеміз, болмаса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хаким ақыл өрістіре алмады. Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі. Өлшеулі бірлән өлшеусізді білуге болмайды».

 

Абай өлеңнің екінші жолында Алланы көксеу туралы айтады. Көксеудің мағынасы Алланы сүю, Оның разылығына жету дегенге саяды. Өзіңе мекен берген, халық қылған, яғни Жаратқан Иеңді сүйіп, барлық ізгі істеріңді Жаратушы Аллаға арнамай, «Және оған қайтпақсың оны ойламай» дейді. Ойлау – Алланы зікір ету. Қай жерде, қандай жағдайда болса да Алланы естен шығармау адамды ізгілік жасауға жетелемек. Мұнсыз «Өзге мақсат ақылға тола ма екен» деп Абай атамыз өзіне дейінгі өмір сүрген Ислам ғалымдарының жолын ұстанғанын бізге білдіреді.

 

Қорыта айтқанда, Ислам ғылымдарының ең бір қиын да, күрделі саласы кәләм, ақидаға жататын мәселені Хәкім Абайдың өлеңге қосып жырлауы, сол кезеңдегі қазақ халқының діни сауаттылығының едәуір жоғары дәрежеде болғанына дәлел етеді. Қазақ халқы Ислам дініндегі тұрмыстық қағидаттарды ұстану ғана емес, ақидадағы күрделі мәселелерді дұрыс түсіне білген. Абай адам баласының бұл пәнидегі орны, тіршілік мәні мен мақсаты туралы пәлсапалық түсініктерін, ойларын «Ғақлияда» жан-жақты дамытты. Өмір, дүние-тіршілік, қоғам мен адам, адам мен билік, адам мен Алла арасындағы қарым-қатынастар, Жаратушы заңдары туралы ғұламаның пікірі, тұжырымдары ақиқатқа негізделгендіктен, әркез қажет тұжырымдар болып қала бермек.

 

Ершат ОҢҒАРОВ,

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти

«Мұнара» газеті, №15, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Коронавирус індетінен қайтыс болған адам шейіт санала ма? Буаз малды союға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ақида Ханафилерді неге Матуридилер деп атайды?
«Әбу Ханифа фиқһпен қатар, ақида саласында да имам. Ал олай болса ханафилер неге Әбу Ханифаның көзқарастарын емес, матуридилікті ұстанады?» деген мәселеге қысқаша тоқтала кетейік. ...
Ақида Сынықтар хикметі
Ахмад ибн Ханбал Бақи ибн Мухалладты ауырып жатқанында зиярат еткен еді. Сонда Ахмад: «Ей, Абдуррахман, Алланың сауабымен қуант! Сау күндерде ауру, ал ауру болған күндеріңде саулық жоқ», – деді....
Ақида Мәтуриди ақида мектебіне шолу
Ислам діни сенім негіздері көбіне адам ақылының шегінен тыс дүниелерді қамтыған. Бұл маселелердің ақиқатына жетуге адам баласының ақылы мен ой-өрісі қауқарсыз. Біздің міндетіміз Құран Кәрім мен сахих хадистерде айтылған сенім негіздерін жүрекпен мақұлдап, қабыл ету. Құранда бұл жайында: “Бұл Кітап ш...
Ақида Ақида ілімі – Матуриди және Әшғари мектептері
Ислам дінінде сенім жүйесін «Ақида», ал осы салаға қатысты мәселелерді зерттейтін ғылымды «калам» дейді. «Ақида» – дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесін меңзейді. Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алла тағала...
Ақида Алланың зати һәм субути сипаттары
Алла тағаланың 14 сипаты бар. Бұлардың алтауы “зати”, сегізі “су-бути” сипаттар деп аталады.
Ақида Әбу Ханифа әуелі ақида ілімімен айналысып, кейін онымен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?
Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып, ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп тоқтамға келгендігі айтылады[1]. Имам Зәхәби бұл риуаяттардың ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:36

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi