Әл-Азһардың тұңғыш түлегі Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 05:32
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Әл-Азһардың тұңғыш түлегі Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы

| A | +

Заманында туған елі үшін жан-терін сыға жүріп қызмет еткен азаматтар шоғыры болады. Олар салған жол, сүрлеген сүрлеу жарық жұлдыздай сәулесін молынан шашып тұрады. Жылуы да, шуағы да мәңгілік. Қай уақытта болмасын соларды тауып, шаң басқан тұрпатын сүртсеңіз болды, жайнап, жадырап-ақ шығады. Қай уақытта да туған елінің кәдесіне жарай беретін ырысты ырзық. Сондай жарық нұрлы сәуленің бірегейі Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы болатын.

 

1880 жылы бұрынғы Астрахань губерниясы Бөкей ордасына қарасты Қараоба ауылында ауқатты отбасында дүниеге келген Ғабдолғазиз жасынан алғыр, оқуға зерек, ынталы болған. Әкесі заманына сай білім алған, ескіше сауатты, ортасына сыйлы, аузы дуалы би болыпты. Бала Ғабдол алғаш рет әділдігімен, жомарттығымен аты шыққан әкесінен сауат ашып, жазу-сызуды үйреніпті. Зиялы әкенің білімін тауысып, ауылдағы молдадан дін ілімін үйренген. Ойы – ұшқыр, қиялы – жүйрік, оқуда алғыр болған баласының зеректігіне сүйсінген ауқатты әке ұлын Қазандағы Алатай медресесіне оқуға түсірген. Ислам бағытындағы жаңа ілім беретін оқу ордасында ол шариғат, Ислам тарихы, шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы дәріс алған. Араб, татар, орыс тілдерін еркін меңгерген.

 

Алатай медресесін тәмамдаған соң, Қазандағы зайырлы мектептің бір курсын және арнайы ақсүйектер мектебінен (элиталық мектеп) шет тілдерін меңгерген. Татар астанасындағы оқу-білім ошақтарынан көзқарасын қалыптастырып, мәдениетін үйреніп, дүниетанымын кеңейткен шәкірт Ғабдолғазиз еліне демалысқа келген кезінде жомарт әкесі науқастанып, дерт құрсауынан шыға алмай, қайтыс болады. Әкесі өмірден өткенде тетелес туған ағасы оның оқуына, ілім жолында ізденуіне қарсы шығып, тыйым салыпты. Бірақ өмірін оқуға арнаймын деген үлкен арман-мұратты жан ағаның сөзіне қарсы шығып, әке дәулетінен өзіне енші болып қалған мал мен жерді ақшаға айырбастап, ілім шырағы жанған жерлерге сапар шегіп кете барды. Прометейдің отындай лаулап жанған Мысырдағы әл-Азһар университетіне оқуға қабылданып, заң факультетінің студенті болды. Анығында, біздің Ғабдолғазиз қазақтың қаракөздерінің арасынан алғаш болып әл-Азһарда білім алған еді. Қияндағы Мысыр, ежелгі араб мәдениеті мен әдебиетінің ордасы болған шаһарда оқуға ынтық талапты жас өзінің қайрат-қажырын ізденіске жұмсаған. Тарих ғылымына деген аңсары ауған. Мысырдың бай кітапханаларын сүзіп, халифат дәуіріндегі ескі қолжазба мұралармен танысқан. Шығыс елдері мен түркі халықтарының ежелгі тарихына, этнографиясына, әдебиетіне қатысты деректерді жинаған. Кейіннен сол Мысырда жүріп оқыған еңбектерін қазақ оқырмандарына ұсынған болатын. 1907-1908 жылы университет студенті араб тілді әдебиеттегі «Гүлжиһан» деген әйгілі дастанды жаттап алған. Оны тек жаттап қана қоймай, нәзира үлгісімен қазақ тіліне аударды. Тарихи дерекке сүйенсек, «Гүлжиһан» дастаны 685 жылы Сирияның Дамаск қаласында жазылған лироэпостық шығарма болатын.

 

Мысыр университетін бітіргеннен кейін Ғабдолғазиз жер-жаһанды толық аралап көрмек үшін саяхат жасаған екен. Үнді мұхиты арқылы кемемен Африка, Азияны аралапты. 1909-1910 жылдары Түркия, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Жапония елдеріне саяхат жасап, жол бойы көрген-білгенін хатқа түсіріп, сол жерді қоныстанған ұлт пен ұлыстың тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы туралы сапарнамалық очерк те жазған. Ғылыми-танымдық бағыттағы «Мысыр» сапарнамалық мақаласы «Айқап» журналының 1914 жылғы №24 санына жарияланған болатын.

 

Жиһанкез Ғабдол 1910 жылдың көктемінде Ыстамбұл шәріндегі мешіттердің бірінде екі қазақ баласын кездестіріпті. Бұлар – сол заманда аты да, атағы да шартарапқа кеңінен жайылған Маманов-Тұрысбеков әулетінің ұрпағы Есенқұл қажы мен оның көпес досы екен. Түркия арқылы үшінші рет үлкен қажылық сапарға бара жатқан Есенқұл қажы Ғабдолғазиздің терең біліміне сүйсініп, оны өзі ашқан Жетісудағы «Мамания» мектебіне оқытушылық қызметке шақырыпты. Ауқатты байдың ұсыныс-тілегін қабыл алған Ғабдол күз айында Жетісу топырағында кездеспек ниетін білдіріп, қажыны үлкен жолға шығарып салған екен-мыс.

 

1910 жылдың күзінде уәделі сөзі бойынша Жетісуға келіп қоныстанған. Әуелде мұғалім болып, ер балаларға жағырапия, Ислам тарихы, мұсылмандық шарты, дүние тарихы, жаратылыс тарихы пәндерінен дәріс оқыса, 1911 жылдың қарашасынан бастап аталмыш мектептің мүдірі (директоры) қызметіне тағайындалды.

 

Алматыдағы Орталық мемлекеттік архивтің қорында «Мамания» мектебі туралы көп құжат сақталған. Сондай ескі құжаттың бірінде: «... Заведывает мактабом Габдулгази Мусагалиев, адрес его местный поселок Авакумовск, Капальского уезда. Киргиз, мусульманин. Родился во внутренней Букеевской Орде, Астраханской губернии. До 15 лет жил в Букеевской Орде, после сего учился в городе Казани в Апанаевском училище шесть лет, потом учился в университете Каир. Заведующим мактаба состоит с осени 1911 года. Русским разговорным языком отчасти владеет, грамоту по русский отчасти знает. Преподает коран, историю татара и хадис» делінген. Анықтасақ, бұл 1912 жылдың 5 наурызында Ғ.Мұсағалиұлының қоғамдық-саяси көзқарасы жайында губернаторға жазылған жасырын хат екен.

 

Ғабдолғазиз ұстаз Қапалдағы Мамановтар әулетінің мектебінде оқытушы бола жүріп, Алаш қозғалысының көрнекті өкілдері Барлыбек Сырттанұлы, Отыншы Әлжанұлы, Міржақып Дулатұлы, Есенқұл қажы Маманұлы, Жақып Ақбайұлы сынды арыстармен жақсы қарым-қатынаста болған. Жетісудағы Алаш мектебінде қатарлас қызмет атқарған Мұстақым Малдыбайұлы, Файзрахман Жиһандаровтармен оқу-ағарту, саясат тақырыбында пікірлесіп, игі істер тындырған.

 

1911-1917 жылдары Ғабдолғазиз «Айқап», «Қазақ» басылымдарына Жетісудан жиі-жиі жазған автор саналды. Қоғамдық-саяси, әлеуметтік бағыттағы ойларын ортаға салып, өзінің отты публицистикалық еңбектерін басылымдарға жолдап отырды. Жетісу тарихына, еліне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты этнографиялық этюдтары жарық көре бастады. Әсіресе қазақ руларының бөлінісі, шежіре туралы ойлары әлі күнге дейін өзекті екенін баса айтқымыз келеді. Оның баспасөз бетіне шыққан материалдары көбіне «Мұса.Ғ», «Мұса Ғабдолғазиз», «Педагог Мұса», «Мусин Ғабдолғазиз» тағы басқа бүркеншік аттармен жарияланған. Публицист Ғ.Мұсағалиұлы 1917 жылдары Ресейде жарық көрген «Шура», «Тәржіман», «Уақыт» секілді татар басылымдарына да мақала жазған.

 

Ақпан революциясынан кейін ұстаз Ғабдолғазиз «Мамания» мектебіндегі қызметін аяқтап (мектеп ақ пен қызыл күресінде өртенгеннен кейін), туған жеріне келген сәтінде де Алаш идеясынан қол үзген емес. Бөкей Ордасының халық ағарту ісіне белсене араласып, ауыл-аймақтағы сауатсыз ересектер мен балаларды оқытқан. Уақытша Үкімет тұсында қатарлас серіктерімен бірігіп, «Ұран» («Призыв») газетін шығарған. Сол жылдары ол Екінші жалпықазақ сиезіне делегат ретінде қатысқан. Ал 1917 жылдың 20-25 сәуірінде Бөкей ордасы қазақтарының алғашқы басқосуын ұйымдастырғандардың бірі болды.

 

Ордадағы қоғамдық-саяси жұмыстардың бел ортасында жүрген қайраткер түрлі ұйымдарға да жетекшілік етті. Ордадағы мұғалімдер кеңесінің төрағасы міндетін атқара жүріп «Дұрыстық жолы» газеті мен «Мұғалім» журналын шығарды.

 

Ғабдолғазиздың тағы бір ерекшелігі – сегіз тілді еркін меңгерді. Орыс, түрік, татар, араб, парсы, испан, француз, неміс тілдерін жетік меңгеріп, сол тілдерден еркін аудара жасаған және айнақатесіз сауатты жаза да білген. Тағы бір артықшылығы – ол бала жасынан дін ілімін үйреніп, шариғат пен әдет-ғұрып ісінде өте білгір, ахлақ, фиһқ мәселесін терең түсінген, қасиетті кітап – Құран Кәрімді толық оқыған және жатқа білетін, сонымен қатар оны мазмұнды баяндап, тәспірлей алатын үлкен қари болған.

 

Ғабдолғазиз 1929 жылы Ордадан Алматыға қоныс аударған. Сол жылдан өмірінің соңына дейін еркін шығармашылық жұмыспен айналысқан. 1933 жылы 53 жасында өмірден өткен. Сүйегі Алматыдағы ескі мұсылман қорымына жерленген.

 

Биыл Ғабдолғазиз Мұсағалиұлының туғанына – 140 жыл. Алайда саналы ғұмырында туған елі үшін орасан зор игілікті іс атқарған Ғабдолғазиздің құрметіне берілген не көше, не мектеп аты жоқ екенін білгенде, руханиятымызға бей-жай қарайтын салғырттығымыз, өткенді ұлықтай алмайтын енжарлығымыз еске түсіп, ұяламыз. Ақиқатында Ғабдолғазиз Мұсағалиұлы елді ұялтатын емес, керісінше мақтанышболарлық үлкен тарихи тұлға еді.

 

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

"Мұнара" газеті, №13, 2020 жыл

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #2 Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Әл-Фарабиді тану – заман талабы
Әбу Насыр әл-Фараби – адамзат біліміндегі көптеген салада терең ізін қалдырған ортағасырлық ұлы ойшыл саңылақтар тобындағы көрнекті өкілдердің бірі. Әлемдік мәдениет тарихында ол Шығыс Аристотелі әрі ортағасыр әлеміне табиғатты, адамзаттық қоғам мен адам жанын зерттеудің құпия пердесін ашушы Ұстаз р...
Ғұламалардың өмірбаяны Б.Әлиұлы – Берке ханның ұстазы Сейфуддин әл-Бахарзи
Сейфуддин әл-Бахарзи шамамен һижриша 586 (1190) жылы қазіргі Иран жеріндегі Бахарз қаласында дүниеге келді. Толық аты-жөні – Сейфуддин Әбул-Мағали Сағид ибн әл-Мутаһһар ибн Сағид ибн Әли әл-Қаиди әл-Бахарзи (Сияру Әғламин-Нубала, 23-том, 363-бет). Діни білімнің бастапқы тәлімдік кезеңін Бахарздағы ұ...
Ғұламалардың өмірбаяны Гете: Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз...
«Мен мұсылманмын» деп әлемге жар салмаса да Гетенің шығармаларынан оның Исламның рухани құндылықтарына деген қатынасы айқын аңғарылады. Оның өмірлік ұстанымдары, әлемге деген көзқарасы өмірдің мәні туралы толғаныстары, адам мен Алланың арақатынасы туралы пайымдаулары осы мәселелер жөніндегі Ислам тұ...
Ғұламалардың өмірбаяны Отырар өлкесінің ойшылы
Отырар маңында бірнеше қамалдар мен бекіністер болған. Солардың бірі – Сырдария бойындағы Зернүк қамалы. Арабтар оны «Зарнудж» (Зернүдж) деп жазған. Сол жерден шыққан  бір ойшыл туралы  жаңа да тың деректерге оқушы назарын аударайын....
Ғұламалардың өмірбаяны Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫ: ОРТА АЗИЯДАН БӨЛІНІП, ДІН ДЕРБЕСТІГІН АЛДЫҚ
Құрметті, хазірет! Өзіңіздің бас болуыңызбен құрылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойы құтты болсын! Сұхбатымызды қазіргі Діни басқарманың бастауында тұрған Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жайлы баяндаудан бастасақ. Бұл басқарма Екінші дүниежүзілік ...
Ғұламалардың өмірбаяны Абай. «Китаб тасдиқ» немесе қазақ білмеген тарих
Жүз жылдың жүзі болды Абай мұрасын азық қып келе жатқанымызға. Әлі де тамырын қопарып, танып болдық деп айта алмаймыз. Жұмбақ жанның сыры шын мәнінде оңай болмай шықты. Сөзімізге тұздық қылғалы отырған туындының бірі – «Китаб тасдиқ». Аталмыш шығарманың  біз осы күнге дейін түпнұсқа мәтінін оқымай, ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:32

Имсакқа дейін 01:16

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi