Гете: Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз...
«Мен мұсылманмын» деп әлемге жар салмаса да Гетенің шығармаларынан оның Исламның рухани құндылықтарына деген қатынасы айқын аңғарылады. Оның өмірлік ұстанымдары, әлемге деген көзқарасы өмірдің мәні туралы толғаныстары, адам мен Алланың арақатынасы туралы пайымдаулары осы мәселелер жөніндегі Ислам тұжырымдарымен таңқаларлықтай сәйкес келеді.
1995 жылы Веймар қаласында шейх Абдулқадыр әл-Мураби бастаған бір топ зертеушілер ақынның көптеген шығармаларын зерттейді. Зерттеу нәтижесінде шейх әл-Мурабидің ақынды мұсылман деп танып, пәтуа шығару үшін дәлелдер жеткілікті жинақталған.
Енді Гетенің Ислам туралы пікірлерінен мысалдар келтірейік:
* * *
Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой толғау – қандай ақымақтық. Егер Ислам Аллаға бойсұну болса, біз бәріміз Исламда өмір сүріп, Исламда өлеміз.
* * *
Бір Аллаға деген сенім әр уақытта рухыңды биік етеді, өйткені ол адамның рухани тұтастығының өлшемі болып табылады.
* * *
Біз бүкіл адам баласына нұр шашқан киелі Құран түскен – Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға мәңгілік қарыздармыз.
* * *
Біздер, Еуропа халықтары мәдениетіміз айрықша дамығынымен, хазірет Мұхаммедтің ұлылығының ең бірінші сатысында ғана тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге болмайды. Және бұдан кейін де одан ешкімнің аса алуы мүмкін емес.
* * *
Алланың тоқсан тоғыз есімін айтып мұсылмандардың таспих тартуының өзі өте үлкен ғибадат. Тәңірге тән барлық сипаттарды бір негізде еске алу Оның құдіретінің аса шексіздігін білдіреді, сондықтан мұсылмандар Оның еркіне бағынып, тыныштық табады.
«Батыс-Шығыс Диуаны туралы ескертпелер мен очерктер»
* * *
Бұдан бірнеше жыл бұрын біздің пртестант гимназиясында мұсылмандар құлшылық қылып, қасиетті Құранның сүрелері оқылады деп кім ойлаған! Дегенмен бұл осылай болды және біз башқұрлардың намаз оқығанын көрдік, молласын тыңдадық, басшысын театрда құттықтадық. Олар маған ерекше құрмет білдіріп садақ пен жебе сыйлады, мен оны өз ошағымның үстіңгі жағына іліп қойдым. Ал біздің кейбір ерекше діндар ханымдар тіпті Құранның аудармасын кітапханадан алдырды.
1814 ж. 5 қаңтар. Требрге жазған хатынан
* * *
Жаратылғандардың ұлығы – Мұхаммед (с.ғ.с.)!
«Паралипомендер» атты қолжазбаға 1816 ж. 27 қаңтарда жазған.
* * *
Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуат-күштің қайнар көзі болып қала бермек.
«Батыс-Шығыс Диуаны туралы ескертпелер мен очерктер»
* * *
Сонымен біз Исламда қалуға тиіспіз... Мен бұған басқа ештеңе қоса алмаймын.
* * *
«Ұйқыдағы жетеу» деген өлеңінде Гете Иса туралы «Иса пәк, ол – бір Алланың құлы. Оны Құдай дәрежесіне көтеру – Тәңірді мазақ ету. Алланың бірлігін таныту арқылы бүкіл әлемге бас идірген Мұхаммед әкелген шындық салтанат құрсын!» деп ағынан жарылады.
Диуан өлеңдерінен
* * *
Шығыста жеті шайыр бар, солардың ең әлсізі менен мықты.
Иоганн Вольфганг Гете
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.