ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ҚАЛАЙ ОРАЗА ҰСТАЙДЫ?

| A | +

«Әр елдің салты басқа» демекші, Рамазан күллі мұсылманға ортақ мереке болғанымен, оны өткізу дәстүрі әр елде әрқалай қалыптасқан. Мәселен қазақ даласында Рамазан келді деп жар салып, «Жарапазан» айтылса, Мысыр мемлекетінде адамдарды сәресіне ұрмалы-соқпалы аспаптармен ояту, ал Сауд Арабиясында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) заманындағыдай сәресіге және таң намазына бөлек-бөлек азан айту дәстүрге айналған.

 

БАӘ-ДЕГІ «ХАҚ ӘЛ-ЛӘЙЛӘ» ДӘСТҮРІ

Көпшілік Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бұл дәстүрді батыс елдерінің Хэллоуиніне теңестіріп жатады. Бірақ «Хақ әл-Ләйләнің» мақсаты – ел арасында, әсіресе балаларға Рамазанның маңызын түсіндіру. Бір ерекшелігі «Хақ әл-Ләйлә» Рамазанға екі аптадай қалғанда, яғни Шағбан айының 15-і күнінен басталса, балалар әдемі киініп, әндетіп, думандатып, көшеден тәттілер жинай жүріп, кездескен адамдарына «Алла бізге және сізге разы болып, Меккеге баруыңызды нәсіп етсін!» дұға етеді.

 

 

БАӘ-дегі тағы бір ерекше дәстүрдің бірі – күнделікті сәресі мен ауызашар уақытындағы «зеңбіректен оқ ату». Х ғасырда Мысыр жерінде пайда болған бұл дәстүр БАӘ-нің бірнеше қаласында әлі күнге жалғасып келеді. Әрине зеңбірек дауысынан балалар қорықпас үшін қаладан 10 шақырым қашықтықта 170 децибел мөлшерінде Рамазан басталғанда бірден екі рет оқ атылады, ал күнделікті сәресі біткенде және ауызашарда бір-ақ рет атылады. Осылайша бұл елде әр Рамазан сайын 200-ге жуық зеңбірек оғы көкке ұшады. Айтпақшы бұл дәстүр басқа да араб елдерінде сақталған. Мәселен Ливанда тек ауызашарда ғана отты зеңбірек атуды мидфа әл-ифтар деп атайды. Ол жақтың мұсылмандары үшін зеңбірекпен білдірсе де, ауызашар уақытын хабарлау игі іс саналады.
Сондай-ақ Рамазан айының күндізгі уақытында көшеде, қоғамдық орындарда тамақ ішіп-жеу, темекі шегу, сағыз шайнауға қатаң тыйым салынған. БАӘ қылмыстық кодексінің 313-бабына сәйкес бұл тәртіпке бағынбағандар бір ай бас бостандығынан айырылады немесе 2000 дирхам (545 АҚШ доллары) айыппұл төлейді. Бұрын ораза кезінде ешбір дәмхана жұмыс істемесе, соңғы жылдары Дубай қаласында ауыз бекітпеген жандар үшін белгілі бір шектеулермен кафелер жұмыс істей бастады.

 

КУВЕЙТТЕГІ «КАРКИАН»

Кувейт мемлекетінде «Каркиан» деген дәстүр қалыптасқан. Сыртқы көрінісі жоғарыда айтқан «Хақ әл-Ләйләға» ұқсағанымен, «Каркиан» Рамазан айына дейін емес, осы айдың үш күнінде жүзеге асады. Балалар дәстүрлі киімдерін киіп, Рамазанға қатысты әндер орындайды. Сондай-ақ балақайлар салған әндердің сөздері көшедегі көріністер, кездескен адамдарға қарай өзгеріп отырады. Ерекше көңіл-күйде думандатып жүрген балалар Рамазан жайлы біле бастаса, әндетіп жүрген оларға ораза ұстаушылар сыйлық беріп қуантады.

 

 

ИНДОНЕЗИЯДА «ПАДУСАН» ҚАБЫЛДАЙДЫ

«Падусан», яғни толықтай жуыну үшін душ қабылдау – Индонезия мұсылмандарының Рамазанға дайындығы. Ең көп мұсылман халқы саналатын ел тұрғындары жергілікті табиғи бассейн, өзен-көлдерге түсіп, адам оразаға тәнін де, жанын да тазалап кіруі тиіс деген сенімде. Ал явалық мұсылмандар падусан орындайтын табиғи бассейндер Индонезия жерінде өте көп.

 

 

ФАНУС ПЕН МЕСАХАРАТИ

Көбіне Ислам дініне қатысты суреттердің символына айналып кеткен фанус шамдары Мысыр жерінде Рамазан келгенде ерекше жарқырай түседі. Ерекше дизайнмен жасалған металл мен шыны араласқан Рамазан шамдары Мысыр елінің қала көшелерінде, жеке үйлерге ерекше әр беретіні даусыз. Фанус шамдары әсіресе қараңғы жерлерде ерекше жарқырап, көшенің көркін келтіріп тұрады. Ал сол көшелермен жаяу жүріп, дауылпазды жәй-жәй қағып мысырлық мұсылмандарды сәресіге оятатын арнайы адамдар бар. Оларды месахарати деп атайды. Бауырын сәресіне ояту ізгі амал саналғандықтан, мұсылмандар көп шоғырланған мемлекеттерде месахарати қызметі күні бүгінге дейін қолданылып келеді. Бұл – қазақтың жарапазанына келетін араб елдерінің, Мысыр мен Иорданияның игі дәстүрі. 

 

 

ТҮРІК ДАУЫЛПАЗШЫЛАРЫ

Месахаратилер аспапты жәй ұрса, түрік ағайындар мұсылмандарды сәресіне ояту үшін дауылпазды қатты ұрғылайды. «Тұр-тұрдан хабар келсе, ұйқыдан маза кетер» демекші, Түркия көшелеріндегі «Дауылдың» (Давул) дыбысына оянбау мүмкін емес. Әйтсе де Рамазан айында тәтті ұйқысын бұзған дауылпазшыларға ешкім ренжи қоймайды. Керісінше қолы жомарт тұрғындар сәресіге оятқан дауылпазшыларға құрмет көрсетіп, сый жасайды. Тіпті оларды күнделікті сәресіне ояту үшін арнайы үйіне шақыратындар да кездеседі екен.

 

 

НАФАР – МАРОККО ЖАРАПАЗАНЫ

Қатты ұйқыда жатқан марокколықтарды Рамазан кезінде Нафардың құлаққа жағымды әдемі әуені сәресіне оятады. Нафарлар мұсылмандарды сәресіне оятуды өздеріне міндет етіп алған, яғни оған қызметі секілді қарайды. Өздерінің дәстүрлі гандорасын, бас киімі мен қарапайым сүйретпесін киіп, қала көшелерімен әндетіп өтеді. Бұл қызметке өте ұқыпты, шыншыл ер-азаматтар тартылады. Ал Рамазанның соңғы сәресіне оятқан кезде Марокконың осы дәстүрін жалғастырғаны үшін арнайы марапатталып, сый-сияпатқа бөленеді.

 

 

ҮШ ЕЛГЕ ОРТАҚ – ЧААНД РААТ

Бангладеш, Үндістан мен Пәкістанға ортақ дәстүр Чаанд Раат деп аталады. Оңтүстік Азияның әйелдері қолға қынамен сурет салудан алдына жан салмайды. Олар Рамазанның соңғы күндерін «Чаанд Раат» деп атап, осы күндері әйелдер қолының білезік тұсына ою-өрнекті суреттер салады. Чаанд Раат «Айдың түні» деген мағынаны береді. Тек сурет салып қана қоймай, бұл мерекені отбасы, дос-жаран, көрші-көлеммен бірге атап өтеді. Дастарқан жайылып, түрлі тәттіден дәм ауыз тиеді. Бұл – Бангладеш, Үндістан мен Пәкістанда аталып өтетін Ораза айт алдындағы ауызашар мерекесі десек қателеспейміз.

 

 

Байқасаңыз, барлық мұсылман мемлекетінің игі дәстүрі ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетімен сабақтасып жатыр. Бәрінде де жан тазалығы, бір-біріне мейірімді болу, жалғыз емес жамағатпен жүру, бірлік-татулықта өмір сүру – басты қағида. Берекесі тасыған Рамазан айы барша әлемнің мұсылмандары үшін құтты болсын!

 

Дайындаған Ермұрат ШОПАН

«Мұнара» газеті, №7, 2022 жыл

Предыдущий Следующий
ҚҰРАН МЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЙЫ ОРАЗА – НӘПСІМЕН КҮРЕСУ МАУСЫМЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Рамазан ОРАЗА – НӘПСІМЕН КҮРЕСУ МАУСЫМЫ
Қасиетті Рамазан айы мұсылман баласын рухани тұрғыдан  тәрбиелейді. Рамазандағы рухани тәрбиенің бірі – нәпсі қалауымен күресу.
Рамазан РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ
Жыл сайын мұсылман үмбетін шын қуанышқа бөлеп, иманның ләззатын сезіндіріп, ғибадаттың мәнін ұқтыратын рамазан айы да жақындап келеді. Ол Бақара сүресінің 185 -ші аятында айтылғандай «адамдарға тура жол нұсқаушы, бекем тұтынатын жолбасшы...ретінде түсірілген ай»....
Рамазан ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-САНАСЫ ДІНМЕН ҮНДЕСЕДІ
Шамалы күннен соң Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамымен қатарласа барша мұсылман жамағаты үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталады. Осы киелі ай қарсаңында халықтың оразаға дайындығы, елдегі діни ахуал, дін мен дәстүрдің сабақтастығы турасында Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен сұхбатт...
Рамазан РАМАЗАН АЙЫНЫҢ ҚАСИЕТІ
Рамазан – жыл он екі айда бір келетін, асыл дінімізде әлемдердің Раббысы, Алланың кәләмі Құрани Кәріммен бекітілген қасиетті ай болып табылады.
Рамазан ОРАЗА ҚАЗАСЫ ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?
Оразаның қазасын қалай өтеу керектігі жөніндегі сауалдардың ең маңызды дегенін сұрақ-жауап айдарымен беруді жөн көрдік.
Рамазан РАМАЗАННАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙЫМЫЗ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір сүйінші хабарында: «Алла Тағала айт күні періштелерінің алдында Өзінің пенделерін мақтаныш етіп: «Періштелерім! Өз ісін атқарған қызметшінің хақы қандай?», - деп сұрағанда, періштелер: «Уа, Раббымыз! Оның хақы – ақысын толық төлеу», ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 00:27

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi