Алғыс айту – асыл қасиет
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Алғыс айту – асыл қасиет

| A | +

1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.

Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады. Міне, осы күннен бастап жыл сайын мереке ретінде өткізіліп келеді. Алғыс айту мерекесі күні туралы Қазақстанның Тұңғыш Президенті : «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн, яғни 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұл күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Осы орайда қасиетті  Құран Кәрімде: «Сонда Мұса өз еліне: «Алланың сендерді перғауынның әулетінен құтқарып, өздеріңе жасаған игілігін еске алыңдар. Олар сендерді ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдырып, ең жаман азапқа салатын еді. Міне, осында сендерге, өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар» деген еді. Әрі сонда сендердің Раббың: «Егер шүкір етсеңдер, сендерге оны міндетті түрде арттыра беремін. Ал егер күпірлік етсеңдер, шын мәнінде азабым өте қатты» деп жариялады» («Ибраһим» сүресі, 6-7 аяттар) деген аят Мұса пайғамбар халқының басынан өткерген адам төзгісіз қиындықтардан Жаратқан Алла құтқарғанын ескерте отырып, тұтастай бір елдің бейбіт өмір сүруі өлшеусіз бақыт екенін жеткізуде. Ал осы мамыражай шуақты күндердің баянды болуы шүкірлікпен жалғасын табатыны да айтылуда. Алғыс айтуға қатысты Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Адамдарға алғыс айта алмаған адам, Аллаға шүкір ете алмайды» (Тирмизи, Әбу Дәуіт), «Адамдарға алғыс (шүкір) айтпағанның, Аллаға алғысы (шүкірі) жоқ» десе (Ахмет ибн Ханбал), енді бір хадисінде: «Сендерге жақсылық жасағанға жақсылығына сай оған да жақсылық жасаңдар. Оның жасаған жақсылығына тең келетін нәрсе таба алмасаңдар, теңестіргенге дейін оған дұға етіңдер» – деп сахабалары мен үмметін сыйға сый жасауға шақырады (Әбу Дәуіт).

Хазіреті Әли (р.а.): «Кейбіреулер бір нәрсе тілеп құлдық ұрады. Бұл – саудагердің құлшылығы. Базбіреулер қорыққанынан құлшылық жасайды. Бұл – малайдың құлшылығы. Тағы біреулер шүкірлік жасау үшін құлшылық етеді. Міне бұл – күллі жағымсыз істерден аулақ түрде жасалған, таңдаулылардың (хауастардың) құлшылығы», – деген екен. «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас» деген дана ата-бабаларымыз. Мұнда алғыс алудың бақыт пен жақсылықтың бастауы екендігін ұрпақ санасына сіңірген.

Сөзімізді түйіндей келе айтарымыз, өзара алғыс айту – адамдар арасындағы сенімді, сыйлайтықты арттыратын құрал. Адамның жан дүниесін тазартатын, жүрегін жұмсартатын, мейірімін оятатын сауапты іс. Әсіресе бір мүддеге негізделген, бір құндылықты бөліскен, бір мекенді ортақ Отан еткен адамдар арасындағы алғыс пен сыйластық қоғамның рухани тыныштығына, бауырмалдыққа жетелеп, Алланың ризашылығына қауыштыратын амал. Сондықтан айналамызға алғыспен қарау, басымызға келетін көптеген қарғыстан құтылудың жолы екенін естен шығармағанымыз дұрыс.

Бақдәулет АБДРАХМАНОВ,

Шымкент қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Үй шаруасы әйелдің міндеті ме? #6 Зиярат жасау әдебі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Басты бағдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алда атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді....
Қоғам Бала тәрбиесіне қатысты басты мәселе
Қоғамда бала тәрбиесі мен оның құқығына қатысты мәселе талқыланып, белгілі азаматтар мен белсенді тұлғалар отбасы құндылығын сақтап қалу жайлы пікірін білдіруде. Ұл мен қыз өсіріп, оның тәрбиесі мен болашағы үшін жауапты әке ретінде бұл мәселеге үн қосып отырмын....
Қоғам Өткен күнге өкпе жоқ, келер күннен үміт көп
Біз – өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатында сағымызды сындырып алмауға тырысқан жоралы жұртпыз. Аллаға шүкір, осындай игі ниет пен бірліктің арқасында талай нәубетті кезеңнен аман шығып, қиындықты еңсеріп келеміз....
Қоғам Діни кадр сапасы артып келеді
«Молда бол, балам» деп бата берген, діни тұлғаны аса құрметтеген қазақ елінің бүгінгі ахуалы қандай? Тәуелсіздік алып, мешіт саны көбейіп, оған имамдық ететін маманның білім деңгейі басты талап болып отырғаны белгілі....
Қоғам Елбасы шарапаты
Ойшыл-ғұлама Әл Фудайл бір сөзінде: «Егер қабыл болар тілегімді білгенімде, басшыға арнайы дұға жасар едім», – деген екен. Мұның сырын сұрағандар «Қарапайым адамның шарапаты айналасына тисе, ал басшының игі бастамалары, халықтың болашағы жолындағы қадамдары мен шешімдері күллі қоғамға, қауымға, мемл...
Қоғам Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі
Егемен еліміз Қазақстанның бүгінгі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленеді және бұл көрініс әлемдік деңгейде мойындалып отырғаны сөзсіз. Осы арқылы біз дінді тек уағыз-насихат жүргізу жұмысындағы құрал емес, ол бүгінгі қоғамдық қатынастарды реттеудің басты әрі қуатты...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 00:10

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi