Діни кадр сапасы артып келеді
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Діни кадр сапасы артып келеді

| A | +

«Молда бол, балам» деп бата берген, діни тұлғаны аса құрметтеген қазақ елінің бүгінгі ахуалы қандай? Тәуелсіздік алып, мешіт саны көбейіп, оған имамдық ететін маманның білім деңгейі басты талап болып отырғаны белгілі.

Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға аса назар аударып отыр. Тіпті жұмысқа тағайындалатын мамандарды арнайы тестілеуден өткізіп, ұсыныс арқылы бекітеді. Бұл халыққа рухани көшбасшы болар имамдық қызметтің құндылығын білдіріп тұр. Дана халқымызда «шала молда – дін бұзар» деген мақал бар. Дін мәселесі – қылдан жіңішке, қылыштан өткір, шыныдан нәзік дүние. Өйткені ол адамның сеніміне байланысты нәрсе. Ал кінің сеніміне селкеу түссе, Ислам деген асыл, таза дінді қаралап шыға келеді. Осындай жағдайлар орын алмас үшін жұртшылық діни сауатты болуы қажет. Ол үшін ең алдымен жұртшылыққа бағыт-бағдар беретін имам жан-жақты білімді болуы керек.

Қазіргі уақытта бұл талап қалай орындалып жатыр? Жамбыл облысының дін мамандары жайлы нақты ақпаратты мысалға келтірейік. Бүгінде біздің Жамбыл өңірі бойынша 400 дін қызметкері қызмет етеді. Оның 88-і – бас имам, 47-сі – наиб имам, 28-і – ұстаз, 30-ы – азаншы, 207-сі – молда. Осы 400 дін қызметкерінің 103-і ғана діни жоғары білім алған. Олар шет елдегі және еліміздегі ЖОО-ын тәмамдаған. Ал жалпы мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында оқығандары – 37. Облыста 1 Phd докторы мен 10 магистр бар. Бұл барлық көрсеткіштің 25,8%-ын құрайды.

Орта білімді мамандардың саны – 70, ол 17,5% пайызды құрайды. Ал діни курс оқығандар – 227 адам, яғни 56,7%.  Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда жоғары білімділер 43,6%-ға, ал орта білімділер 21,4%-ға көбейген. Яғни дін саласында өсу байқалып тұр. 2019 жылы жоғары білімділер (58 адам) 15%, орта білімділер (55 адам) 14%, діни курс оқығандар саны (284 адам) 71% көрсеткішті көрсеткен болатын.

Биылғы 2020 жылы Жамбыл облысына 40 жаңа қызметкер келді. Олардың арасында 10 жоғары білімді, 1 магистр, 14 орта білімді мамандар бар. Облысымыздағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде оқыған шәкірттер, білімін тағы жетілдіріп, өз ордасына кадр есебінде қайта оралуда. Мәселен, биыл оқуын тәмамдаған 14 шәкірттің 4-еуі, біздің өңірден басқа да медреселерге барып білім алған 28 кадрдың 5-еуі өз өңірімізде жұмысқа орналасты. Жалпы облыс бойынша қызмет жасап жүрген мамандардың ішінде 16 қари бар. Сонымен қатар «Қордай Құран қарилар дайындау» орталығынан 22 қари бітіріп шықты.

Бүгінгі имамның кескін-келбеті заманауи талаптарға сай болуы керектігі мүфтият бекіткен құжаттарда да айшықтала жазылды. Бұл мешіт қызметкерінің қызметі бес уақыт намаз оқумен және діни жоралғыларды өткізумен шектелмейтінін көрсетеді. Әсіресе имамдардың халыққа жақындауы үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихат жүргізуі де маңызды. Сол себепті де қызмет жасап жүрген мамандарды жыл сайын оқуға жіберу, болашақ мамандарды даярлауға күш жұмсалуда.

Жыл басынан бері 6 дін қызметкері Ислам институтында білімін жетілдірсе, өңірлік білім жетілдіру курстарында 68 қызметкер оқудан өтті. Облыс бойынша 72 діни сауат ашу курсы бар. Олардың 39-ы толық жыл бойы сабақ өтетін курстар болса, қалғаны – маусымдық білім беру орындары. 

Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз қараңғы түн сияқты. Ислам дінінде адамзат баласына қоятын ең басты талап – білім алу, оқу және іздену. Құран Кәрімнің алғашқы аяты да: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!..» («Алақ» сүресі, 1-аят) деп басталады. Жаратушы Алла бізге: «Раббым! Менің білімімді арттыр!» деп дұға жасауды да үйретті («Таһа» сүресі, 114-аят). Тағы бір аятта: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» деп білім иелерін ардақтайды («Зумар» сүресі, 9-аят).

Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы Исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. «Садақаның ең абзалы – бір мұсылманның білім үйреніп, кейін оны өзге мұсылман бауырына үйреткені» дейді  шариғатымызда (Ибн Мәжа). Бабаларымыз «Білім инемен құдық қазғандай» деп текке айтпаса керек. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деп айтқанындай, қай заманда болмасын ілім алу бірінші орында тұру қажет. Қазіргі таңда дін мамандарының деңгейі мен қатарының артып келе жатқаны – бүкіл ел үшін қуаныш. Бұл мамандыққа ең мықты, үздік жастар оқуға түсіп, қызмет жасауы тиіс. Өйткені жауапкершілік бір ғана адамға емес күллі ұлтқа жүктеледі. Халқымыз «Білім тұрған жерде иман тұрады» дейді. Ал жүрегінде иманы толық әрбір адам Отан үшін қызмет қылып, елдің өркендеуіне үлес қосары сөзсіз. Дін маманы болу тек шариғи рәсімдерді сауатты орындап қою ғана дегенді білдірмейді. Ол – ұрпаққа ибалы, иманды, ұлттық тәрбиемізді үйретуші, Абай айтқан өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шақпақтар жайлаған қазіргі таңда адамзатты жақсылыққа шақырушы, жақсы өмір сүрудің Алла үйреткен жолын еске салып, рухани дамуға, толық адам болуға жол көрсетуші. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім білім іздеу жолына түссе, Алла Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді» (Мүслім) деп білім ізденушілерді жәннатпен сүйіншілеген. Кез келген адамды біліммен сусындандырушы – бір Алла. Сондықтан әрбір намазда, әрбір дұға қабыл болатын сәтте Алла Тағаладан екі дүниеге пайдалы білім сұрағанымыз абзал.

 

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ,

Жамбыл облысының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28 Елбасы шарапаты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Елбасы шарапаты
Ойшыл-ғұлама Әл Фудайл бір сөзінде: «Егер қабыл болар тілегімді білгенімде, басшыға арнайы дұға жасар едім», – деген екен. Мұның сырын сұрағандар «Қарапайым адамның шарапаты айналасына тисе, ал басшының игі бастамалары, халықтың болашағы жолындағы қадамдары мен шешімдері күллі қоғамға, қауымға, мемл...
Қоғам Дін бірлігі – тәуелсіздік тірегі
Егемен еліміз Қазақстанның бүгінгі жағдайы рухани келісім мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерекшеленеді және бұл көрініс әлемдік деңгейде мойындалып отырғаны сөзсіз. Осы арқылы біз дінді тек уағыз-насихат жүргізу жұмысындағы құрал емес, ол бүгінгі қоғамдық қатынастарды реттеудің басты әрі қуатты...
Қоғам Жанболат САПАШОВ: «Подкаст сұхбаттарымыз көптің көңілінен шықты»
Елдегі пандемия жағдайына байланысты мешіттердегі діни насихаттар онлайн форматқа ауысқалы мінберде айтылатын уағыздарды монитор алдына отырып тыңдап келеміз. Осындай онлайн дәрістер мен сұхбаттарды жаңаша форматта өткізіп жүрген Алматыдағы «Орбита-3» мешітінің бас имамы, подкастер Жанболат Сапашовп...
Қоғам Серікхан АХМАДИЕВ: Тойдағы ысырапшылдық
Әлемдегі өркениетке қазақ халқыныңда өзіндік қосқан үлесі зор. Оны ұлтымыздың қол жеткізген жетістіктерімен қатар тарихтан, әдебиеттен, әдет-ғұрып және салт-дәстүрін саралай отырып көз жеткізуге болады. Сондай-ақ халқымыздың дүние-танымы мен өмірлік ұстанымдарын зерделегенде айқын аңғарылады. Бұл қа...
Қоғам Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ: Интернет арқылы пәтуа сұраушылар саны көбейді
Назарларыңызға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай Құрбанұлымен өткен сұхбатымызды ұсынып отырмыз....
Қоғам Отбасы бақыты
«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жылдар бойғы жиған тәжірибесін, ғасырлардан алған ғибратын екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп үйренген данышпан халқымыздың осы бір сөзінде батпандай ауыр салмақ, бай мағына жатқандай. Отан деген қастерлі ұғым адам санасына ең алдымен отбасы аясында орнықпаса...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 04:17

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi