ӘЗ-НАУРЫЗ – діни емес, ұлттық мереке
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ӘЗ-НАУРЫЗ – діни емес, ұлттық мереке

| A | +

Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің рухани құндылығы, салт-дәстүрі, діні мен тілі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Соның ішінде жыл басы, күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі – әз-Наурыз.

 

Қазақ халқы ерте заманнан бері осынау күнді ерекше сезіммен қарсы алған. Қыстан күйзеліп шыққан, аузы аққа тиген ел Құдайға шүкірлік айтып, мереке қылған. Ағаш отырғызу, ұлттық тағамдарды әзірлеу, түрлі спорт ойындарын өткізу арқылы халқымыз бұл күннің құрметіне бір-бірін құшағына алып, төс қағыстырып, қайта жарасып жатқан, адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурыз көже болған. Көже ішу жыл бойы тоқшылық болудың белгісі саналған. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Атам Қазақ әз-Наурыз мерекесінде «Ақ мол болсын!», «Жаратушымыз жарылқасын!» деп, ізгі тілектерін айтқан.

 

Наурызға қатысты ел ішінде әр алуан ой тудырып, қисынсыз пікір таратушылар да жоқ емес. Олар бұл мейрамның ежелгі отқа табынушылардың діни рәсімі екендігін, исламға қарсы тұстарын қамтитындығын алға тартқан. Ертеде шығыс халықтары Наурыздың 21-ші жұлдызында түнде отты алаулатып жағып, жаңа жылды жарықпен қарсы алатын болған. Наурыз мерекесінде олар от жағып, үстінен секірген, солай өздерін пәле-жаладан тазартқан.

 

Алайда, отқа табыну ислам сенімі бойынша Ұлы Жаратушыға серік қосқандық (шірк) болып саналады. Ханафи мәзһабының фиқһ және пәтуа кітаптарында кездесетін ғұламаларымыздың наурызға қатысты «тойлау харам, тойлау күпірлік» секілді үкімдері тікелей отқа табынушылық дініне қатысты айтылған. Яғни, отқа табынушылық дінін ұлықтау мақсатында азғындық қылықтар жасау, ритуалдарын жүзеге асыру хақ сенімге қайшы болғандықтан бұл мерекені тойлаған кісі «күпірлікке түседі, харам іс жасағандардың қатарына жатады» деп  үкім берген. Ал қазіргі уақытта мерекенің аты қалғанымен, оның бұрынғы мазмұны мен маңызы, өткізу тәртібі түбегейлі өзгерді, жойылды. Кейінгі дәуірлерде мұсылман басшыларының да наурыздың тойлануына қарсылық білдірмегені сондықтан шығар.

 

Хазіреті Әли және Муғауия сынды сахабалардың Наурыз мерекесіне қарсы болмағандығы тарих кітаптарынан мәлім. Тарихшы әл-Хатыб әл-Бағдадидің айтуынша, имам Әбу Ханифаның атасы Нұғман ибн Марзубан сахаба Әли ибн Әби Талибке (р.а.) наурыз күні «фәлузаж» деп аталатын бір тәтті тағам ұсынған. Хазіреті Әли (р.а.): «Бұл не?» – деп, сұрағанда Нұғман ибн Мәрзубан: «Наурыз күніне орай пісірілген тәтті тағам», – деп жауап берген. Сонда сахаба Әли (р.а.): «Бізге күніге осындай наурыз тағамын әкеліп тұрыңдар», – деген екен.

 

Әл-Яқуби өзінің тарих кітабында: «Сахаба Муғауия (халифа болып тұрған тұста) Басраның әкімі Абдуррахман ибн Әби Бәкраға хат жолдап, өзіне наурыз сыйлықтарын әкелуге бұйрық берген» деген дерек келтіреді. Егер наурыз мерекесі өз алдына харам болса, онда оған орай жасалған сыйлық та харам болуы керек еді.

 

Кез-келген салт немесе дәстүр халықтың діни ұстанымдарына қарай бейімделеді. Наурыздың қазіргі бет-бейнесі біздің салтымыз бен діни құндылықтарымызға әбден сіңіскен деуге болады. Бүгінде наурыз мейрамы діни ерекшеліктерін жоғалтып, отқа табынушылық дінінің элементтерінен ада, халық арасында тек дәстүр ретінде қалыптасқан. Оған дәлел мұсылман тіршілігіне қатысты сан алуан салалардағы іс-әрекеттердің заңдылық сипатын анықтайтын фиқһ ілімінің негіздерінде «Әдет-ғұрып – төреші», яғни нақтылы дәлелдер келмеген кейбір мәселелерде адамдар арасында қалыптасқан әдет-ғұрыпқа жүгініп, солардың негізінде үкім шығарылады деген заңнамалық қағида.

 

Наурыз мерекесін тойлау шариғатқа қайшы емес, оны бұзылған діни сенімдерге байланыстыруға да ешқандай негіз жоқ, керісінше осындай салт-дәстүрлеріміз арқылы халқымыздың ынтымақ-бірлігі күшейеді, туыстық, достық қарым-қатынастар нығаяды, сүйіспеншіліктері артады. Ендеше, әз-Наурызды жатсыну, халық арасында дау тудыру, салт-санаға шабуыл жасау – ағаттық. Діні мен дүниесін қатар ұстаған халқымыздың бұрын бөлмегенін бүгін бөлудің ешқандай мәні жоқ. 

 

fatua.kz

Предыдущий Следующий
САДУМ шығарған ислам журналы Жұлдызнамаға (гороскоп) сенуге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Қалмахан ЕРЖАН: «Діни фанатизмге жол бере алмаймыз»
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі 1993 жылы 16 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың қатысуымен өткен. Іргетасы қаланған оқу орны алғашқы студенттерді 2001 жылы 1 қыркүйекте қабылдап, дә...
Қоғам Отан және иман
Қазіргі заманымызда өзгемен терезесі тең тәуелсіз, дербес ел болу – әрбір ұлт пен ұлыстың маңдайына бұйыра бермейтін үлкен бақыт. Жер бетінде ұзынсаны қазақтың санынан әлденеше есе асып кететін, алайда дербес ел бола алмай, басқаның бодауында жүрген талай жұрт бар. Осындайда сайын даланың дуалы ауыз...
Қоғам ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК
Қадірлі жамағат! Баршаңызды Алланың теңдессіз нығметі – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасына бақ пен береке, ырыс пен табыс тілеймін! Азат елдің арайлап атқан әр таңы қуаныш пен жақсылыққа толы болғай!...
Қоғам Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад - білімсіздікпен күрес
Бүгінде әлемнің берекесін кетіріп, Ислам дініне күйе жағып, дәстүрлі діннің атына нұқсан келтірген қаншама жалған халифат идеясындағы террористік ұйымдардың идеологиясы тоқтар емес....
Қоғам К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді
Соңғы кездері елімізде ҚМДБ-ға қарасты бірнеше қайырымдылық мекемесі ашылды. Мұндай мекемелер нақты қандай қызметпен айналысады деген сауалға жауап алу үшін Kazislam.kz порталы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевпен сұхбаттасқан еді....
Қоғам Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады
– Мұхаммед әш-Шаххат мырза, Қазақстанға келгеніңізге де бір жылдан асты. Сұхбатты Нұр-Мүбарак университетінде маман даярлауға қатысты басты ұстанымыңыздан бастасақ?...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 02:19

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi