ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК

| A | +

Серікбай қажы ОРАЗ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қадірлі жамағат!

Баршаңызды Алланың теңдессіз нығметі – Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Әр отбасына бақ пен береке, ырыс пен табыс тілеймін! Азат елдің арайлап атқан әр таңы қуаныш пен жақсылыққа толы болғай!

Аллаға шүкір, біздің басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз. Елдің амандығы мен жердің тыныштығынан, халықтың бірлігі мен бейбітшілігінен асқан құндылық жоқ. Біз қандай белесті бағындырсақ та, қандай асудан ассақ та, тәуелсіздігіміздің арқасында көптеген жетістіктерге жеттік. Тәубе дейміз...

Бостандықтың қадірін босқын адам жақсы біледі емес пе? Жаратушы Жаббар Иеміз босқын жұрттың жағдайынан сақтасын. Біз азаттыққа небір нәубетті күндерді бастан кешіп, арпалысып, алысып жеткен халықпыз. Ендігі мақсат – тәуелсіздік туы астында бірігіп, ел игілігі мен халық бірлігі жолында қызмет ету. Осындайда: «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес», – деген халық даналығы ойға оралады.

Біз Елордада өткен ІІІ республикалық имамдар форумында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы құжатын қабылдадық. Осы тәлімдік құжаттың екінші ұстыны, яғни, әр мұсылманның тұлабойынан көрінуі тиіс қасиет ретінде «отаншылдық» ұғымын бекіттік.

«Отанды сүю – иманнан», – деген аталы сөз бар. Бұл – тілге жеңіл болғанмен, жүрекке жылы тиетін нақыл. Отбасын ізгілікке тәрбиелеу, елдің игілігіне қызмет ету, тұрақтылық пен тыныштыққа тілеулес болу, міне, Отанды сүю деген осыдан басталады. Отаншыл адам өз ортасын береке мен бірлікке бөлеп, ізгілікке үндеп жүреді.

Адамның жүрегі тыныштық тауып, тынығып та алатын, құлшылық та жасайтын мекені – өз үйі. Кез келген кісі өз үйінде өзін еркін сезініп, ерекше сезімге бөленеді. Мұндайда халық даналығы: «Өз үйім – өлең тесегім», – дейді.

Қай жерде, қай үйде үлде мен бүлдеге оранып, қошеметке бөленіп жүргенімізбен, өз үйімізге сағынышпен ораламыз. Өйткені, біздің жүрегіміз өз үйімізге байланған. Сол секілді, қаншама елді шарлап, саяхат жасағанымызбен, өз Отанымыздың қадіріне жетіп, ерекше сағынышпен кері қайтамыз. «Әр нәрсе өз негізіне, өз тұрағына қайтады», – деген тағылымды тұжырымның пәлсапалық мәні мен мағынасы осы болса керек...

Иә, расында, туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас. Бірде туған жері – Меккеден жырақтап бара жатқан ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сен жер бетіндегі ең көрікті, ең сүйікті мекенсің. Мен үшін сенен артық жер жоқ. Егер тағдыр тауқыметіне ұшырамағанымда, өзіңнен бір сәтке де алыстамас едім», – деген екен. Бұл – бізге үлкен сабақ. Пайғамбардың өнегелі өмірінен тәлім алған әр мұсылман өз Отанын қызғыштай қорғауы тиіс.  

Құрметті қауым!

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Алла Тағала бірлігіміз бен берекемізді баянды етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, елдігіміздің іргесі берік болсын! Әмин!

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Жасөспірімдердің діни ағымға еруіне әлеуметтік желінің әсері бар - теолог Ғарышқа ұшқан мұсылмандар

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад - білімсіздікпен күрес
Бүгінде әлемнің берекесін кетіріп, Ислам дініне күйе жағып, дәстүрлі діннің атына нұқсан келтірген қаншама жалған халифат идеясындағы террористік ұйымдардың идеологиясы тоқтар емес....
Қоғам К.Тұрдыбаев: ҚМДБ қайырымдылық мекемелері жастарға қолдау көрсетеді
Соңғы кездері елімізде ҚМДБ-ға қарасты бірнеше қайырымдылық мекемесі ашылды. Мұндай мекемелер нақты қандай қызметпен айналысады деген сауалға жауап алу үшін Kazislam.kz порталы ҚМДБ Қайырымдылық және уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаевпен сұхбаттасқан еді....
Қоғам Мұхаммед әл-Жинди: Мұсылманшылық – қарапайым қағидалардан басталады
– Мұхаммед әш-Шаххат мырза, Қазақстанға келгеніңізге де бір жылдан асты. Сұхбатты Нұр-Мүбарак университетінде маман даярлауға қатысты басты ұстанымыңыздан бастасақ?...
Қоғам Күз маусымында кәдеңізге жарар кеңес
Күрең күздегі торығу, көңілсіздік, жалқаулық артқа тартып, қолыңызды істен, ойыңызды зікірден тосып жатыр ма? Адамдардың көпшілігі осы маусымда психологтардың көмегіне жүгініп, барынша пайдалы тренингтерге қатысып, денсаулығын айрықша күте бастайтыны жасырын емес....
Мұсылман қорғаны Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Депрессия – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып,...
Қоғам Қайырымдылық - қайырлы іс
Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны белгілі. Осы тұрғыда ислам дінінде де мұсылманның мұсылманға бауыр, деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыру адамдар арас...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:19

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi