Баланың қарилыққа қадамы басталатын орталық
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Баланың қарилыққа қадамы басталатын орталық

| A | +

Бір күні құрбым әңгіме арасында Алматыдағы Байкен мешітінде балаларға Құран үйрететін орталық барын айтты. Шыны керек, елең ете қалдым. Бұрын-соңды естімеген едім. Іштей қуанып, орталық туралы сұрай бастадым. Құрбым азды-көпті ақпарат берді де, Instagram желісіндегі парақшаны көрсеттім. Жазбаларын қарап отырып, болашақ қари балалардың қызығы мен шыжығына «батып» кеттім. Менің «Балапан қари» орталығымен таныстығым осылай басталды. Мұндай игі істен көпшіліктің де хабардар болуы тиіс деп орталықтың ұстазымен тілдескен едік. Ендігі әңгімені кейіпкерден естігеніңіз қызығырақ болатын сияқты. 

 

Сұхбат беруші жайлы ақпарат айта кетейік. Малика Ергешованың жасы 29-да. Тұрмыста. 2009-2013 жылдары арнайы хужрада (Құран жаттау орталығы) оқып, 2014 жылы Мысыр еліне барып, Құран жаттайды. Араға төрт жыл салып Байкен мешітіне қызметке орналасады. Сол жылы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіне магистратурға түседі. Бүгінде диссертациялық жұмысын жазып жатыр.   

 

Орталыққа келер болсақ, 2019 жылы 3 наурызда ашылған. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде 50-ден аса шәкірт сабақ алыпты. Қазіргі таңда 47 бала білім алып жатыр. Сабақтың алғашқы 15 минутында шәкірттер үйге берілген сүрені хормен 5-6 рет айтады. Одан соң 20 минут көлемінде жаңа сүре жаттайды. «Балалар жалықпас үшін арасында Алла, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), ислами әдептері туралы айтып отырамын. Балалар Пайғамбарлар қиссасын ерекше ұйып тыңдайды. Кейде  «Ұстаз, қашан Пайғамбарлар туралы айтасыз?" деп отырады. Шәкірттеріміздің үлгерімі жақсы. Сабақ сенбі және жексенбі күндері өтеді. Мен жаңа сүрені айтқызып, үйретемін. Сөйтіп үйге барған соң ата-аналары қайталатады. 5-6 жастағы балалар араб әріптерін, күнделікті дұғаларды біледі. Қазір Құранның қысқа сүрелерін жаттап жатырмыз. Ал,  7 жастағы балалар Құранға түсті. Қысқа сүрелерді Құраннан оқып бастадық» дейді Малика Айтжанқызы.

 

 

Айтқандай, кейіпкеріміз Құранды Мысырға барып жаттаған. Мұндай маманның әдістемесі де ерекше болуы тиіс. Баланың тез шаршап, жалығатынын ескерсек, Құранға деген махаббатын ояту үшін біраз еңбектену керегі тағы бар. Жалпы алғанда сабақ 50 минут өтеді. 15 минут үй тапсырмасы тексеріліп, артында 20 минут жаңа сүремен таныстырып, жаттатады. Одан соң 10 минуттай сергіту сәтін өткізіп, ойын ойналады да, сабақ соңында 5 минуттай жаңа сүрені қайталайды. 

 

Баланың жүрген жері қызыққа толы болады. Сабақ барысында біраз қызық жағдайлар да болып тұрады екен. Солардың бірнешеуін ұстаз еске түсірді. «Балаларға әріптерді қимылмен жаттатамын. Мысалы: «әлиф» дегенде – оң қолды, «бә» дегенде сол қолды көтеремін. Осылайша балалар маған ілесіп, әріптерді жаттайды. 4 әріпті жаттағаннан кейін «Балалар, енді…" деп ойланып, қолымды бетіме апарсам, бәрі солай істеп тұр.

 

Тағы бірде бір ана келіп, «Өтініш, балама айтыңызшы, үйге барғанда Құран жаттасын. Сіз айтсаңыз, істейді» деді. Содан баланы шақырып, «Балапан, анаң саған Құран жатта десе, отырып, жатта» деп айта бастасам, дереу отыра қалды. Анасы күліп, «Айттым ғой, сіз не айтсаңыз, соны жасайды» деп күлді. Әр сабақтан кейін балаларды құшақтап, шығарып салам. Әдетте, ең кішкентай  4 жасар қызды бірінші құшақтайтынмын. Сол жолы ұмытып кетіппін. Бір кезде қатты жылаған дауыс естілді. Шықсам, кішкентай жылап отыр екен. Не болғанын сұрасам, жылап айта алмайды. Сөйтсем, менің бірінші оны құшақтамағаныма ренжіп қалған екен» деп еске алды орталық ұстазы.

 

Малика Ергешова кішкентайынан Құран жаттаған балаларға қызығады екен. Өзі Құранның алғашқы әріптерін 18 жасында үйренген екен. Бала кезден үйренбегендіктен кішкентай қариларды көргенде қызығатынын айтты. «Байкен мешітінде қызмет етіп жүріп, балақайларға Құран үйретсем деген ниет болатын. Бірақ осындай орталық болып ашылады деп ойламадым. Негізі алғашында балаларға сабақ қызықты өту үшін қандай ойыншықтар пайдаланатынымды қарастырып жүрдім. Кейін Алланың қалауымен, Бас имам қолдап, осы орталықты ашуға бел будық. Сыныптың орындықтарына, толық безендіруіне дін жанашырлары көмектесті. Алла ол кісілерден разы болсын. Орталықтың ашылу барысында ешқандай қиындықтар болмады. Көмектесіп, қолдау көрсеткендер көп болды. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына, Алматы орталық мешітінің бас имамы Еркінбек Шоқай қариға және Байкен мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қариға алғысымды білдіремін» дейді ол.

 

Бала бойға біткеннен бастап тәрбие алады деседі. Сондықтан бұған бей-жай қарауға болмайды. «Расында балаға тәрбие беру құрсақтан басталады. Егер ана жүкті кезінде көп Құран оқыса, балаға болашақта үлкен пайдасы тиеді. Әр баланың қабілеті әртүрлі. Кейбір балалардың жаттау қабілеті өте жоғары болады. «Балапан қари» ашылған кезде 2,5 жастағы балалар да болған. Бірнеше сабақ барысында әріптерді қабылдап, айтып отыратын. Менің ойымша, балаға 3 жастан бастап, ақырын Құран үйрете бастау керек. Бірақ қысым көрсетіп, жаттауға мәжбүрлемеген дұрыс. Бала Құранды ата-анасынан қорыққанынан жаттамауы керек. Әр бала ерекше. Махаббатпен үйренген Құран жүректе қалады деп санаймын» дейді кейіпкеріміз.

 

«Осыдан бірнеше жыл бұрын «Үшқоңыр» лагерінде балаларға сабақ бердім. Сол жерде Айша есімді бес жасар қыз болатын. Кішкентай болса да, Құранның кез келген жерінен оқи алатын. Әр намазға бізбен бірге тұратын. Айшаны ерекше жақсы көргенім рас. Мен үшін жүздеген баланың ішіндегі ең өзгешесі еді. Жазғы уақытта таң намазы 4-те кіреді, намазға оятқанда жыламай, оянады. Әлі балиғат жасына толмаса да, бес уақыт намаз оқып, Құранды жақсы оқитын. Қазір Айша 8 жаста. Мен оның қари болғанын шын жүректен қалаймын».

 

Биыл наурызда орталықтың ашылғанына бір жыл толады. «Алла разылығы үшін жасағаным амал қашанда аз сияқты болады емес пе? Әлі жаспыз, орталығымыз да кішкентай, үйренеріміз көп. Алла қаласа, Алматы қаласында ұйымдастыртырылатын балалар Құран жарысында жақсы нәтиже көрсетуге дайындалып жатырмыз. Бастысы, балалардың Аллаға, Пайғамбарға (с.ғ.с.), Құранға және Отанға деген махаббатын арттырып, иманды азамат болуына үлес қосқымыз келеді. Арманым көп. Ал, мақсатым – «Балапан қари» орталығы дамыту. Өзге қалаларда да филиалдары ашылғанын қалаймын. Балаларға 4 жасынан бастап балиғат жасына дейін ұлттық тәрбиемізді, ислам әдептерін, Құран сүрелері мен күнделікті дұғаларды жаттатсам деймін. Орталықтан кейін балапандарымыз қарилар медреселерінде Құран жаттауын жалғастырып, қари атанса деп армандаймын» деп Малика Айтжанқызы жүрек түкпіріндегі тілегін бөлісті. Бұған біз де тілекшіміз. Балаңыздың жүрегіне кішкентайынан Құран гүлін еккіңіз келсе, есте ұстасын деп орталық жайлы айтып отырған себебіміз де – осы. Қарилар көп шығатын азақстан болсақ, керемет емес пе? 

 

 

Жадыра АҚҚАЙЫР

«Мұнара» газеті

Предыдущий Следующий
Имам Матуридидің зайырлылық және ерік бостандығы туралы ойлары САДУМ шығарған ислам журналы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы А.ТІЛЕУБЕРДИЕВ: «Қызым – үйде, қылығы – түзде...»
Қазақ халқы қыз тәрбиесіне аса мән берген. «Қызым – үйде, қылығы – түзде» деген тәлімді тұжырым айтқан бабаларымыз болашақ ананың жүріс-тұрысына, әдебі мен қылығына, тәрбиесіне көңіл бөлген. Өйткені, «қыз қылығымен сүйкімді» деп түсінген....
Исламдағы отбасы Адал ас және арлы ұрпақ
Алла Тағала жердің асты мен үстінде сансыз нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту еткен. Адамзат Хақ Тағала тарту еткен нығметтерді игілігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ болуына мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет халал болып табылады. ...
Исламдағы отбасы Отбасындағы өзара үйлесім
Шаңырақ көтеретін кезде жұбайлар бақытты отбасы құрамыз деген үмітте болады. Бір-біріне қуаныш пен қайғыны тең көтереміз деп уәде береді. Қасымда ет жақын адамым ғана емес, менің өмірлік тірегім, көмекшім бар деген сенімде болады. ...
Исламдағы отбасы Ерлі-зайыптылар білуі тиіс зікірлер мен дұғалар
Ақ некені қидырып, бір-біріне «ауыр серт» берген ер мен әйел ең алғашқы күннен-ақ екі дүниеде бақытты болудың жолын іздейді. Шаңырақтың баянды болуын, ортадағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың сарқылмауын місе тұтады....
Исламдағы отбасы Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?
Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi