ДӘЛЕЛ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Дәлел дегеніміз не? Қазіргі таңда тек қазақ елінде ғана емес, басқа да мұсылман елдеріндеТәшаддуд (дінді ауырлатып көрсетушілер) мектебінің әсері көрінеді, яғни дінді белгілі бір тармақтарға шектеп, қиындататындар фиқһтың екі анықтамасының екіншісінен бейхабар қалды немесе оған мән берген жоқ.
Түсінікті болу үшін бір мысал келтірейік. Мәселен, намазды енді ғана бастаған адам, егер бір мәселеде фақиһтардың шығарған үкімін айтса, кейбір тәшаддуд мектебінде жүрген бауырлар: "сенің бұл сөзіңді алмаймын, оған Құран немесе хадистен қандай дәлелің бар? Дәлел келтір", – дейді. Ойлап қараңыз, намазды енді бастаған адам дәлелді қалай ажырата алады? Ол Құраннан дәлел деп келтірген сөзі аят болмай шықса немесе Бухариден деп келтірген хадисі тоқыма хадис боп шықса, бұл адам әлі дәлелдерді қалай шығару керек екенін үйренбеген болса, оны қалай ажырата алады? Олардың бұл сөзі ақиқатқа қаншалықты жанасады? Осы жерден олардың фиқһ анықтамасындағы фақиһтардың сөзін білмейтіндігі немесе білсе де, оған мән бермейтіндігі байқалады. Ең алдымен дәлел деген не? Осыған тоқталып өтсек. Дінді белгілі бір тармақтарға шектеп, қиындататындар дәлелді тек Құран мен хадис деп біледі. Бұл ғылыми тұрғыда өте үлкен қателік.
Дәлел тек аят немесе хадистен тұрмайды. Құран мен хадис басты дәлелге алынатын қайнаркөз екеніне дау жоқ. Бірақ дәлелдер тек Құран мен хадистен ғана алынады деу – қателік. Сахабалардың, табиғиндердің, мужтахид ғалымдарымыздың бір мәселеде келісулері (ижмағ) мен мужтахид ғұламалардың бір мәселеде қияс жасауы да дәлелге жатады.
1. Алайда адамдар мұны түсінбей, дәлел тек аят пен хадисте деп ойлайды. Олардың осы ойына үңіліп қарайық. Құранда қанша үкім аяты бар? Ғалымдарымыз 500 үкім аяты бар деген.
2 Үкімге қатысты хадистердің 1 Мухтасар әл-Манар, Нуруль әнуар 1/20, Усуль Шәши 1/17 2 Нуруль әнуар 1/42-43 санына қатысты ғұламалар 500, 800, 1200 деген пікірлерді айтқан. Ал пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) риуаят етілген сахих хадистердің жалпы саны 8000-12000-нан аспайды. Енді үкім аяты мен үкім хадистерін бір-біріне қоссақ, көп болса, 1800-2000 ғана үкімге қатысты аят-хадистер шығады. Бірақ әлемде фиқһқа қатысты қаншама мәселелер бар? Егер үкім аяты мен хадистерін осы мәселелерге шашатын болсақ, жете ме? Әрине, жеткілікті болмайды. Сауда-саттық, неке, талақ баптарын шетке қоя тұрып, жәй ғана намаз бабын алып қарайық. Егер дәлелді тек Құран мен хадистен алу керек дейтін болсақ, үкім аяттары мен хадистерінен намаздағы амалдардың барлығына дәлел таба аламыз ба? Таба алмайтынымыз анық. Енді осы тұста сұрақ туындайды. Алла Тағала Құранда: «Ол Алла сендерге егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітапты түсірді», – деген.
3 Яғни, егер аяттың сыртқы мағынасын алатын болсақ, құлшылықтағы барлық амалдарымызды бізге баяндап берген. Бірақ Құраннан немесе хадистен намазға қатысты кейбір амалдарға дәлел таппай жатырмыз ғой. Сонда Алла Тағаланың: «Ол Алла сендерге егжей-тегжейлі түрде баяндалған Кітапты түсірді», – деген аяты жалған бола ма? Алла сақтасын! Егер біз дәлелді тек екі қайнаркөзден ғана алуымыз керек дейтін болсақ, өміріміздің өте аз бөлігінде ғана исламға амал еткен боламыз. Екі қайнаркөзден табылмаған фиқһи мәселелерде өз ойымызбен амал ететін болсақ, мұсылмандар исламнан өте ұзақта болады. Бұның соңы жақсылыққа апармайтыны саналы адамға белгілі. Онда Құран мен хадисте табылмаған мәселелерге қалай амал жасаймыз деген сұрақ туындайды. Оның жауабын Алла Тағаланың Құранда: «Егер білмесеңдер, ілім иелерінен сұраңдар», – деген аятынан табамыз. Яғни ілім иелері үкім аяттарынан үкімдерді шығарып қана қоймай, сол аяттан туындайтын қағидаға басқа мәселелерді салып, оларға да үкімдер шығарады. Біз жоғарыда кез келген фиқһқа қатысты мәселенің дәлелі болады деген сөзімізден – Құран, сүннет, ғұламалардың бір мәселеге келісулері, фақиһтың бір мәселеге қияс жасауы – осылардың бәрін мақсат еткен болатынбыз. Бұл төртеуі де шариғатта қайнаркөз болып есептеледі. (Әрине, қияс жеке өз алдына қайнаркөз емес, бұл мәселеге алдағы уақытта тоқталамыз.
Сөзімізді қорытындылай келе, тек Құран мен хадис ғана емес, жоғарыда айтылған төрт қайнаркөз де дәлел бола алады. Бір мәселеде тек аяттан немесе хадистен дәлел келтіру мүмкін емес. Дәлелдер тек осы екеуімен ғана шектеледі дегендерді «тәшаддуд», яғни дінді белгілі бір мәселелерге шектеп, қиындататындардың бағытынан деп білеміз. Олар үшін дін белгілі бір мәселелермен ғана шектелген. Дәлірек айтқанда, жиһад жасау, тарауих намазын 8 ракағат оқу, намаз оқымаған адам кәпір және т.б. осындай амалдармен ғана шектеліп қалған. Олар белгілі бір тараптың құрбаны болып жатқандығын білмейді. Егер біз фиқһ деген сөздің екінші мағынасын, яғни мукәллафтың амалдарын хәләл-харамдық және дұрыс немес дұрыс еместік тұрғысынан зерттейтін ілім деп түсінсек, бір мәселеде дәлел сұраудың керегі жоқтығын білетін едік. Себебі фақиһтар дәрігер секілді. Егер фиқһта бір қиындық туындаса, оның үкімін айтумен шектеліп, қиындығымыздың шешімін береді.
Данияр Кенжеұлы
Халықаралық Ислам ғылымдары университеті, Ханафи фиқһ факультеті
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.