Даниэль Лодьюка: Ислам дінін қабылдауға мәжбүр болдым
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Даниэль Лодьюка: Ислам дінін қабылдауға мәжбүр болдым

| A | +
Мен ешқашан мұсылман болуға тырыспайтынмын. Тіпті христан дініне де қатысты болғым келмейтін. Жалпы айтқанда, тәртіпке бағынатын қандай да бір дін ұғымы маған ұнамсыз еді. Өмірімде қандай жайтқа кездессем де, сол байырғы заманның көне кітаптарына емес, өз ақылыма жүгінуді жөн көретінмін.
 
Егер де біреу маған қандай да бір дінге кіруім үшін миллион доллар ақша ұсынса, мен бас тартушы едім.
 
Менің сүйікті жазушыларымның бірі  Бертран Рассел (ағылшын философы, атеист) дін өзінің жақсы қасиеттеріне қарамастан қоғам үшін зиянды және бар болғаны бір ырым-тыйымдар ғана деп айтқан. Дін және діни дүниетаным адамның ақыл-санасын улап, білімін жоқ қылып, тек қорқыныш пен тәуелділікті ғана тудыртады, сонымен қатар, дүниежүзілік соғыстар, қанаушылық пен қайғы-қасіреттің бастауына жол ашады деп есептеген.
 
Дегенмен де, дінсіз болып жүру жақсырақ деген ой мен үшін жетерлік еді. Барлық діндер адасушылық, жалған дегенді дәлелдегім келетін. Осыны жүзеге асыру үшін өзіме мақсат қойдым.
 
Алайда мен мұсылман болдым.
 
Әлбетте, мен тілімді кәлимаға келтірдім, шынымды айтсам, мұнан дұрыс менде басқа таңдау болмады. Расында, Исламды қабылдауға мәжбүр болдым.
 
Бір қызығы, Исламға келмей тұрғандағы айтқан сөздеріме зер салсам, басқа діндегі адамдар ақылға салмастан бір нәрселерге сенеді деп санайтынмын. Діни оқу құралдары мен жазбаларында көптеген қарама-қайшылықтар мен қателіктер болуына қарамастан, олар дінінде берік болуды ғана көздейтіндей болып көрінетін.
 
Олардың діни кітаптары діндерінің ақиқат екендігін дәлелдемей, керісінше, адамдар алдымен бір нәрселерге сөзсіз сеніп алып, сосын ғана дінді үйреніп бастайды деп ойлайтынмын. Сол дінде тәрбиеленгені үшін немесе сол дін өзіне ыңғайлы әрі әдетке айналғаны үшін ғана ұстанатынын олар білетін. Бір досым маған былай деп айтқан еді: «Мен Ислам дінін қабылдау туралы ешқашан ойлап көрмеппін, себебі ол бізге жат дін. Христиан діні мен үшін ыңғайлы әрі үйреншікті, айналамдағылардың көбі христиан дінін ұстанады. Сол үшін мен Құдайды іздегенде Христиан дінін таңдадым».
 
Өз басым ешқашан өзімді Құдайды іздеген адам болдым деп есептемеймін, бұлай еткен күнде де адамдар, шіркеулер, діни орындар секілді діннің сыртқы келбеті бұл ізденісімде соңғы орында болушы еді.
 
Менің түсінуімше, бір нәрсеге нануға, сенуге шешім артқан кейбір адамдар сол дінді үйренуге келгенде өздерінде қандай да бір талғамалы көзқарастың болуын көздейтін сияқты. Мен де бір нәрсеге сенейін деп шештім, барлық діндер белгілі бір адамдардың өздерін басқалардан артықпын деп санайтын көзқарасынан туындаған дегенге сендім.
 
Шындығында бұл пайымдауым белгілі бір анық дәлелдерге сүйенгеннен емес, тек бар болғаны тұспалдаулар еді. Ешқандай дәлелім болған жоқ. Діни кітаптарды оқудағы мақсатым бір пайдалы нәрсе үйренейін деп емес, ішінен қателіктерін, кемшіліктерін іздеу болды. Бұлай жасауым шынайылықтың едәуір шамасын ұстануға септігін тигізді.
 
Қабы жұқалау келген Құран аудармасы маған сыйға тартылған еді. Кітап толы үстелдің қасында тұрған студенттермен сөйлескім де келмеді, тек қастарына барып: «Мынау тегін бе?» деп сұрадым.

Оңтайлы жауап алған соң кітапты қолыма іле сала ары қарай кете бардым. Жаңағы студенттермен әңгімелесіп тұру мені еш қызықтырмады, тек кітаптың тегін болғаны жаныма жағып, көздегеніме жету үшін оның көмектесетіне сенімді едім, жалғыз мақсатым – барлық дінді біржолата масқаралау еді.
 
Алайда Құранды оқып бастағаннан бері оның қабы тозып, парақтары ескіре бастады, ал мен діттеген мақсатымды көздеп, өз пайымдауымнан қайтпай тұрып алдым. Бұл кітап бұрын оқыған басқа діни кітаптардан ерекше болды. Мен оны оңай түсіндім, барлық нәрсе анық, түсінікті болды.
 
Бірде менің бір құрбым Исламдағы айтылған Құдай зұлым әрі кекшіл деп айтты. Ондай еместігін дәлелдегім келгенін өзім де байқамай қалыппын. Құранның аудармасын ашып, бір парағына көз салдым да: «Расында, Алла Кешірімді, Мейірімді» деп оқыдым.
 
Құран құдды бір менімен тікелей сөйлесіп, сұрақтарыма жауап беріп жатқандай болды. Бұл да бір «ескі кітап» қой, алайда ішінде жазылғанның барлығы қазіргі заманмен дәлме-дәл келіп тұрды.

Ырғақтылығы мен көркемдігі сондай керемет еді, менімен ешбір дәнекерсіз сөйлесіп тұрды, мұндайды бұрын соңды көрген емеспін, бұл маған батыс Америкадағы шөлді ландшафтқа қарап тұрған кездерімді еске түсірді. Бұл кітапты толқу үстінде оқыдым, дәл жұлдызды түнде жалаң аяқ құмды басып, теңіздің толқыны жағаға соққанын естіп тұрған кезімдей еді.
 
Құран менің ақыл-парасатыма қызықты болды. Ол маған Алланың нышандарын білдіріп, кейін ойлануға, пайымдауға, зерттеп тексеруге үндеді. Соқыр сенімнен бас тартқызып, ақыл-парасатқа ынталандырды. Адамдардың Құдайға бет бұрып, Жаратушының бар екеніне сенулерін бұйырып, сонымен қатар, сабырлық, мейірімділік және мойынұсынушылыққа үндеді.
 
Біршама уақыт өткен соң менің өмірім өзгере бастады, Исламға деген қызығушылығым арта түсті. Ислам діні жайлы басқа да кітаптарды да оқи бастадым. Құранда келтірілген пайғамбарлықтың хадистерде де айтылғанын білдім. Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзін Құранда бірнеше рет дұрысталғанын да байқадым. Егер де ол расымен сол кітаптың авторы болғанда, бұлай болғаны әрине оғаш көрінуші еді.
 
Мен үшін жаңа өмір басталды, таңғажайып Құран мен Мұхаммед Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) керемет сүннетінің нұсқауында болатын жол.
 
Ол кісіні ешқалай да өтірікші деп айта алмайсыз. Түніменен құлшылық жасаған, өзіне жәбір көрсеткендерді кешірген, мейірімділігімен адамдарды қуанышқа бөлеген. Алланың жіберген уахиын адамдарға жеткізу үшін байлықтан да, атақ-даңқтан да бас тартып, өмірінде көптеген қиыншылықтарға төтеп бере білді.
 
Исламды танып білу мен үшін өте жеңіл әрі түсінікті болды. Біз жаратылдық, мына әлемнің күрделі құрылысы мен сан алуан жаратылысы өздігінен пайда бола салмады. Сол себепті бізді Жаратқанға сену қисыны бар өте қарапайым нәрсе.
 
Мына аятты оқығанда пәтерімде сол түні жылы бір леп пен жарық пайда болғандай болды:
 

«Әлде кәпір болғандар көктер мен жердің біртұтас болғандығын, сосын ол екеуін ажыратқанымызды, сондай-ақ әрбір тірі нәрсені судан жасағанымызды көрмеген бе? Олар сонда да иман келтірмейді ме?" (Құран 21:30)

 
Осы жолдарды оқығанда ақылым парам-парша болды. Бұл жерде ғалымдар айтқан Үлкен жарылыс жайлы...барлық нәрсе судан пайда болғаны жайлы айтылып тұр...ал біздің ғалымдарымыз бұл жаңалықты жақында ғана ашты емес пе? Мен әбден таң қалдым. Бұл өмірімдегі ең ойландыратын, сонымен қатар қорқынышты кез болды.
 
Кітаптан кітапты ақтарып, оқып, ізденіп, тексеріп, бір кезде Пратта Институтының кітапханасында түнімен отырып қалдым. Ашылып жатқан кітаптарға көзімді бадырайта қарап қалыппын, таң қалғаннан мүмкін аузым да сәл ашылып та қалған шығар. Өз көзіме өзім сене алмадым. Ақырында алдымда Ақиқаттың тұрғанына көзім жетті. Бұл Ақиқаттың бар екеніне бұрын сенген емеспін.
 
Ал енді не істеуім керек? Екі ғана жол болды, расында менде басқа таңдау да болмады. Көзім жеткен нәрселерді тәрк етіп, бұрынғыша өмір сүре беру мүмкін емес еді. Сол себепті менде тек бір ғана таңдау болды. Осыны қабылдауым керек екендігін білдім, себебі бұдан басқа таңдау тек ақиқаттан бас тарту керек.

 

Предыдущий Следующий
Демьена Пирсон: Исламға өшпенді болған кісінің мойындауы Құрма және оның пайдасы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жаңа мұсылмандар Абдулла ибн Сәләм. Ислам дінін қабылдаған алғашқы еврей раввині
Әл Хусейн ибн Сәләм Ясриб (Мәдина) қаласының бүкіл тұрғындарына, соның ішінде өзге дін мен халық өкілдерінің арасында айтарлықтай сыйлы, құрметті еврей раввині еді. Ол өзінің діндарлығымен, көркем мінезімен және ерекше шыншылдығымен белгілі болды....
Жаңа мұсылмандар Шіркеу қызметкері Джейсонның Исламға келу жолы
Мен 2006 жылы Исламға келдім, сол үшін Жаратқан Аллаға сансыз шүкіршілік болсын. Менен жүріп өткен жолым жайлы және Алланың маған рақымын қалай түсіргені жайлы жазуды өтінгенде, көңіліме күдік ұялады. Кейбіреулердің Исламға қалай келгендері жайлы айтып, а...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 02:18

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi