ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ЖАРҚЫН ӨКІЛІ ИМАМ МАТУРИДИ
Толық есімі – Әбу Мансұр Мұхаммед б. Мұхаммед б. Махмуд әл-Матуриди әс-Самарқанди әл-Ханафи ретінде айтылуымен бірге «Әламул-худа», «Имамул-худа», «имамул мутакаллимин», «Мусаххиху ақаидил муслимин», «Райсу Ахлис сунна» секілді түрлі аттармен де аталуда. Матуриди бүгінгі Өзбекстанның Самарқанд қаласының бір ауылы немесе махалласы болған Матуридте дүниеге келген. Өмір бойы Ахли сүннет ақидасын үйретуге мен қорғауға күш салған Матуридидің өмірі 944 жылы дүниеге келген Матуридте соңына еріп, Чакардиза ауылындағы ғұламалар мен беделді адамдар жерленген мазараттың топырағы бұйырады.
Ислам дүниетанымында лайықты беделге ие болған Матуриди ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың басында Мәуереннахр аймағында құрылған Саманұлдары кезеңінде өмір сүрген. Бұл территория қазіргі Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран мен Ауғанстан арасында болып табылады. Тарихи тұрғыдан әртүрлі дін, мазхаб, философия, мәдениет пен өркениеттер қоныстанған Мәуереннахр ғылым жағынан да өте белсенді болған аймақ. Сондықтан бұл аймақ әсіресе Ислам әлемінде көптеген өзгерістер мен дамулар орын алған Х ғасырда ең үлкен діни және ғылыми мегаполис қалаға айналды.
Матуриди калам, хадис, тәпсір, мазхабтар тарихы, фикх негіздері, Құран, әлеуметтану мен психология секілді кейбір ғылымдарда маңызды қайнар көздер болып табылатын, құндылығы жағынан бір-бірінен озып тұратын еңбектер жазды. Оның «Китабут-Таухид» атты еңбегі калам, философия мен логика мәселесінде терең ілімін, «Тәуилатул-Құран» атты еңбегі болса тәпсір, хадис, хадис, фикх және ақида ілімдеріндегі көзқарастарын көрсетуде.
Матуридидің жетілген кезеңде Самарқанда Әбу Ханифаның сенімдік және фикхтық пікірлерінің философиялық және теологиялық негіздері пікір таласқа түскен Дарул-Жузжания атымен танымал медресе құрылған еді. Матуриди бұл медреседе білім алды және сол кезеңнің ең мықты ғалымдарынан дәріс алды. Матуридидің дәріс алған бұл медреседегі ұстаздарын Ханафи мектебіне тиесілі болғандықтары тарихтан белгілі. Ханафи-Матуриди тізбегімен жүріп, Матуридидің шәкірттерінің арасында Әбул Қасым Исхақ б. Мұхаммед б. Исмаил әс-Самарқанди, Әбул Хасан Әли б. Саид әр-Рустуфағни, Әбу Мұхаммед Абдулкарим б. Муса әл-Бәздауи, Әбу Ахмед әл-Йәзи секілді ғалымдар көзге түседі.
Мұсылмандардың алғашқы кезеңінен Матуридидің өмір сүрген Х ғасырға дейін Ислам әлемі саяси, әлеуметтік, ғылыми және мәдени салаларда көптеген өзгерістер мен дағдарыстарды бастан өткізген. Дінді оқу, түсіну мен түсіндіру тәсілдері, әртүрлі саяси, философиялық, сенімдік, фикхтық мазхап мен ағымдардың пайда болуына алып келді. Әсіресе Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың бақилық болғаннан кейін мұсылмандар арасында пайда болған халифат/имамдық мәселесіне байланысты пікірталастар, кейіннен Әлидің халифалығы кезеңінде пайда болған Жамал мен Сыффын соғыстары мен Омаядтардың көрсеткен зұлымдық саясатымен қатар бірнеше діни және әлеуметтік-мәдени факторлар, имамдық мәселесімен қатар иман, күпірлік, такфир, иман-амал-күнә-муртакиб кабира, мүмін, кәпір, пасық, тағдыр, жәбір, ирада секілді тақырыптар жеке және қоғамдық санада орын алған. Осы мәселелердің шешіміне қатысты берілген жауаптар Харижия, Шиға мен Муғтазила секілді алғашқы саяси мазхаптардың қалыптасуына негіз болды.
Матуриди Әбу Ханифаның сенімге байланысты негізгі көзқарастарын қайта түсіндірген, Матуридилік дүниетанымын да Әбу Ханифаның көзқарастары бойынша құрған. Ханафилық пен Матуридилік егіз ұғым болғаны соншалық, фикх саласында Ханафилық ретінде қолданылса, каламдық алаңда Матуридилік аты аталатын болған. Ханафилік-Матуридилік мектептерімен тығыз қарым-қатынаста болғандықтан, екі мектеп те «Ханафилік-Матуридилік» ретінде аталды.
Матуридилік дүниетанымының ең айқын және өзіндік ерекшелігі – ақылға маңыз берумен қатар адам еркіндігі мен қалауына басымдылық беру. Оның ерік туралы түсінігі бойынша, адам өзінің Жаратушысына мұқтаж болуымен қатар жауапкершілікке де ие болғанын айтады.
Салықбаев Ержан Жүзбайұлы
Алатау ауданы
"Алғабас" мешітінің наиб имамы
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.