Серікхан АХМАДИЕВ: Тойдағы ысырапшылдық
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Серікхан АХМАДИЕВ: Тойдағы ысырапшылдық

| A | +

Әлемдегі өркениетке қазақ халқыныңда өзіндік қосқан үлесі зор. Оны ұлтымыздың қол жеткізген жетістіктерімен қатар тарихтан, әдебиеттен, әдет-ғұрып және салт-дәстүрін саралай отырып көз жеткізуге болады. Сондай-ақ халқымыздың дүние-танымы мен өмірлік ұстанымдарын зерделегенде айқын аңғарылады. Бұл қағидалар өте нәзік әрі терең мәдениетке негізделген. Сонымен қатар үлкенді-кішілі ұлттық құндылықтар адам атаулыны құрметтеуге және сыйлауға ұштастырылған. Ал біздің мақаламызға арқау болып отырған әртүрлі той өткізу дәстүрі қазақ халқының тек көңіл көтеру мен қуанышты сәттерді жай атап өтуге құрылмаған. Ата-бабаларымыз тойды терең философияға толы мәдениет пен тәрбиенің өзегіне айналдыра білген. Тойға келген адамдардың көңіліне қарап, жоғары дәрежеде ілтипат көсеткен. Оның ішінде қонақтарды қарсы алудан бастап, өз беделдеріне сай орындар ұсынған, әрбір мейманның кәдесін, сый-сыбағасын жеке заңдық бұлжымас қағидат ретінде қалыптастырған.

 

Әдетте, тойда адамдар көңіл көтеретін әндер шырқап, әртүрлі ойындар ойнайды. Негізінде ұлттымыздың кез келген өнері адамның көңіл күйін шарықтатып, рахат сезімге бөлейді. Мысалы, ұлтттық биіміз ешбір халықтың өнерінен кем емес. Оның бойында асқын салмақтылық жатыр. Би киімдері ашық-шашық емес. Қайта тамашалап отырған көпшілік қауымды жақсы ойларға жетелейді. Ал тойда шырқалған әндер мазмұны тыңдаушының бойын балқытып, ертеңіне үміт арттырып, рақатқа бөлейді. Тойда дастарханға адам ағзасына зиянсыз керісінше пайдасы зор қымыз, шұбат, қазы-қарта, жал-жая сынды тағамдар қойылады.

 

Негізі ұлттық салауатты өмір кешуіне және өскелең ұрпақтың сапалы жетілуіне жұмсалған қаражат қанша болса да ысырыпқа жатпайды. Алайда, бүгінгі күні тойлардағы аста-төк дарақылық жағымсыз қылықтар ұлттымыздың санасының улануына, жастарымыздың бағыт-бағдарынан ажырауына, соның кесірінен басқа жолға түсулеріне әкеліп отыр. Ондағы орын алатын тұрпайы әдеттер, жоспарсыз жұмсалған қаражат, дастарханға үйіле қойылған керекті-керексіз тағамдар ешкімге пайда келтірмейтін орасан ысырапшылдыққа жол ашады.

 

Асыл дініміз адам көңілін көтеруіне және өмірдің керекті қызықтарын бойына сіңіруіне, оны жұртшылықпен бөлісуіне тыйым салмайды. Керісінше, Алла Тағала пенделерінің қуанып, шаттанып жүруін қалайды. Сонымен қатар әдептілікке, жақсылық атаулыға негізделген тәртібін үйретеді.

 

Анас (оған Алла разы болсын) сахаба жеткізген хадисте пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде Абдурахман бин Ауф сахабаның (оған Алла разы болсын) үстінен тойдың белгісі бар киімді көріп: «Бұл не?» — деп сұрайды. Сонда сахаба «Иә, Алланың елшісі мен бір ансарлық әйелге қалыңмалын беріп үйлендім», — деп жауап береді. Сонда пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі менсәлемі болсын): «Алла береке берсін, бір қоймен болса да той жаса»[1], — деп қуанышын елмен бөлісуді бұйырған екен.

 

Жалпы пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отбасын құрушыларға әрдайым ақыл-кеңесін айтқанда, үйленгісі келетін сахабаларына көпшілікке дастархан жайып, қуанышын бөлісуді өсиет еткен. Тіпті, кейбір шамасы келмейтін сахабаларына бір қой сойып, дәм ұсынуды насихаттаған. Мүлдем шамасы келмейтін сахабалары үйленсе, көпшілік болып көмектескен, дастархан жайып қуанышын бірге тойлаған. [2]

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде тойды қызықты қылып өткізу жайлы: «Мединелік ансарларға қыздарын ұзатқан тойдан келген Айша анамыздан (оған Алла разы болсын): «Тұрмысқа беріп келдіңдер ме, ойын-сауықты қыздыратын адамдардарды жібермедіңдер ме, өйткені мединеліктер көңіл көтергенді жақсы көреді»,— деп сұраған.[3] Тойдағы көңіл көтеру және оны қызықты етіп өткізу дегеніміз шариғатқа сай болуды және әдептен озбауды меңзейді.

 

Сондай-ақ қуаныштарын тойлау барысында пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақиқат өлшемінен шықпай, артық ысырапқа жол бермеуді, қандайда бір шараны тәрбие құралына айналдыруды үмбетіне үлгі еткен. Оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осындай ұлағатын қазақ халқы бойына сіңірген.

 

Дегенмен соңғы жылдары имандылықтан алыстап, өмірімізде кейбір жат әдеттердің көрініс таба бастауы ұлт зиялыларын қатты аландатуда. Ондай жаман әдеттер қазақтың той өткізу салтына кері әсерін тигізуде. Кез келген қазақ үшін тойдың орны ерекше. Алайда, ешкімнен кем қалмайын деп орынсыз тыраштану орын алып отырғаны жасырын емес әрі ақиқатқа және қазақтың бұрыннан қалыптасқан дәстүріне сәйкес келмейді. Бұл игілікті істер ұлтымыздың тіршілік болмысында айқын көрніс тапқан.

 

Пәленше былай жасады деп шамадан тыс бәсекелестікке ұмтылу дұрыс еместігі баршаға аян. Ислам діні пенденің әрбір ісін бір Алланың разылығы үшін жасауға үйретеді. Алла Тағаланың разылығын мақсат тұтқан пенде бақталастыққа жол бермейді. Елдің орынсыз айтқан пікірлерін де елей бермейді. Ең бастысы, өз ісінің дұрыс екеніне кәміл сенеді. Сондықтан шамасының жеткеніне қарай барлық әдет-ғұрыптарды сақтай отырып, қуанышын атап өтеді.

 

Ал, адамның өзіне, отбасына немесе елінің болашағына пайдасы тиетін ізгіліктерді үлгі етіп, жақсылыққа талпынып дамудың бәсекелестікке қатысы жоқ.

 

Алайда, той өткіземін деп пайызбен ақша алудың немесе шамасы келмесе де қарызға кірудің керегі жоқ. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жоғарыда үлгі ретінде көрсеткеніндей тойды өміріне қиындықтар тудырмайтындай етіп жасауды ұсынған. Ең маңыздысы қуанышқа себеп болған адамның бақытқа кенелуі.

 

Көп жандар шамасының келмейтініне қарамай несие алып той өткізуге құмар келеді. Кейін қаншама жыл қиналып, кредитін жабу үшін күні-түні жұмыс істейді. Көп жағдайда несиелерін төлей алмайтын күйге түседі, отбасының берекесі кетіп, шаңырақ шайқалады. Алла Тағала қас қағым сәтте өте шығатын саналы өмірде пенденің қиналғанын қаламайды. Сондықтан қаншама жыл мазасын кетіретін бұндай қадамдарға бару дұрыс шешім емес. Сонымен қатар несие алу — дінімізде қатаң тыйым салынған күнәлі іс. Кез келген күнәлі істі адам өмірінің берекесін кетіреді.

 

Сол сияқты той жасау үшін орынсыз қарызға батып, мағынасыз әр нәрсеге ақшаны шашу да жөнсіз істің бірі болып саналады. Атап айтқанда, көңіл көтеремін деп аса қымбат көліктер жалдауы, жастар жағы мәні жоқ әрекеттерге орын беруі және ішімдіктер ішуі, өте қымбат бағада әнші бишілерді шақырып, мағынасыз әндер шырқатуы және денесін толық жаппайтын киімдерімен би билеуі, әдептілікке жатпайтын әзілдер мен ойындар көрсету осыған жатады.  

 

Ал, Алла Тағаланың сыйлаған нығметтеріне қуанып той жасау барысында арақ сияқты ішімдіктерді араластыру дінімізде үлкен күнәлардың бірі екені белгілі жайт. Алла тыйым салған ішімдіктер бар жерде қанша тілек айтқанмен қабыл болмайды, қайта сол қуаныштарының баянды болуына кері әсерін тигізіп үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар арақ сияқты күнәлі істерді араластыру арқылы қуанышындағы жасаған басқада жақсы істерін жойып жіберуі мүмкін.

 

Қазақ халқының барлық өнері мен мәдениеті той үстінде көрінген.  Отыз күн ойын, қырық күн тойында ысырапқа жол бермеген. Ат шаптырып, көкпар тартып, палуан күрестіріп, жыр жырлап, айтыс тыңдап, ән шырқап, би билеп жастарды ізгілікке тәрбиелеп отырған. Ал тәрбиеге жұмсалған қаражат әрқашан сауапты іске жатады.

 

Алла Тағаланың пенделеріне деген сүйпеншілігі ерекше болғандықтан тек ізгілікті істерді жасауын жақсы көреді. Ал ысырапшылдық адамға зияны тиетін іс саналғандықтан оның шариғаттағы үкімі харам деп есептеледі. Қасиетті Құран Кәрімде:

 

وكُلُواْ وَاشْرَبُواْ وَلاَ تُسْرِفُواْ إِنَّهُ لاَ يُحِبُّ الْمُسْرِفِينَ

 

«...Жеңдер, ішіңдер және ысырап етпеңдер, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді»[4],— деп ескерткен.

 

Алла Тағала елдігімізге сын келтіретін артық әрекеттерден арылтып, тек ізгі істерді атқаруымызды нәсіп еткей. Әрбір шаңырақта тойлайтын қуаныштардың көп болуын бұйыртқай. Сол қуанышты сәттерімізді ұзағынан сүйіндіру үшін тәрбие көзіне айналдыруымызды жазғай.

 

Бүгінгі күнгі берекелі, берекесіз өткізіп жатқан тойларымыз ертеңгі ұрпаққа қалдыратын мәдениетіміздің көрінісі екенін ұмытпайық. Кесепаттың бір түрі — ысырапшылдыққа жол бермейік.

 

Серікхан Ахмадиев,

"Аманқұл ата" мешітінің бас имамы

 


[1]Бухари мен Муслим сахих хадистер жинағы

[2]Ашшейх Абдуррахман Алъик «Адабу хаяту аззавжиййату» кітабынан

[3] Ибн Маджа хадистер жинағы

     [4] «Ағраф» сүресі,  31-аят

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Жалқауланып намазды бір оқып, бір оқымай жүрмін. Не істесем екен? Есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Сансызбай ҚҰРБАНҰЛЫ: Интернет арқылы пәтуа сұраушылар саны көбейді
Назарларыңызға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай Құрбанұлымен өткен сұхбатымызды ұсынып отырмыз....
Қоғам Отбасы бақыты
«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Жылдар бойғы жиған тәжірибесін, ғасырлардан алған ғибратын екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеп үйренген данышпан халқымыздың осы бір сөзінде батпандай ауыр салмақ, бай мағына жатқандай. Отан деген қастерлі ұғым адам санасына ең алдымен отбасы аясында орнықпаса...
Қоғам Талғат Омаров: Әрбір жанға үміт сыйлағымыз келеді
Елімізде күн санап ауыр індетті жұқтырған науқастар мен қайтыс болғандардың саны артып барады. Оларға қол ұшын созу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет қоры» «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастап отыр. Біз қайырымдылық шарасының мән-жайын білу үшін аталмыш қордың жетекшісі Талғ...
Қоғам Мұратхан Махмет: Магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі қабылданды (сұхбат)
Биылғы оқу жылындағы магистратура мен докторантураға қабылдаудың жаңа тәртібі туралы университет оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Мұратхан Махметпен сұхбаттастық....
Қоғам Асет АТАШОВ: Отанды сүю – иманнан!
Отан деген – қастерлі ұғым. Кез келген ұлт өз тілінде «Отан» деген сөзді естісе, міндетті түрде өзінің туып өскен өлкесін ойына алатыны белгілі.  Алла Тағала жұмыр жерді жаратқанда ондағы ауа және су сияқты дүниелерді барша халыққа ортақ етіп жаратты. Алайда осындай ортақ болған дүниелер әркімнін тұ...
Қоғам Отанды қорғау – қасиетті борыш
Құрметті бауырлар! Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – әр ер азаматтың патриоттық сезімін оятатын, Отанды қорғау жауапкершілігін арттыратын маңызды мереке. Әр отбасына береке, әскери саладағы ұландарымызға мықты жігер, жастарымызға қажыр-қайрат тілеймін. Мереке құтты...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:43

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi