Әл-Фарабидің рухани әлемі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Әл-Фарабидің рухани әлемі

| A | +

Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды рөл атқарған әрі бүгінге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген табиғи ұмтылыс пайда болып отыр.

 

Ортағасырлық ислам мәдениеті мен философиясы өз дәуірінен озып, қазіргі күнде де адамзат игілігі үшін қызмет етуде. Екінші ұстаз атанған әл-Фараби сынды ғылымдағы ірі тұлға арқылы қазақ халқы өзін мақтан тұтады. Ол өзінің керемет философиялық ілімдері арқылы түркілік ойлау, түркілік дүниетаным, түркілік интеллект мүмкіндігінің қан­шалықты жоғары екендігін бүкіл Еуропаға паш етті. Ортағасырлық Ислам ренессансының Еуропа ғылымына жасаған ықпалы еуропалық ренессанс дәуірінің басталуы­на алып келіп, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының дамуына жасаған әсері еуропалық өркендеу дәуірінің бетін ашты.

 

Ислам мәдениетінің гүлденуі ортаға­сыр­лық ислам философиясының ірі өкіл­дері әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина, әл-Ғазали, Ибн-Рушд сынды алып тұл­ға­ларды өмірге алып келді. Ең бастысы, мұсыл­мандық Шығыс эллиндердің ұлы рухани мұраларын кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.

 

Орта ғасыр ислам философтары Арис­тотель мен Платон трактаттарын араб тіліне аударып, шығыс перипатетизмі­нің негізін қалады. Испандық перипатетизм өкілдері араб тілінен латын тіліне аудар­ды. Бұл аударма қолжазбалар бүкіл Еуропаға таратыла бастады. Кейінгі ұр­пақ­ естен шыға бастаған эллиндердің руха­ни мәдениеті мен еркін ойлауға, өмір­ге деген сүйіспеншілік көзқарастар негі­зінде тәрбиеленді. Осы кітаптардан бас­тап ортағасырлық Еуропада ренессанс ұғы­мы дүниеге келді. Ренессанс – бұл элли­низмнің Еуропадағы өркендеуі. Ол Ежелгі Грекия мен Ислам әлемінде бастау алған генетикалық бай тұқым болды. Осыдан бастап Батыстық алып өркениеттің алып ағашы өсіп шықты. Бұл – Батыс пен Ислам өркениетінің сұхбаттасуының дәлелі.

 

Ислам философиясының тарихына көз жүгіртетін болсақ, әл-Фараби рухани әлемінің қаншалықты биік жоғары дең­гейде болғанына көз жеткіземіз. Фило­со­фияда Фараби иждихад дәрежесіне көтерілді, сондықтан да ол фикх, қалам се­к­ілді ілімдер бойынша өз ойын білдіріп қана қоймай, сол мәселелер бойынша ла­йық­ты шешім қабылдай алатын еді.

 

Осындай аса маңызды айғақтарды айтып өтпей әл-Фарабидің ішкі рухани дү­ниесін ислам философиясы тарихын­дағы орны мен дәрежесін айту мүмкін емес.

 

Біз әртүрлі діни ғылымдар бойына өздерінің терең ойларымен белгілі болған орта ғасыр ислам философтарын еске алып салыстырар болсақ, орта ғасыр тарихшылары мен ғалымдарының философия тарихындағы Фарабидің дәрежесі олардың дәрежесіне қарағанда әлдеқайда жоғары екеніне сенімді болды. Фарабидің өздерінің идеологиялық қарсыластарына тигізген әсеріне көңіл аударатын болсақ, еш талассыз, оның дәрежесі мен философиялық ойлау мәдениетінің жоғары екені тайға таңба басқандай-ақ көрініп тұр.

 

Бұл критерийді әл-Фарабидің өзінің философиясынан іздеу керек. Егер біз әл-Фарабиді ислам философиясының негізін салушы деп айтатын болсақ, одан кейінгі ойшылдардың талқылап ой қоса алатын өзіне тән философияық принциптері мен идеяларының болғаны шүбәсіз. Бұл қандай негіздер мен принциптер? Бұл негіздердің ежелгі гректік және александрлық фило­софиялық мектептердің ойларынан қан­шалықты айырмашылығы бар?

 

Әл-Фараби және оның ізбасарлары антикалық дәстүрді бойларына қалай сіңірді, әл-Фараби философиялық рухани әлемінің қалыптасуына антика­лық философияның нақтырақ айтсақ, Арис­тотель философиясының ықпалы қалай болды? Оны қалай зерттеді деген сұрақтар туады?

 

Біз әл-Фараби және оның ізбасар­лары­ның ежелгі грек философиялық мектептерінің еңбектеріне тек қана комментарий жасаумен шектеліп қалмағанын білеміз. Қазіргі кездегі белгілі неміс философы Мартин Хайдеггер ортағасырлық мұсылман философтары жайлы айтқанда былай ой тұжырымдайды: «Әрине олардың (орта ғасыр философтары) Арис­тотель философиясын түсінбеді дегені жалған болар еді. Олар оның философия­сын жаңа қырынан ғана көріп қоймай, оған жаңа мән мен талғам берді», – дейді.

 

Демек, әл-Фараби де және оның ізба­сар­ларының да ежелгі грек философия­сын соқыр таныммен зерттемей, оны терең түсіне білді.

 

Аристотель мен Платон философиясы арасында қайшылық бар, бірақ күмәнсіз, оның себебі әл-Фарабидің оларды дұрыс аудармағанында емес. Әл-Фараби жаңа философиялық түсініктер орната отырып соларға сай нәтижелерге жетіп отыр­ды. Бұл нәтижелердің көрінісін дінде, діни заңнамаларда, саясат пен ғылым сала­ларында байқай аламыз. Бұл енгі­зілген «жаңашылдықтарда» әл-Фараби­дің фи­лософиялық принциптері мен филосо­фиялық көзқарастарының ең алғашқы бастауы ретінде дін қаралады, әрине дін бұл жерде ерекше философиялық ғылым ретінде қаралды. Дін мен филсофия сонау софистер заманынан бері бір-біріне қарсы қарастырылып келді. Сократқа тағылған айыптардың бірі оның діни құндылықтарды мойындамай, онымен санаспауында еді (яғни, ол философияны діннен жоғары қойды).

 

Бірақ орта ғасырларда дін мен филосо­фия­­­ның бірлігі мәселесі ислам фило­софия­сын­дағы алдыңғы тақырыптардың бірі бол­ды. Әл-Кинди әл-Фарабидің ойына қар­сы пікір айта отырып, философия мен дін екі түрлі қарама-қарсы күштер және олар дүниені түсіндіру мен ақиқатқа жету жо­лын­да әртүрлі позиция ұстанады де­ген ой­да болды. Фарабидің ойынша филосо­фия­­лық ақиқат сияқты діни ақиқат та бар, бірақ бұл бір ақиқаттың екі түрлі көрінісі сияқты.

 

Философия арнайы заңдар мен аргументтер, дәлелдерге негізделіп жасалатын болса, ал дінде осындай айғақтар мен дәлелдердің үнделуі мен бұйырылуы түрінде көрініс береді. Жоғарыдағы сөз­дерді қорыта келе, әл-Фараби филосо­фияны дінмен салыстырғанда алғашқы бастама ретінде атап өтеді. Әл-Фараби бұл жерде философияның алғашқы бас­тама болуын оның ең бірінші әрі айқын артық­шылығы етіп көрсетуге тырыспай­ды. Бірақ ол философияның дінмен салыстырғанда пайда болу уақыты тұр­ғысынан алғашқы бо­луымен қатар ол барлық жағынан дін­нен жоғары тұра­тынын айтып өтеді. Әл-Фараби тір­шілікте философия мен дін арасында ешқандай қарам-қайшылық көр­­мегендігін көрсетеді. Оның басты мақ­саты философия мен дінді татуластыру.

 

Осы ойлармен тығыз байланысты әл-Фарабиді екі маңызды сұрақ қатты толғандырған:

– Платон мен Аристотель философия­сы арасындағы қарама-қайшылықты жоққа шығарып оларды татуластыру;

– Ислам дүниетанымы мен ежелгі грек философиясы арасындағы қарама-қайшылықты жоюға тырысқан.

 

Сол уақыттарда грек философия­сына қарсы бағытталған басты сын Пла­тон мен Аристотель арасындағы қа­ра­ма-қай­шылықтың бар екендігі еді. Егер философия біртұтас ақиқатты танымға әкеле алса, онда екі ең танымал фило­со­фия­лық жүйелер бір-біріне қалай қарсы тұра­ды? Егер олардың екеуі де ақи­қатқа жетсе, онда олардың арасын­да ешқандай қай­шылық болмауы тиіс еді; қарама-қай­шылық бола тұра екі фило­софия­лық жүйе де дұрыс деп танылса, онда философияның жетіл­мегендігі мен ақи­қатқа жеткізетін қабілетінің жоқтығын амал­сыздан көр­сетіп отыр – сол дәуірдегі философияны сы­наудың бірінші бөлімі дәл осыдан тұрады.

 

Әл-Фараби осы сынға жауап ре­тін­де «Әл-джам бейб фай әл-хасимет Ефлбум әл-иляхи уа Аристо» («Екі да­на Құдіретті Платон мен Аристотель көз­қарастарының бірлігі») кітабын жазады, ол кітабында Платон мен Аристотель ара­сындағы айыр­машылық тілдің әртүрлі қол­данулары мен екі философтың бір-біріне ұқсамайтын өмір сүру салттарында екендігін көрсе­туге ты­рысты; негізі ойшылдардың филосо­фия­­лық көзқарастары мәні жағынан бір­дей еді. Кітаптың басында әл-Фараби фи­ло­­софияның пәні туралы айтады және ғы­лым­ға талдау жасайды, содан кейін Пла­тон фи­ло­со­фиясынан қысқаша мазмұн кел­тіре­ді, ал кітаптың соңғы бөлімінде Арис­то­тель философиясының негізгі сипатта­ма­­ларын көрсете келе, екі ойшылдың да ой­­лары­­ның бір-біріне ұқсайтындығын айтады.

 

Ал енді әл-Фарабидің антика дәс­түрімен байланыстылығы, осының ар­қа­сында оның Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанып, даңққа ие болғанын айтар болсақ, әл-Фараби жастайынан Ұлы Аристотель мен Платонның ерте дүниедегі Грекия философтарының шы­ғар­малары­мен түп нұсқасынан таныс­қа­ны жөнінде деректер бар.

 

Әл-Фараби рухани әлемінің қалып­тасуы да осы антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңірумен байланыс­ты. Анығырақ айтсақ, Аристотель мен Платон философиясы әл-Фараби ойлары­ның теориялық қайнар көзі болды. Платон­ның (неоплатонизмнің) және Арис­тотельдің философиясы әл-Фарабидің фило­софия­сының теориялық негізі бол­ғанымен, оның дүниетанымын тек қана платонизм мен аристотелизмнің қосындысы деп білуге болмайды.

 

Әл-Фараби Аристотель мен Платон­ның, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бо­йынша үлкен жетістіктерге жетті. Оның рухани әлемі, интеллектуалды деңгейі өз замандастарын таңғалдырады. Әл-Фараби өз заманындағы өнер білімінің ең асылын таңдап алып, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, зер салмаған, ғы­лыми болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек, артық айтқандық емес.

 

Мәселен, әл-Фараби өзінің «Филосо­фияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат» еңбегінде Аристотель философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірін ортаға салды.

 

Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде, әл-Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап, ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, адамға, өз халқына деген таза махаббат, ғылым мен білімге деген құш­тарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орын­далмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді әл-Фараби.

 

Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығарма­ларының бірі «Музыканың үлкен кітабы» еңбегі болып табылады. Ғұлама бұл еңбекте мате­матикалық тәсілдер пайдалану арқылы музы­калық дыбыс­тарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге кел­тір­ді. Фарабидің бұл еңбегі ХV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

 

1930-1935 жылдары француздың бел­гілі музыка зерттеушісі Г.Эрланже фран­цуз тіліне аударған. Ол: «Фарабидің бұл ең­бегін кейіннен араб тілінде жазған автор­лардан артықшылығы жер мен көктей», деп жазса, ағылшынның қазіргі үлкен бір музыка зерттеушісі Г.Фармер «Музы­каның үлкен кітабы» «Фараби орта ға­сыр­лардағы музыка жөнінде жаз­ған ең үлкен автор болды деген пікі­рімізді дәлел­деп отыр», деп жазды.

 

Енді әл-Фарабидің әлеуметтік-этика­лық рухани дүниетанымына келетін болсақ, этиканы ол ең алдымен жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі концепцияларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жа­саған қоры­тындының басты түйіні – білім, мейір­бандық, сұлулық үшеуінің бір­лігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдіқ сұлу­лық хақында былай дей­ді: оның пікі­рін­ше, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысты нақты түрде бар құбы­лыстардың, әлеуметтік өмірдің көкей­дегі елесі. Көр­кемдік адамның денесі мен рухани жан дүниесінің адамгершілік қасиеті­нің сұлу­лығын көрсететін белгі деп санайды.

 

Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: Бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фа­раби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт ту­ралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін өзі жетіл­діре отырып, қиын жолдан өтуі керек.

 

Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақ­сы қылықты да, жаман қылықты да іс­теуге бірдей мүмкіндік береді.

 

Адамның жетілуі мінез-құлықтың жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туады.

 

Бір сөзбен айтқанда Фараби адамдар­дың көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін өзі жетілдіріп отыруға тиіс екен, адам ақиқатты, тек ай­на­ладағы дүниені танып-білу арқылы жеті­леді деп түйін жасайды.

 

Әл-Фарабидің азаматтық саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары да, өзінің «Фусул ал-мадани» «Мемлекеттік қай­раткердің нақыл сөздері» трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әртүрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның ара-қатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.

 

Фараби «Азаматтық саясатта» адам қоғамдарын талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны ең кіш­кене ұядан – отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қыз­метшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақ­саты болады, бірақ каланың бір бөлшегі бол­ғандықтан ол қала бел­гілейтін ортақ мақ­сатқа қыз­мет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүд­делеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гу­ма­низмнің биік көріністерін табамыз. Мұн­да тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.

 

Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені, жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандықка айналдырады.

 

Түйіндеп айтқанда, әл-Фарабидің ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықта­рының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнер­дің дамуына, жалпы рухани құнды­лықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отыр. Ұлы өркениет философы Әбу-Насыр әл-Фараби рухани әлемі – адамзат өркениеті мен рухани құндылықтарының биік шыңы.

 

Жақыпбек АЛТАЕВ,

философия ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Фараби орталығының директоры

Предыдущий Следующий
Дін мен дәстүр радикализмге қарсы 2020 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Қазақ топырағында өмір сүрг­ен оқымысты, діндар, тақуа жан­дардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ға­лым Мақсат Тәжімұраттың жа­зуына қарағанда, Кама­рад­дин хазіреттің шынайы есімі – Ай­жарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медрес...
Ғұламалардың өмірбаяны Мұңды мақам иесі – Миншауи қари
Мысыр жұрты мұсылман әлеміне көптеген Құран Кәрімнің атақты хафиздары мен білімпаздарын жетілдіріп берген. Олардың ішінде Мұхаммед Сыддық Миншауидің орны бір төбе екені анық. ...
Ғұламалардың өмірбаяны Тараздық ғалым – Алтынхан төре кім еді?
Түркістан өлкесінен шығып, ХХ ғасыр мұсылман әлеміне танылған отандас дін ғұламаларымыздың бірі ретінде – сейіт Махмұт ибн Нәзір Тарази, яғни Алтынхан төрені айтсақ болады. Ол – 1895 жылы Тараз (қазіргі Жамбыл облысы) қаласында дүниеге келген....
Ғұламалардың өмірбаяны Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари
Қарилардың ұстазы, Құран бұлбұлы, дауысына «Дәуіт дауысты» деп баға берілген Абдулбасит Мұхаммад Абдуссамад – 1927 жылы Оңтүстік Мысырдағы Қина ауданына қарасты Армант елді-мекеніндегі Муроаза ауылында дүниеге келген. Атасы – Абдусамад да, әкесі – Мұхаммад та және Абдулбаситтың өзі де Құран хафизы ж...
Ғұламалардың өмірбаяны Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 01:50

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi