Ғылымды талап қылу – құлшылық
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Ғылымды талап қылу – құлшылық

| A | +

Мұсылман баласының ізгі ниет қылып жасаған әрбір амалы сауаптан жазылатыны мәлім. Ал енді ғылымды Алла үшін талап ету құлшылықтың нақ өзі. Себебі әрбір амалдың сауабы ниетіне сәйкес жазылады. Мүміндердің әмірі, Омар ибн Хаттабтан (Алла оған разы болсын) келген мәшһүр риуаятта:

«Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, әрбір кісіге ниет еткені тиесілі. Сондықтан кім Алла мен Оның елшісі үшін қоныс аударса, ол Алла мен Оның елшісі үшін қоныс аударған болып саналады, ал кім мал-дүние табу үшін не бір әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол үшін қоныс аударған болып саналады», — деп айтылған.

Басқаша айтқанда, кім не үшін ниет қылып амал жасаған болса, сол үшін сауабын немесе жазасын алады. Мысалы, сіз сырт көзге жақсы адам болып көріну үшін ізгі амалдар жасаған болып жүрсеңіз, онда сіз адамдарды алдайсыз, бірақ Жаратушыны алдай алмайсыз. Сізге сол амал жасау үшін жұмсаған күш-жігеріңізге ғана сауап жазылмақ. Бірақ  Алланың алдында сауап болмайды. Себебі ниет шынайы жақсылық жасау болмады.

Сол сияқты ғылымды талап қылған жан «Алланың разылығы үшін» деген шын ықыласын жоғалтатын болса, онда ол ең жақсы құлшылық санатынан қауіпті күнәға айналады. Көзбояушылық, рия, өтірік ықылас жақсылыққа апармайды. Ондай адам ғылым-білімді өзгелерге пайда келтіру үшін оқымайды. Керісінше келешекте «мен оқыдым», «мен жатқа білемін», «менен асқан маман жоқ» деп мақтану үшін оқиды. Ғылымды мұндай ниетпен қалаған жан келешекте ғалым емес, залымға айналары хақ.

Егер оқыған ғылым маған құлшылық сауабын нәсіп қылсын дейтін болсаңыз, кейбір амалдардан сақтану қажет: мысалы, ғылымды басқалардың алдында мақтану үшін алу, ауылда немесе құрдастардың арасында өзіңді білгір етіп көрсету, ғаламтор желісінде немесе ел арасында танымал болу үшін және сол сияқты т.б. Осыған ұқсас ниетпен алған білім сізге пайда бермейді. Сізге бұл дүниеде һәм ақыретте абырой әкелмейді. Бұл дүниеде мақтаншақ, тәкаппар атанып, ақыретте ықылас пен ізгілік сауабынан мақұрым қаласыз.

Суфиян ибн Сағид әс-Саури есімді тақуа адамның ниетіне қатысты былай деп айтқан: «Мен үшін аса маңызды, ниетімнен басқа нәрсемен әлек болған емеспін». Ол кісі қандай амал жасаған болса да ниетіне көңіл бөлген. Амал қылмас бұрын ол әрекетті қандай ниетпен жасағалы жатқанын ойлап, өзін бақылауда ұстаған жан.

Бір күні Умар ибн Зарр әкесіне:

— Уа, әке! Егер сен адамдарға насихат айтсаң, олардың көздеріне жас толып жылайды. Ал егер уағызды басқа біреу айтар болса жыламайды. Мұның сыры не? деп сұрайды.

Сонда әкесі:

— Құлыным! Шынайы төгілген жас, ақы үшін өтірік жылап төккен жаспен тең емес деп жауап берген екен. Демек, Умар ибн Зардың әкесі уағыз айтып отырып шын жыласа, басқа уағызшы рия үшін өтірік жылаған. Әбу Хамид әл-Ғазали айтқандай: «Жүректен шыққан нәрсе жүрекке жетеді».

Ойымызды түйіндер болсақ, ғылым жолына түскен шәкірт оқыған білімін басқалар үшін пайда келтіремін деп Алла үшін ниет қылуы қажет. Сонда сіздің білім жолында сарп қылған күш-жігеріңіз, баға жетпес уақытыңыз құлшылық ретінде саналмақ.

Жастарға айтарым, «әлі уақытым бар», «мен жаспын, оқып үлгіремін» деген сияқты ойларға шомылып, арқаны кеңге салма. Абай атамыз бізге былай деп жайдан жай ескерткен жоқ:

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Себебі мектептегі он жылдан астам уақыт зымырап өткендей кейінгі өмір де зымырап өте шығады. Сен қандай мамандық иесі боламын десең де бірінші кезекте білім қажет. Білімсіз сұранысқа ие білікті һәм білімді маман бола алмайсың. Білімің қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы мамансың. Алла Тағала былай хабар берген:

«Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» (Зүмәр: 9). Кез келген басшы, кез келген жұмыс беруші білімді маманды іздейді. Сондықтан да білімді мен білімсіз тең емес. Білімді маманның айлығы қара жұмысшыға қарағанда жоғары. Осы сияқты қарапайым мысалдармен білімді мен білімсіздің айырмасын көптеп айта беруге болады. Енді ғылымды талап қылғанда бастысы ниет пен ықылас шынайы болғай. Осыны естен шығарып алмайық.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ
kazislam.kz

Предыдущий Следующий
Рамазандағы абзал амалдар қайсы? Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»
Хaлқымыздың caн ғacырдaн берi рухaни құндылығы caнaлып келген Иcлaм дiнiн нacихaттaудa имaмдaрдың еңбегi oрacaн. Ocы oрaйдa, Қaзaқcтaн Мұcылмaндaры дiни бacқaрмacының Aппaрaт бacшыcы, PhD дoктoрaнт Ғылымбек Жәдiгерұлы Мәжиевпен cұхбaттacқaн едiк.  ...
Мәнһәж БАС МҮФТИ: кез келген тығырықтан шығар жол – иман
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы отандық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында осылай деді.
Мәнһәж Исламның гигиеналық нұсқаулары
Алла Тағала таза, барынша таза құлдарын жақсы көреді екен. Ислам діні тазалықты екіге бөледі. Ол – сыртқы және рухани тазалық. Мұндағы сыртқы тазалықтың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Мысалы, отырған жердің тазалығы, киімнің тазалығы, дененің тазалығы, ішер астың тазалығы, т.б. ...
Мәнһәж Имам Матуридидің зайырлылық және ерік бостандығы туралы ойлары
Әлемдегі барлық қоғамда маңызды әлеуметтік институттардың болатындығы әмбеге аян. Солардың бірі қоғамды үйлестіріп, қорғап отыратын билік институты. Ислам мәдениеті мен әдебиетінде саяси және діни билік мәселелерін қамтитын «имам» ұғымы кездеседі. Бұл намаздағы имамнан бөлек мемлекеттік басқаруға қа...
Мәнһәж Тақлид жайлы
Біраз күн бұрын біздің сайттың редакциясына сәләфи бағытты ұстанып жүрген бір бауырымыз келді. Ислам жайлы басталған әңгімеміздің аяғы пікір таласқа ұласып, бір сағатқа созылды. Әңгіме ақида мәселесімен басталды да, Имам Ағзам Абу Ханифаның ілімімен жалғ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 01:55

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi