Имам және интернет
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 05:35

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Имам және интернет

| A | +

Интернет, оның ішінде әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналғалы қашан. Кеше ғаламтор ойын-сауықтың бір түрі болса, бүгінде қажеттілік деңгейіне көтерілді.

Интернет – керекті ақпаратты жедел алу көзі. Сауатты қолданушының біршама шаруасын жеңілдетті. Апталап шапқылап тындыра алмайтын ісін бірер минутта бітіреді. Сонымен қатар, терезені ашсаң таза ауамен бірге шаң-тозақ да кіретіні мәлім. Ғаламтор көпшілікке қолжетімді болғандықтан, ақпараттар ағысын «сары баспадан» ажыратып алу қиындық тудырады. Кейде бұрмаланған немесе дұрыс берілмеген хабар-ошар үлкен дауға себеп болады. Сиямен жазғанды, балтамен шауып түсе алмайсың дегендей интернет заманауи қалам міндетін атқаруда. Сондықтан айтар ойды жеті өлшеп бір кескен жөн.

Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаятында: «Мен Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Қағбаны тауап етіп жүріп: «Қағба сен неткен көркемсің, исің неткен тамаша. Неткен ұлықсың, қасиетің сенің ұлық. Алайда, Мұхамедтің жаны иелігінде болған Алланың атымен ант етемін, Алланың құзырында мұсылманның қадірі, оның мал-мүлкі және жаны сенен биік. Біз мұсылман жайлы тек жақсы ойдамыз», – деп айтқанын естідім» , –  делінген.

Қазақта «Он бәленің тоғызы – тілден» дейді. Ол дегеніңіз тілден туындайтын онға тарта күнә бар. Өтірік айтудан бастап, өсек-аяң, жала жабу, жалған куәлік ету деп шұбатылып кете береді. Исламда сен айтпаған сөзіңнің қожайынысың, ал айтылған сөз сенің қожайының деген мәні терең ойлы сөз бар. Шынында, ойды қорытып отыз тістен шықпайынша сөз – адамның иелігінде. Ал ауыздан шыққан соң, «жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табады» демекші, кісі еркіне бағынбайды. Ал енді ол сөз жай адамның емес, көпшілікке ықпалы бар кісінің сөзі болса, онда жауапкершілік тіптен бөлек. Дінді енді үйреніп жүрген кісінің қателігі мен имам немесе ұстаздың қателігін салыстыруға келмейді. Себебі имамның шалыс басуы көпшілікке әсер етеді. Демек мешіт қызметкерінің иығында үлкен жауапкершілік бар.

Имам – жетекші, көшбасшы деген мағынаны білдіреді. Діни мәтіндерде имам деп ел басқаратын тұлғаларды айтады. Ал бүгінде бұл термин діни қызметкер ұғымымен шектеледі.

Имам – рухани жетекші. Біздің имамдар – бес уақыт намазға жетекшілік етумен қатар діни дәріс беретін ұстаз. Жаны жұтап келген кісіні мазалаған сансыз сауалына жауап беретін психолог. Ең бастысы, асыл дінімізді дұрыс түсіндіретін маман. Мешіт имамдары мен ұстаздар әлеуметтік желіні уағыз-насихат және дәріс алаңы ретінде қолдануда. Мешітке келе алмай жүрген азаматтар аудио, видео және мақалалар арқылы Құран мен хадисте айтылған даналықтарды үйренеді. Бұл – интернеттің берер пайдасы. Имам мен дінге қызығушылық танытқан тыңдарман мен оқырман арасын жақындатуда. Интернет алтын көпір қызметін атқаруда. Алайда бұл жауапкершілікті еселеп арттырады. Өйткені дұрыс жүйелеп айтылмаған сөздің бір ұшы иесіне тиеді. Ең бастысы, тыңдарманның қате ақпарат алуы. Сондықтан бұл біздің, яғни имамдардың жауапкершілігін күшейтеді.

Қара шаңырақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл сайтынан бастап, өңірлердегі барлық діни ақпараттық сайттар осы талаппен елге қызмет етіп келеді. Мешіт сайттарына жарияланатын жаңалықтан бастап уағыз-насихат мақалалары жіті тексеруден өтіп барып, оқырманға жол тартады. Бұл – жамағат пен оқырман алдындағы үлкен міндет.

Төлеби қажы ОСПАН,

Алматы қаласының бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Ихсан ілімінің мәні 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
30 тамыз – еліміздің әр азаматы үшін айтулы күн. Бұл – баршаға ортақ мереке – Конституция күні. Елдің Ата Заңы, мемлекеттің нышаны мен рәміздері – әр адамның қасиет тұтар құндылығы....
Қоғам Ертең Жалпыұлттық аза тұту күні
Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша Қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда...
Қоғам Қажымұқан ЕЛЖАН: Қазақша шапан – ұлттық құндылығымыз
Соңғы кездері ұлттық нақышта тігілген киімдердің сәнге айналып, оны Наурыз секілді мерекелерде ғана емес, жәй күндері, тіпті жұмысқа кию үрдісі қалыптасып келеді. Көбіне әйелдердің ою-өрнекті, көз тартар көйлектері әлеуметтік желілерде де, дүкендерде де бірден көзге түседі. Ал ер-азаматтар көбіне өз...
Қоғам Жыл бастауы дүркіреп наурыз келді
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде дін мен дәстүр сабақтастығына ерекше көңіл бөлініп, аталмыш бағытты кеңінен насихаттау қарастырылғаны...
Қоғам Алғыс айту – асыл қасиет
1 наурыз – елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылық білдіреді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ хал...
Қоғам Басты бағдар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алда атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:35

Имсакқа дейін 01:17

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi