Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма және оның ерекшеліктері қандай?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:36 06:57 11:43 14:40 16:22 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-авваль 1446
Миләди
27 қараша 2024

Мақалалар

Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма және оның ерекшеліктері қандай?

| A | +

Коронавирус жайлап тұрғанда ораза ұстауға рұқсат па, карантин уақытында ауызашар беруге бола ма, қандай мәселелерді ескерген жөн? Осы орайда Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқаймен байланысып, биылғы Рамазан айындағы ораза ұстау тәртібі туралы сауалдарды қойды.

 

–   Еркінбек мырза, биылғы ораза несімен ерекшеленеді?

 

–  Ораза ұстау, ашығу және шөлдеу тұрғысынан қарағанда әр жылғы ораза – сол ораза. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мұсылманның бір күні екінші күніне ұқсаса, ол зиян» деген. Біздің биылғы оразамыз былтырғы оразамыздан ықылас, ниет, тақуалықта артық болмаса, онда бізде ешқандай ерекшелік жоқ деген сөз. Сондай-ақ, елдегі карантиндік жағдайға байланысты, биылғы оразаның көзге ұратын бір айырмашылығы ретінде мұсылмандардың тарауық намазы мен ауызашарын өз үйлерінде өткізетінін айтуға болады. Алайда, бұл Рамазан айының соңына дейін жалғаспайды деп үміттенеміз. Алладан карантиндік кезеңнен ертерек шығуды тілейміз.    

 

–  Асқа қаншалықты көңіл бөлген дұрыс? Дастарханда қандай тағамдар тұруға тиіс? 

 

–  «Ас – адамның арқауы», «Ас тұрған жерден ауру тұрмайды» деген атам қазақ қашан да дұрыс әрі уақытылы тамақтануды және асыл дініміз рұқсат еткен адал өнімдерді ғана қолдануды өмірлік дағдысына айналдырып, ұрпағына ұлағат еткен. Сондықтан біз де ата жолдан танбай, денсаулығымызға зияны аз, күмәнді қоспаларсыз, пайдалы азық-түлік пен тағам түрлерін тұтынғанымыз абзал. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Біз қарнымыз ашқанша тағам жемейтін, тамақтанғанда қатты тойып жемейтін халықпыз» – деген.

Сондықтан ораза кезінде сәресін ішкенде, ауызды ашқанда қатты тойып тамақтанбаған абзал. Біздің кейбір бауырларымыз кешке дейін қарным ашып қалмасын деп сәресіде артық жеп, ауыз ашқанда қомағайланып жатады. Соның кесірінен асқазанның жұмыс жүйесі бұзылады. Тіпті болашақта асқазаны мүлдем ораза ұстауға жарамай қалуы да мүмкін. Сондай-ақ, әрине, күнделікті дастарханымызда Алла Тағала тыйым салған тағамдардың тұрмауын қадағалап, Алланың біз үшін адал еткен нығметтерін игілігімізге жарата білсек деймін.  

 

–   Ауыз бекіткен кісілерге ауызашар беру дәстүрі бар. Яғни, ауызашар жасау Рамазан айының айнымас бір бөлігі. Биыл ауызашар өткізбеген дұрыс па? 

 

–  Әрине, қазақ болғасын сағындырып жеткен қасиетті Рамазан айы келгенде бір-бірімізді қонаққа шақырып, ауызашыр беруге асығып тұрамыз. Асыл дінімізде де Алланың разылығы мен сауабын үміт етіп ораза тұтқан адамға ауызашар беру үлкен сауапты іс болып саналады. Тіпті Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның сауабындай сауапқа ие болады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деп ауызашар беруге ынталандырған. Бірақ, биыл әлем халықтарын үрейге салған жұқпалы дерттің күн санап асқынуы салдарынан біздің елімізде де төтенше жағдай орнағаны белгілі. Осыған орай, елімізде уақытша жиын-тойлар өткізуге, ас беруге, адамдардың шоғырлануына, тіпті мешіттерде жамағат болып құлшылық етуге уақытша тыйым салынды. Әрине, бұл азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен жұқпалы індетті ауыздықтау үшін жасалған дұрыс шешім деп білеміз.Осыдан бірнеше күн бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  жұқпалы індеттің таралуының алдын алу мақсатында тарауық намазы мешіттерде жамағатпен оқылмайтын және мешіттерде, дәмханаларда, қоғамдық орындарда, т.б. мекемелерде жиналып ауызашар беруге уақытша болмайтынын жеткізді. Сондықтан қасиетті Рамазан айында ораза тұтқан бауырларымыз өз үйінде ауыз ашқаны дұрыс. 

 

– Рамазан айы карантин уақытында басталады. Осыған байланысты ораза ұстау кімдерге міндетке қойылмаған?

 

–  Жалпы дінімізде жолаушыға еліне жеткенше, науқасқа сырқатынан жазылғанша, жүкті немесе емізулі баласы бар әйелге босанып және баласын омыраудан ажыратқанша ораза ұстамау рұқсат етілген. Сол секілді карантин уақытында жұқпалы дертке шалдыққан адам да ораза тұтса әлсіреп, иммунитеті төмендеп, жұқпалы дерті асқыну қаупі байқалатын болса, оған да уақытша ауыз бекітпеуге болады. Бірақ олар кейіннен тұтпаған оразасының қазасын өтеуі тиіс. Балиғат жасына жетпеген балаларға ораза міндетті емес. Сонымен қатар жасы үлкен ораза ұстауға шамасы келмейтін денсаулығы нашар қарт кісілерге, созылмалы ауруға душар болған тұлғалар да оразаны ұстамауына рұқсат.Қандай жағдайда болса да, мұндай кісілер сенімді дәрігерге жүгініп, ораза ұстауға байланысты кеңес алғаны дұрыс. Сосын ғана оразаны ұстау немесе ұстамауға қатысты шешім қабылдаса жөн болады. Алайда олар оразаның ақысын өтеуі үшін 30 күн бойы бір міскінді тамақтаныруы немесе сол көлемдегі ақшасын беруі керек. Бұл өтемді «фидия» деп атайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы жылға кісінің бір күндік тағамының ең төменгі бағасын шығара отырып фидия мөлшерін 1700 теңге деп бекітті. Осыны отызға көбейтіп төлесе оразасының ақысы өтеледі. 

 

–   Ораза ұстаушыларға қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз?

 

–  Алла Тағала Құранның «Бақара» сүресінде: «Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын дәлел ретінде Құран түсіріле бастаған ай...» дегендей, бұл айда шынайы ниетпен күндіз ораза тұтып, түнді құлшылықпен, Құран оқумен өткізуіміз керек. Ораза деген үлкен сабыр мен тағылым мектебі. Осы бір айлық мүмкіндікті пайдаланып, адам баласы өзінің бойын тіктеп, жан-дүниесін сабыр, жұмсақтық, имандылық, қайырымдылық, ізгілік сынды жақсы қасиеттерге баулығаны жөн. Сонымен қатар, еліміздегі барша ораза ұстаушыларды ел басына келген сынақтан аман-есен өтуді, ел іргесінің бүтіндігі мен жұртымыздың тыныштығын Жаратушыдан тілеп, дұға етуге шақырамыз.

 

–  Ауыз бекіткен адам неден өзін ұзақ ұстап, не нәрсеге жақын болғаны дұрыс?

 

– Ауыз бекіткен адам сауапты амалдарға, жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгі ортаға жақын болғаны дұрыс. Сондай-ақ, ауыз бекіткен адам дінімізде жек көрілген, ұнамсыз, күнәлі сөздер мен істерден, ғайбат пен жаман ойлардан, оразаны бұзатын амалдар мен ораза тұтышыны әлсірететін әрекеттерден бойын аулақ салғаны дұрыс. Себебі, мұндай жаман істер ұстаған оразаның сауабын кемітіп, адамды тек аштық пен шөлге қалдыруы мүмкін. Алла Тағала алдағы Рамазан айын елімізге, жерімізге және әрбір отбасыға берекелі қылсын. Ораза ұстаған жанның амал-ниеті қабыл болсын!

 

Сұхбаттасқан: Анар ДӘУКЕН

Предыдущий Следующий
Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар Е.ШОҚАЙ: «Бізді сабыр, мейірім және ғибадат құтқарады...»

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам Ғылымбек Мәжиев: «Жaқcы имaм – мұcылмaн үмме­тiнiң ұcтaзы»
Хaлқымыздың caн ғacырдaн берi рухaни құндылығы caнaлып келген Иcлaм дiнiн нacихaттaудa имaмдaрдың еңбегi oрacaн. Ocы oрaйдa, Қaзaқcтaн Мұcылмaндaры дiни бacқaрмacының Aппaрaт бacшыcы, PhD дoктoрaнт Ғылымбек Жәдiгерұлы Мәжиевпен cұхбaттacқaн едiк.  ...
Қоғам Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.
Қоғам COVID-19: шыққан пәтуаларға шолу
Әлемді шарпыған коронавирусты пандемия деп жариялап, дабыл қаққан соң бірқатар мұсылман елінде жамағат намаздарына қатысты арнайы пәтуалар шықты. Аталған індет кісі көп шоғырланатын орындарда тез тарайтыны ескеріліп, жұма және бес уақыт намазды мешітте жамағатпен оқу уақытша тоқтатылды....
Ислам күнтізбесі Бас имам алматылықтарды наурыз мерекесімен құттықтады
Құрметті алматылықтар, қадірлі бауырлар! Баршаңызды еліміз бен мұқым түркі жұртының сан ғасырлар бойы тойлатып келген, тоңның жібіп, жердің бусанып, күзде кеткен жыл құсымен жадыраған көктемде қайта оралған, күн мен түннің теңеліп, адамдар мен төрт түліктің қыстан аман шыққанына Тәңір Тағалаға шүкір...
Қоғам ӘЗ-НАУРЫЗ – діни емес, ұлттық мереке
Тәуелсіздік алған күннен бастап еліміздің рухани құндылығы, салт-дәстүрі, діні мен тілі қайта жаңғыру мүмкіндігіне ие болды. Соның ішінде жыл басы, күн мен түннің теңелген күні, жаңару мен жасарудың, береке-бірліктің мейрамы, мұсылман қазақ ұлтының рухани құндылыққа толы қастерлі мерекесі – әз-Науры...
Қоғам Қалмахан ЕРЖАН: «Діни фанатизмге жол бере алмаймыз»
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі 1993 жылы 16 маусымда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың қатысуымен өткен. Іргетасы қаланған оқу орны алғашқы студенттерді 2001 жылы 1 қыркүйекте қабылдап, дә...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Джумада-авваль 1446
Миләди
27 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:43

Бамдатқа дейін 04:31

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi