НАМАЗ – КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

НАМАЗ – КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ

| A | +

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Мүміндер сөзсіз мұратына жетті. Олар – намазда шын пейілімен мойынсұнып, барынша кішіпейілділік танытатындар» («Муминун» сүресі, 1-2 аяттар) деп намаздағы мұсылманның бейнесін баян етсе, ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Намаз – көзімнің қарашығы» (Ахмед, Насаи, Байһақи) деген болатын. Бұқар жыраудың «Бесінші тілек тілеңіз, Бес уақытта бес намаз, Біреуі қаза қалмасқа» деген жыр жолдарынан ата-бабамыздың намазына қаншалықты берік болғанын байқаймыз.

Намаз – жеті қат көкте парыз етілген құлшылық. Намаз сөзі дұға, тілек деген мағынаны білдіреді. Бұл – бес рет Жаратушымен қауышу мүмкіндігі, тәулігіне бес рет көмек сұрау, жәрдем тілеу. Намаз көп уақытты немесе күш-қайрат пен қаражатты қажет етпейді. Ең бастысы – ниет пен ықылас қана. Бес минутта жасалатын бұл құлшылық – барлық ғибадаттың әмбебап жиынтығы.

Әдетте «Неге намаз оқымайсыз?» деген сауалға «бала-шағаны бағу қажет», «жұмыстан қол тимейді» деген секілді сияқты сылтаулар айтылады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық етуден басқа нәрсе үшін жаратпадым» («Зарият» сүресі, 56-аят) деп адамның жердегі жалғыз мақсаты – құлшылық жасау екені айтқан болатын. Ал ризық-несібеге Алла кепіл. Адамның әрекеті – себеп, ризық – Алланың құзырында. Бұл – өте маңызды жайт. Хақтың хикметі, несібесі қайдан келетінінен адам хабарсыз. Бірақ ризық адамның қайда жүргенін біледі. Дер кезінде есігін қағады. Алла Тағала Құранда: «Әрі аспанда сендердің ризықтарың және сендерге уәде етілген бар. Аспан мен жердің Раббысымен ант етемін, бұл – сендердің сөйлеулерің сияқты ақиқат» («Зарият» сүресі, 22-23 аяттар) деп баяндауда. Хасан Басри: «Ақырет қамын жасап дүние өзі келгеніне көп куә болдық. Бірақ дүниені іздеп ақырет игілігі келгенін көргеніміз жоқ», – деген екен. Міне, сондықтан Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер адам баласы несібеден өлімнен қашқандай қашса, несібе ажал сияқты адамды тауып алар еді» (Жамиғ Сахих) дейді. Құранда уәде етілгендей, әр адамның ризық-несібесіне Жаратушы кепіл. Бұл ақиқатты түсіне білген адамның жаны тыныштық табады. Әбу Сулейман: «Кімде-кім ризықты Алла береді деген сенімі берік болса, мінез-құлығы жақсара түседі, жұмсақтығы артады, жаны жомарт болып, намазында уәсуәса азаяды», – деген екен.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Үй-ішіңді намазға бұйыр әрі өзің де оған сабырлы бол. Біз сенен ризық сұрамаймыз. Саған ризықты Біз береміз» («Таһа» сүресі, 132-аят) деп әмір етеді. Суфиян Саури «Біз сенен ризық сұрамаймыз» дегенді «ризық іздеуді саған жүктемейміз» деп тәпсірлеген (Әнас бин Малик риуаяты). Халифа Омар (Алла одан разы болсын) әр аймақтағы әкім мен басшыларына тапсырма берген хатта: «Мен үшін сендердің ең маңызды шаруаларың – намаз. Кімде-кім намазға берік болса және намазы тұрақты болса, дінін сақтайды. Кімде-кім намазын зая етсе, одан басқа шаруаны оңай ғана зая ете бермек», – деген екен. Табиғин Юнус бин Абид (Алла одан разы болсын): «Адамның екі қасиеті түзу болса, одан басқа шаруасы толықтай оңалады, ол – намазы мен тілі» (Сияр ағләм нубәлә, 6/293) деген екен. Намазын дұрыс оқыған адамның барлық шаруасы жүйеге түседі. Себебі намаз – кез келген жабық есікті ашуға көмек беретін иләһи кілт. Бұл кілтке ешбір проблема қарсы тұра алмай, кері шегінеді. Намазына құнтты болған адамның өмірлік мақсаты мен құндылықтары дұрыс қалыптасады. Өміріне шынайы тыныштық, жан рақаты мен берекет кіреді...

Намаз тек жайнамазда жасалатын қимыл-әрекеттер емес. Намаздан тыс уақыттағы адамның жүріс-тұрысымен де тығыз байланысы бар. Құбылаға бет бұрып құлшылық еткен сияқты жүрек әр сәтте Алла Тағаланың әміріне бойұсынып тұруы тиіс. Дайлами хадис кітабында: «Алла Тағала пенденің амалын жүрегі денесімен бір болмайынша қабыл етпейді», – деген риуаят бар.

Табиғин, хадис ғалымы Сабит Баннани (Алла оған разы болсын): «Адам бойында барлық жақсы қасиет табылып, бірақ намазы мен оразасы болмаса, оны Алланың құлы деп атамаймын. Өйткені намаз бен ораза – пенденің еті мен қаны», – деген екен. Ғұлама тағы да: «Жер бетіндегі Аллаға қызмет – намаз. Намаздан артық құлшылық болса: «...Ол михрабта тік тұрып намаз оқып жатқан сәтте періштелер үн қатты» («Әли Имран» сүресі, 39-аят) деп айтпас еді», – деген.

 

 

«Мұнара» газеті, №4, 2022 жыл

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНІҢ КҮМБЕЗІН КІМ ОРНАТТЫ? ПРАНК ЖАСАУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір ӘЛЕМГЕ ШУАҚ ШАШҚАН КІТАП
«Расында, сендерге Алла тарапынан  нұр және ашық кітап келді. Сол арқылы Алла тағала Өзінің разылығына ілескендерді амандық жолдарына салады және Өз нұсқауымен оларды қараңғылықтан нұрға шығарады әрі тура жолға салады», — деп баяндаған....
Құран және тәпсір ҚҰРАН ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Құран адамзатты тура жолға бастаушы, һәм қараңғылықтан шығарушы, іші насихатқа толы әр бір әріпі сауап болған Алланың қасиетті сөзі. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Міне осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші» [1] деп Құранның адам баласы үшін құнды кітап екенің көрсетті....
Құран және тәпсір ҚҰРАН КӘРІМНІҢ ҚАДІР ҚАСИЕТІ
Алла Құран Кәрімде былай дейді: «Әй, адамдар! Жаратушыларыңнан сендерге насихат болған, жүректегі дертке дауа, мұсылмандарға тура жол және жарылқау болған (Құран) келді»[2.б,57] деген....
Құран және тәпсір АЛЛАНЫҢ ӨЗІ ДЕ РАС, СӨЗІ ДЕ РАС
 Алладан түскен қасиетті кітаптардың негізгі мағынасын қамтып, ең соңғысы болып түскені Құран Кәрім. Ол ішінде еш күмән мен күдік араласпаған Хақ болған Алланың сөзі. Алла Тағала: «Бұл Кітап – онда күмән жоқ, тақуалар үшін жолбасшы» (Бақара,1- 2 аяттар) және «оған (Құранға) өтірік алдынан да, артына...
Құран және тәпсір «Кәһф» сүресінің 10 құпиясы
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Кәһф» сүресін («Үңгір») неліктен әр жұма сайын оқуды насихаттады деп ойладыңыз ба?! «Үңгір» сүресінің құпиясы неде жатыр?
Құран және тәпсір Құранға құрмет – мұсылманға міндет
Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi