Құранға құрмет – мұсылманға міндет
Байғанин ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 20:06
Байғанин ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Байғанин ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:51 08:13 13:31 16:56 18:44 20:06
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шаабан 1446
Миләди
17 ақпан 2025

Мақалалар

Құранға құрмет – мұсылманға міндет

| A | +

Қасиетті Құран Кәрім – он төрт ғасырдан бері мұсылмандар үшін рухани бастама және шабыт көзі. Бұл – Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уахи ретінде түсіп, әлі күнге түпнұсқа күйінде сақталған бірден-бір кітап. Әрбір мұсылман үшін һәм жалпы мұсылман үмбеті үшін маңызды. 

Осы ретте Құранды оқудың, жаттаудың, ұстанудың, зерттеудің, оған деген үнемі сүйіспеншіліктің, оның аяттарының мағыналары мен құпияларына ой жүгіртудің артықшылығы біз ойлағаннан да көп екендігін айтқымыз келеді. 

Құран аяттары – Жаратушының сөзі, сондықтан Алла Тағала оларды адамдар тарапынан жасалуы мүмкін бұрмаланулардан қорғайды. Бұған дәлел ретінде Құрандағы: 

«Расында Құранды Біз қорғаушымыз»[1] аятын келтіруге болады. 

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Құран Кәрімді оқудың маңыздылығы жайлы көптеген хадистерінде айтып өткен. Сондай-ақ, «қоштасу құтпасында»: «Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы (Құран Кәрім) және менің сүннетім»[2] - деп, барша үмметіне аманат ретінде табыстаған. 

Осы аманатқа берік болған алдыңғы мұсылман буындарының әл-Китабтың қадір-қасиетіне терең бойлағанына күмәніміз жоқ. Олар Құран Кәрімге құрметпен, жауапкершілікпен қарап, ондағы жазылған аяттарға сай өмір сүргендіктен бақытты ғұмыр кешті, өшпейтін із қалдырды. Олар өздерінің имандылығын, адами қасиетін Құран нұрымен, пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетімен безендірді. Олардың күні қасиетті аяттармен басталып, соларды оқумен аяқталды. 

Омар (р.а.) және Осман (р.а.) таңертең тұрып, дәрет алып болғаннан кейін, қолдарына ең бірінші Құран кітабын алатын болған. Османның (р.а.) Құранды көп оқығаны соншалық, кейбір деректерге сүйенсек, Құранның екі қолжазба көшірмесі ескіріп қалған. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) болса күнде таңертең қолына Құран алып, сүйіп: «Бұл – менің Раббымның өсиеті, Оның анық жарлығы»,- деп айтқан. 

Кейінгі тарихта да «әл-Фурқанға» құрмет танытып, кейінгі ұрпаққа үлгі болған адамдар аз болған жоқ. Соның бірі – Осман мемлекетінің негізін қалаушы, тақуа Осман Ғази. Бірде ол әйгілі шейх Әдәбәлидің үйінде қонуға қалып, өзіне берілген бөлменің қабырғасында арнайы жақтауда Құранның тұрғанын байқайды. Құран тұрған кезде менің жатқаным құрметсіздік болар деген оймен түнді отырып, кейбір деректер бойынша тік тұрып өткізген екен. 

Осман Ғазидың бойындағы Құранға деген құрмет пен махаббаттың күшті болғаны соншалық, оның әр іс-әрекетінен көрініп, өз ұлына келесідей өсиет қалдырған: 

«Ұлым! Құранның заңдарынан алыстама. Әділ билік құр. Аш адамдарды тамақтандыр. Исламға қызмет ететіндерге қызмет ет ...». 

Мұндай ғибратты оқиғалар жетерлік және ол – сахабалардың, әулие-әмбиелердің, ғұламалардың Құранмен әрекет етуінің арқасында өз өмірлерін кемелдендіре түскендігінің айқын дәлелі. 

Ал біз Құранға қалай қараймыз? Мұқабасын безендіріп, үйіміздегі биік орынға қою арқылы жүрегіміздегі ең маңызды орынға қоямыз ба? Немесе оны Рамазан айында ғана қолымызға алып, келесі жылға дейін ашпаймыз ба? Құранды қатесіз, тәжуид ережелеріне сай оқи аламыз ба? Оны оқып қана қоймай, түсінуге тырысамыз ба? Осы сұрақтарға берілген жауаптар біздің Алланың кітабына деген қарым-қатынасымызды анықтайды. 

Құраннан алыстау адамның рухани өміріне әсер етеді. Бұған жол бермеу үшін адамның өзі, оның жанұясы, қоршаған ортасы Құран мәдениетімен өмір сүруі тиіс. Себебі Құран – адам өмірінің барлық саласына арналған нұсқаулық. Құрандағы пайғамбарлар қиссаларының өзі бізге өнеге болу үшін келтірілген. 

Құранға деген махаббатты ояту үшін не істемек керек? Ең алдымен оған құрмет көрсетуіміз керек:

  1. Құранды тек дәретпен ұстау;
  2. Құранды өзге кітаптартан жоғары және таза жерге қою;
  3. Құранды Алла разылығы үшін оқу және т.б.

 

Осы әдептерді қалыптастыру арқылы, Алланың қалауымен бойымызда Құранға деген махаббат көрініс табады. Оның, яғни, Құранға деген махаббаттың белгілері: 

  • Құранды жиі оқу;
  • Құран аяттары жөнінде ойлану;
  • Мінезімізді Құран үйреткен мінезбен сәйкестендіру;
  • Құран аяттарын оқып, естігенде жүректің ләззатқа бөленуі[3]

Қорыта келе, Құранға деген махаббат – біздің жан-дүниеміздегі шөлді көркейтетін жаңбыр іспеттес. Сеніміміз бен тағдырымыздың қажеттілігі – Алла кітабын түсіну, үйрену және басқаларға үйрету. Ата-ананың балаларына бере алатын ең үлкен мұрасы – олардың өмірін Құранмен безендіру арқылы бойында адамгершілікті қалыптастыру. 

Алла баршамыздың жанымызды Құран нұрымен толтырып, әл-Китабқа деген сүйіспеншілігімізді арттырсын! Әмин! 

 

Ислам қари МАРАТҰЛЫ,

Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария»

 мешітінің наиб имамы

 

[1] «Хижр» сүресі, 9-аят

[2] (Әбу һурайрадан Сахихул Жәмиғ риуаят еткен) 

[3] «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Мұхаррам – мұсылман жыл санауының алғашқы айы Құрбандық қиссасының ғибраты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір ОЗЫҚ ТӘПСІР
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Еңсеру» атты кітабында бүгінгі өркениеттегі ислам қоғамдастығы тап болған қиындықтар туралы айта келе: «Құран – түсінуге әрі ұғынуға жеңіл қарапайым кітап емес, тіпті де: оны түйсіну үшін ең кем дегенде көне араб тілін өте жетік білу қажет» деп жазады....
Құран және тәпсір Құранның құдіреті
Арабтың сары бел құмға көмкерілген сайын даласында тіршілік нәрі жоқтай көрінеді. Шіркін-ай дейсің, бір қылтанақ көк өскін шөп табу қиын бұл өлкеге Жаратушының мейір-шапағаты қалай молынан түсті екен? Шынында таңқалатын, тамсанатын да көріністер ғой бұл. Құдірет деген сол шығар, барша адамзатқа ұлық...
Құран және тәпсір Еркінбек ШОҚАЙ: АБАЙ және ҚҰРАН
Ұлы Абайды әлемге танытқан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының бірінші сөйлемі «Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды» деген жолмен басталады. Яғни көркем шығарманың «әл-қиссасы» Абайдың үш жылдық медресе оқуын ойдағыдай тамамдап, екі ағасымен елге оралған кезін суретте...
Құран және тәпсір 135 жыл бұрынғы Құранның алғашқы аудиоазбасы (ВИДЕО)
Бұл өзгеше аудиожазбаның және қасиетті Мекке шаһарының авторы - Христиан Снук Гюрхронье есімді нидерландтық ориенталист әрі саяхатшы. 1884 жылы ол ғылыми сапармен Мекке және Жидда қалаларында бір жыл бойы тұрды. Осы саяхаты туралы «Мекке» деп аталатын өзінің еңбегінде жазып кеткен еді....
Құран және тәпсір Құрандағы КҮН мен АЙ мұғжизасы
Құранда ай сөзі (شهر – шәһр, месяц) 12 жерде келеді: (2:185; 2:185; 2:194; 2:194; 2:217; 5:2; 5:97; 9:36; 34:12; 34:12; 46:15; 97:3). Бұл бір жылда 12 ай (месяц) бар дегенді білдіреді.
Құран және тәпсір ТҰР тауының ғарыштан түсірілген кескіні – «АЛЛАҺ» жазуына ұқсайды
Мысыр археологтар ұйымының мүшесі, жазушы һәм тарихшы ғалым Ғимад Мәһди ғарыштық спутник арқылы Синай түбегін суретке алу барысында мұғжизалы ұлы жаңалық ашады. Ол Солтүстік Синай түбегінен Мұса пайғамбар мен Қызырдың жолыққан жерін іздеу үстінде, Синайдағы Тұр тауының түзілуіне зер салып, оның ғары...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
16 Шаабан 1446
Миләди
17 ақпан 2025
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 20:06

Бамдатқа дейін 05:13

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi