Парақорлықтың шариғи үкімі қандай?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 16:00

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:23 05:39 11:47 16:00 17:49 19:04
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Раби-авваль 1446
Миләди
24 қыркүйек 2024

Мақалалар

Парақорлықтың шариғи үкімі қандай?

| A | +

Пара – өзінің бас пайдасы үшін немесе қалағанына қол жеткізу мақсатында және ақиқатты жалғанға, бұрысты дұрысқа шығару үшін лауазымды тұлғаға, яки басқа бір адамға берілетін ақша немесе қымбат зат.  

Мұсылман құқығында пара берушіні «рәши», алушыны «муртәши», дәнекер болушыны «рәйш» деп атайды. Шынтуайтында, бұл үшеуі де парақорлық күнәсын арқалайды.

Шариғатымыз пара алуға және пара беруге қатаң тыйым салады. Алла Тағала Құранда: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра ел-жұрттың мал-дүниесінің бір бөлігін күнәлі жолдармен жеу үшін (пара ретінде) басшыларға беруші болмаңдар!» ­– деп бұйырады. Келесі аятта: «Олар – өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер» («Мәйда» сүресі, 42-аят), – деген. Осы аяттағы «сухт» сөзін имам Хасан және Саид ибн Жубайр сынды ғалымдар пара деп тәпсірлеген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сухт жолымен пайда тапқан адамның жәннатқа кірмейтінін айтқан кезде қасындағылар: «Уа, Алланың елшісі, сухт деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үкім шығару үшін пара алу» (Ибн Жарир) деп жауап берген. Сәубаннан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта: «Алла елшісі пара беруші мен пара алушыны және дәнекерлік еткенді лағынеттеді», – деген (Имам Ахмад). Яғни пара алушы мен пара беруші арасында дәнекерлік жасаушы да ауыр күнә істеген болады.

Ислам ғұламалары пара алудың харам екенін бірауыздан мақұлдаған. Тіпті алдын ала шарт етіп берген сыйлық та пара болып есептеледі.

Парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет. Пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.   

Пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру міндет. Егер алынған зат табылмаса, сол заттың құнына тең басқа зат қайтарылады. Пара берген адам дүниеден өткен болса, ол зат оның мұрагерлеріне қайтарылады. Осылайша пара алушы бұл дүниедегі жазадан құтылады. Ал ақыреттік жазасынан құтылуы үшін Аллаға шынайы тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Егер мүліктің иесін табу мүмкін болмаса, ол мүлік мұқтаж жандарға үлестіріліп беріледі (Али Хайдар. Дурару әл-Хуккам шарх мәжаллати әл-ахкам, «Дару алам әл-кутуб», 2003 ж., 4/592).

Үкім:

  1. Пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Парақорлық жолмен табылған табыс та харам болып саналады.
  2. Пара алумен жиған дүние иесіне қайтарылады. Мүліктің (параның) иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылады.
ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Құрбан шалудың мән-мағынасы неде? Рия кейбір күнәдан қауіпті

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Тендерге қатысуға бола ма?
Тендер (байғул-мүзаяда) – қызметтерді ұсынуға, жұмыстарды орындауға немесе тауарларды жеткізуге үміткерлерді конкурс түрінде іріктеу. Тапсырыс беруші белгілі бір шарттар қояды, ал қатысушылар сол талаптарға сәйкес ұсыныстар жасайды. Тендерге заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. ...
Сұрақ-жауап ЙОГАМЕН ШҰҒЫЛДАНҒАН ДҰРЫС ПА?
Йога – психологиялық, рухани және физикалық практикаларды қамтитын, ежелгі Үндістанда пайда болған ұғым. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру....
Сұрақ-жауап Авторлық құқық жайлы шариғат не дейді?
Ислам дінінде әркім өз еңбегінің жемісін көруге құқылы. Жазушы жазған кітабының, өнертапқыш ойлап тапқан туындысының иесі атануы тиіс. Бұл олардың мүлкі болып есептеледі. Сондықтан ешкімге оны көшіруге, басып шығаруға және сатуға рұқсат берілмейді....
Сұрақ-жауап Төлем карталарын қолдануға рұқсат па?
Банк картасы – эмитенттің (айналысқа ақша, бағалы қағаз, есептесу-төлем төлеу құжаттарын шығарушы мемлекет, мекеме, ұйым) жеке және заңды тұлғаларға тауарлар мен қызметтердің ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге, қарыз алуға, сондай-ақ электронды терминал арқылы қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін де...
Сұрақ-жауап Екпе егуге бола ма?
Вакциналау – белгілі бір жұқпалы аурудың алдын алу үшін қолданылатын әдіс. Ол адам организміне арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы жүзеге асады. Вакциналау арқылы көптеген сырқаттардан сақтануға болады....
Сұрақ-жауап Пітір садақа ақшалай беріле ме?
Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар).
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Раби-авваль 1446
Миләди
24 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 16:00

Ақшамға дейін 01:27

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi