Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #33
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:28 05:43 11:46 15:54 17:41 18:57
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #33

| A | +

ОТЫЗ ҮШІНШІ СӨЗ

Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.

Екінші – ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады.

Үшінші – «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.

Төртінші – тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?

Абай Құнанбайұлы.

ОТЫЗ ҮШІНШІ ӨЛЕҢ

Нәсібі өнерлінің мол болады,

Малына сенген пенде қор болады.

Еңбегін алдау қоспай адал сатса,

Адамның әулиесі сол болады.

Өмірде өнерлінің аты қалар,

Ғалымның ғибратты хаты қалар.

Мақтанып қолындағы аз-мұзына,

Әуелі талап қылмай жатып алар.

Бар кезде кісі жалдап қағынады,

Жоқ болса жұрттан сұрап жалынады.

Бір-екі қара тапса кісімсініп,

Еріншек, кербездікке салынады.

Баяғы сол күндестік баптағаны,

Айырар деңгейі жоқ ақ, қараны.

Біреудің жағдай айтып жалынғанын,

Өзінше ұлық көріп мақтанады.

Қағылып жақсылардың сарқытынан,

Бас тартар Алла берген бақытынан.

Алданып шайтан-тамыр достығына,

Айрылар еңбек қылар уақытынан.

Келсе де көңілімнің толғағы кеш,

Таппадым бұл ойымның толғамын еш.

Алдағыш бола тұрып бұл қазақтың,

Біреуге өзі алдатқыш болмағы нес?!

Әлібек Шегебай.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
С. Еншібайұлы: Бұл өмір – сынақ алаңы #7 Қонақтық әдебі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #32
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #31
Уайымсыз салғырттық пен күлкішілдік, Қайғыру, құмарлану бұл бір сұмдық. Білгенге бұл төртеуі күллі ақыл мен Ғылымды тоздыратын қу тіршілік!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #30
Әлі сол мадақ, мақтау, ұры-қары, Бұл да бір қасиеттің құрығаны. «Ұялмас бетке талмас жақ берген» соң, Былжырақ көп арсыздың бірі дағы!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #29
Кең сөйлеп шешендікке бапталғанмен, Әйтсе де орынымен мақтанған жөн. Осындай білместікпен айтып қалған, Сөздерден мейілінше сақ болған жөн!

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28
Тұрғанда шытынамай шынайы егес, Айтайын мен сіздерге былай кеңес. Байлықты, кедейлікті жаратқанмен, Бай қылған, кедей қылған, Құдай емес..!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:46

Екінтіге дейін 00:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi